Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілігі туралы ғылым. Ол



Pdf көрінісі
бет28/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,74 Mb.
#51417
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66
Байланысты:
Жануарлар патологиясы Кітап-1

Жараның жазылуы тканьдер зақымданғаннан кейін басталатын патологиялық 
регенерацияның нағыз көрінісі. Зақымданған ішкі органдардың жазылуы дәнекер 
тканьдердің көбеюі арқылы өтіп, кейіннен ол тыртықтанып бітеді.Терінің жазылуы да 
дәнекер тканьдер арқылы өтіп, эпителийлер регенерацияланады. Жараның жазылуы 
бірінші және екінші жетілу деп бөлінеді. Жараның жазылу процесі организм 
реактивтілігіне және басқа да факторларға байланысты. 
Тканьдер мен органдардың трансплантациясы. Трансплантация – органды немесе 
тканьді бір жерден екінші жерге көшіріп отырғызу – қазіргі медицинаның басты 
назарында. 
М. А. Новинский – дүние жүзінде тұңғыш рет гомо және гетеротрансплантацияны 
жүзеге асырды. В. П. Филатов – көздің мүйіз қабығы мен тері сабағына, Н. П. Синицин – 
бақа жүрегіне, В. И. Демихов, А. Г. Лапчинский – ит жүрегіне гомотрансплантация жасау 
тәсілін тапты. 
В. И. Демихов – иттің басын, сондай-ақ денесінің алдыңғы және артқы бөлігін 
гомотрансплантациялау техникасын жасады. 
Кристиан Бернард (1967) тұңғыш рет Луис Вашканскийдің жүрегін ауыстырып салды 
(ол 18 күн өмір сүрді). Ф. Блайберг ауыстырып салынған жүрекпен 19 ай 15 күн өмір 
сүрді. Барлығы 200-ден астам адамның жүрегі салынды. 1987 жылы КСРО-да бір әйелге 
еркектің жүрегі ауыстырып салынды. әзірше ткань үйлеспеушілігін меңгерудің тиімді 
әдісі табылмай отырғандықтан, бұл жетістіктерді медицина практикасында жаппай 
қолдануға мүмкіндік болмай отыр. 
Трансплантация патологиялық процесс болып саналады, өйткені ауыстырып салынған 
ткань кез келген жағдайда, өз тіршілік ортасына қарағанда табиғи үйлесімді болмай 
шығады (Вирховтың гетеротерапиясы). 
Трансплантацияның үш түрі бар: ауто-, гомо-, және гетеротрансплантация. 
Трансплантация ойдағыдай болу үшін бірқатар жағдай қажет: 
1) донор мен реципиенттің (қабылдаушының) тканьдерінің биологиялық үйлесімдігі. 
Жақын туыстардың (бауыры, қарындасы) тканьдері тіршілік қабілетін жақсы сақтайды. 
2) Жас донордың ткані жас реципиентке жақсы трансплантацияланады. 


89 
3) Трансплантацияның ойдағыдай болуы ткань түріне де байланысты. Бұлшық ет 
тканьдеріне қарағанда дәнекер тканьдер тіршілік қабілетін анағұрлым жақсы сақтайды.
4) Трансплантант неғұрлым жаңа болса, соғұрлым өміршең болады, әрі тез үйлесіп 
кетеді. 
5) Мұның өзі ауыстырып салынатын орынға да байланысты. Жақсы нәтижеге жету 
үшін трансплантант табиғи жағдайға неғұрлым жақын болуы тиіс. 
Осыған орай дәрігерлердің алдында ткань үйлеспеушілігінің жолдарын жеңудің 
күрделі міндеті тұр. Ткань үйлеспеушілігін жеңудің арнайы және арнайы емес тәсілдері 
болады. Оның арнайы жолдары мыналар: 
1. иммунологиялық үйлесетін жұпты (туыстастарды) таңдау; 
2. реципиентте трансплантациялық иммунитетті қалыптастыру; 
3. донор мен реципиенттің қандарын әлденеше рет ауыстырып құю арқылы 
реципиентті донор антигеніне қалыптастыру. 
Арнайы емес жолдарына мыналар жатады: 
1. иммунодепрессорлар (антилимероцитарлық қан сарысуы және рентген сәулесімен 
сәулелендіру, иммунодепрессиялық антиметаболиттер-муран, 6-меркаптопурин, 5-
фторурацил) көмегімен иммунологиялық реактивтілікті жою; 
2. организмнің иммунологиялық төзімділігін арттыру. 
3. ІСІК ӨСКІНІ 
Ісік (грекше вlastoma) бластомалар, неплазмалар – жаңа өскіндер деп, тканьдердің 
патологиялық ұлғаюын айтады. Ол органоидтық құрылысымен, әдеттегі нормадан 
ауытқушылығымен (атипичность), біршама оқшаулануымен, химиялық құрамының, зат 
алмасуының және антигендік қасиеттерінің өзгешілігімен сипатталады. 
Ісік өскіні негізінен алғанда клетканың шексіз ұлғаюынан, организмдегі басқа 
тканьдердің өсуімен үйлеспеуімен, соның салдарынан маңайындағы тканьдердің семуімен 
немесе бүлінуге ұшырауымен сипатталады. Ісік клеткаларының организмдегі басқа 
клеткалардан өзгешілігі – жаңа, ерекше тұқым қуалайтын морфологиялық және 
функционалдық қасиетке ие болатындығында.
Үй және ауыл шаруашылық малдарынан ісікке жиірек шалдығатыны – ит, жылқы, 
ірі қара, мысық, шошқа, тауық, қой мен ешкі. 
Қалыпты тканьдерден ісіктің өзгешілігі өз клеткасының формасы мен көлемі, 
тканьдерінің құрылымы, химиялық құрамы, зат алмасуы бойынша ерекшеленеді, 
сондықтан мұны ткань атипиясы деп аталатын ұғымға біріктіреді. Ткань атипиясының 
дәрежесіне қарай ісікті қатерсіз және қатерлі деп бөледі. 
Ісік кез келген органдар мен тканьдердегі клеткаларда пайда болады. Кез келген 
фактордың ықпалынан (оның кейбіреулерінің табиғаты айқындалмаған) қалыпты 
клетканың қайтымсыз ісікке жұрнағы ретінде қарастырады. Ісіктің өсуі тез немесе баяу 
болуы мүмкін. Олардың кейбіреуі белгілі бір мөлшерге жетіп, өсуін баяулатады. Қатерлі 
ісік өте тез өседі, ондағы клеткалардың көбеюі мал өлген кезде тоқталады. 
Ісік өскінінің екі формасы бар: экспансиялық және инфильтрациялық. 
Экспансиялық өскінді ісік маңайындағы тканьдерді ығыстырады. Олардың аралық шегі, 
кейде капсуласы айқын көрінеді, сондықтан оны сылып тастау оңай. Экспансиялық өскін 
қатерсіз жетілген ісікке айналады. 
Клеткалардың инфильтрациялық өскінінде ісік ткань маңайындағы клеткалар 
аралығында ұлғайып, қан және лимфа тамырларының саңылауларына енеді де, қан мен 
лимфа арқылы организмнің көптеген учаскелеріне таралып, метастазға айналады, сөйтіп 
жүдетуге – кахексияға ұшыратады. Инфильтрациялық өскін қатерлі ісікке душар етеді. 


90 
Ісік клеткаларының іргелес тканьдерге ену механизмі әлі күнге толық анықталған 
жоқ. Бұған ісік клеткаларының амеба тәрізді қозғалысы ықпал етеді деген пікір бар. Ісік 
клеткалары гиалуронидазаны өндіретіні де белгілі,ол гиалурон қышқылын гидролиздейді. 
Ісіктің сырт көрінісі алуан түрлі. Олар дөңгелек, ұзынша, саңырауқұлақ тәріздес 
және ағаш тәріздес формада, ал беті тегіс, бұдырлы болуы мүмкін (12-сурет). 
Ісік түсі ісік тканьдерінің түріне және тамырлардың даму дәрежесіне байланысты. 
Ісік консистенциясы ісік клеткасының түріне, стромалардың (ісіктің дәнекер 
тканьді тірегі), тамырлардың, сондай-ақ екінші реттік дистрофиялық процестерге қарай 
өзгереді. 
Жаңа өскін өте кішкене болуы да (микроскоппен ғана байқалатын) тым үлкен 
болуы да (жәй көзбен көрінетін) мүмкін. Сиырдың аналық клеткасында салмағы бірнеше 
килограмға жететін ісік болғандығы туралы дерек бар. Кейде ісіктің диаметрі бірнеше 
сантиметрге және салмағы бірнеше килограмға дейін жетеді.
Көп жағдайда ісік бір органда түрінде (уницентрлік өскін) өседі, кейде ісік ошағы 
бірден бірнеше органдарда пайда болады (мультицентрлік өскін). 
Ісік атауларын белгілегенде ісік тканіне «ома» жалғауын жалғайды. Мәселен, 
талшықты дәнекер ткань ісігі фиброма, бұлшық еттікі – миома, майлы тканьдікі – липома, 
нерв тканьдері – неврома т. б. деп аталады. 
Ал, қатерлі ісіктер басқаша аталады. Мәселен, эпителий тканьдерінің қатерлі ісігі 
– рак (грекше carcinoma, латынша cancer), дәнекер тканьдерде – саркома (sarcoma). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет