Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілігі туралы ғылым. Ол



Pdf көрінісі
бет23/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,74 Mb.
#51417
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66
Байланысты:
Жануарлар патологиясы Кітап-1

Гистмаминнің аллергия механизміне қатысуында тегіс бұлшық еттің түйілуі 
(бронхиол, жатыр, ішек) байқалып, қан капиллярларының өткізгіштігі артады, соның 
әсерінен ісіну, есекжем т. б. пайда болады. Гистамин адамдардағы қышыма, есекжем, 
қысқа уақыттық гипотензия секілді аллергиялық реакция механизміне қатысады. Сонымен 
қоса, гистамин борпылдақ дәнекер ткань талшығының гидрофильділігін арттырып, 
тканьдердегі суды байланыстыруға және Квинка ісігі секілді тұтастай ісіктің пайда 
болуына ықпал етеді. 
Брадикинин 
полипептид, протеолиттік 
ферменттердің ықпалымен 
альфа-
глобулиннен пайда болады. Анафилактикалық естен тану кезінде аллерген-антитело 
комплексінің каллидин, калликреин секілді клетка протеазаларына ықпал етуі 
нәтижесінде протеолиттік ферменттер активтеледі. Брадикинин адам мен малдың 
анафилактикалық талықсу патогенезіне қатысады; қан капиллярларын кеңітеді, олардың 
өткізгіштігін арттырады, артериол тону н сын кемітіп, гипотензия тудырады. 
Серотининин -  (5 – окситрипталин) – барлық тканьдерде кездеседі. Теңіз шошқасында, 
мысықта және егеуқұйрықта бронхоспазм тудырады, тұмсығы, аналық безі, табаны 
ісінеді. Адамның аллергиялық реакциясында серотининнің елеулі мәні болмайды. 
Гепарин – қышқыл мукополисахарид, жуан клеткалардың түйіршігінде көптеп 
кездеседі. Иттің анафилактикалық және пептондық талықсуы кезінде, сондай-ақ қанға 
гистаминді босатуға ықпал ететін затты құйғанда гепариннің жуан клеткалардан қанға 
келуі байқалады. Мұндайда итте қанның ұюы баяулайды. Гепариннің адамның 
аллергиялық реакциясына қатысуы аз зерттелген.
Ацетилхолин – ткань белоктарында бос және байланысқан қалпында барлық 
органдарда кездеседі. Ол холинергиялық реакция қалыпты физиологиялық процестерге 
қатысатын (жүрек, ішек т. б.) органдар мен тканьдерде аллергиялық реакция механизміне 
қатысады. Сенсибилизация процесінде тканьдер мен қанда холинэстеразаның активтілігі 
өзгереді, аллергенді рұқсат етілетін дозада енгізгенде тканьдерден ацителхолиннің босауы 
күшейе түседі. 


68 
Патофизиологиялық өзгеріс сатысы. Аллергиялық реакцияның патофизиологиялық 
сатысы дегеніміз сенсибилизацияланған организмге ерекше аллергенді енгізгенннен кейін 
иммундық 
және 
патохимиялық 
процестерде 
болатын 
ақырғы 
көріністер. 
Ол 
аллергендермен зақымдаған клеткалардың, тканьдердің, органдардың және тұтастай 
организмнің реакцияларынан тұрады. (7-сурет). 
Жекелеген клеткалардың аллергиялық зақымдануы қан эроциттерін, тромбоциттерін, 
лейкоциттерін, дәнекер ткань клеткаларын – гистиоциттерді, жуан клеткаларды т. б. 
зерттеу арқылы жақсы таныс. Зақымдану нерв және тегіс бұлшық ет клеткаларында да, 
жүрек бұлшық етіне де таралады.Тканьдер мен органдардың аллергиялық зақымдануы, 
біріншіден, осы тканьдерді құрайтын клетканың зақымдануы, екіншіден, осы 
органдардың нервтік және гуморальдық функциясының реттелуі бұзылудан болады. 
аллергиялық реакцияның патологиялық, физиологиялықжалпы көрінісі – тұтастай 
организм реакциясы, нендей бір аллергиялық аурулар мен аллергиялық синдромдар. 
Сонымен, аллергия механизмі дегеніміз мына төмендегілер. 
Аллергияның басты мәні антигенді қайталап енгізгенде оның өте жоғары бекуі. 
Көптеген зерттеушілердің 
пікірінше, аллергенді қайталап 
енгізгенде 
организм 
тканьдерінің бекіткіш қабілеті артады. Бұл процесс, біріншіден, организмнің ішкі 
ортасына микробтардың, уыттардың және басқа да тітіркендіргіштердің енуіне бөгет 
жасайды; екіншіден, жекелеген тканьдерді зақымдап, қабынудың пайда болуына ықпал 
етеді. 
Аллергиялық реакцияның дамуына клеткалардан биологиялық активті заттардың 
(гистамин, серотонин, брадикинин, гепарин, ацетилхолин т. б.) босауының ерекше мән 
бар. Аллергиялық реакцияның дамуында және байқалуында аллергендердің рефлекторлық 
доғаның әр түрлі буындарына әсер етуі ерекше маңызды, соның әсерінен нервтік-
рефлекторлық процестер өзгеріске ұшырайды. Аллергиялық реакцияларға эндокриндік 
жүйе де (гипофиз, бүйрек үстіндегі безі, итқалқанша безі т. б.) қатысады. 
Иммунобиологиялық реакцияны зерттеу нәтижесінде иммунитет пен аллергия 
арасында байланыс бар екендігі, ал мұның өзі антигеннің немесе аллергеннің организмге 
түсуінің өзіндік реакциясы екендігі анықталады.
Лездік типтегі аллергиялық реакция. А н а ф и л а к с и я (қорғансыздық, грекше 
ana – кері, қарама-қарсы әсер және phylaxis – қорғану, өзін-өзі қррғау – туынды жоғары 
сезімталдықтың нендей бір тегі бөлек белок (анафилактоген) әсеріне күйі. 
Анафилаксияны тұңғыш рет иттен француз ғалымы Ришье және Портье (1902), ал теңіз 
шошқасынан Г. П. Сахаров (1905) байқады. Тегі бөлек белокты енгізгенннен кейін пайда 
болатын реакцияны А. М.Бездердко анафилактикалық талықсу деп атады (1912). 
Анафилаксия теңіз шошқасында, қоянда, итте өте анық, ұсақ лабораториялық жәндіктерде 
(егеуқұйрық, тышқан) және салқын қанды жануарларда шамалы білінеді. 
Анафилаксияның даму кезегімен келетін үш процестен тұрады: а) сенсибилизация 
(әзірлік), б) анафилактикалық талықсу (шешілу) және в) десенсибилизация. 
Сенсибилизация активті және пассивті болуы мүмкін.
А н а ф и л а к т и к а л ы қ т а л ы қ с у. Сенсибилизацияланған малға 
анафилактогенді 
парентералдық 
жолмен 
қайталап 
енгізгенде 
пайда 
болады. 
Анафилактогенді (тегі бөлек қан сарысуы) қанға сенсибилизациялайтын дозасын 10 есе 
асырып құяды. Оны құйғаннан кейін естен тану 1 – 2 минуттан кейін пайда болады. Әр 
түрлі жануарларда талықсу барысының өз ерекшілігі болады және оның өзі дербес 
реактивтілікке, жоғары нерв жүйесі бөлігінің функционалдық күйіне, ми қыртысына 
(наркоз, қысқы ұйқы) байланысты болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет