141
Бұл қатынас константтық болып саналады және 1 : 20 болады, яғни бикарбонаттарға
қарағанда еріген көмір қышқылы мөлшері шамамен 20 еседей кем. Осы буфердің
қатысуымен қышқыл және сілті заттары бейтарапталады.
Қан плазмасына көмір қышқылынан гөрі едәуір күштірек қышқыл түссе, онда күшті
қышқылдың аниондары натрий биокарбонатының катиондарымен әрекеттесіп, натрий
тұзы түзіледі, ал көмір тегі иондары НСО аниондарымен қосылып, шамалы
диссоцияцияланған көмір қышқылы (НСО) түзеледі. Көмір қышқылы әлсіз, ол
диссоцияцияланғанда көмір тегі иондары өте аз пайда болады. Сонымен қоса,
эритроциттерде болатын карбоангидраза ферментінің, немесе көмір ангидразасының
әсерінен көмір қышқылы СО² және Н²О бөлінеді. Көмір қышқылды газ шыққан деммен
бөлінеді де, қан реакциясының өзгерісі болмайды.
Қанға негіздер келген жағдайда, ол көмір қышқылымен реакцияға түсіп,
бикарбонаттар және су түзеледі. Мұндайда қан реакциясы тағы да тұрақты болып қалады.
Сонымен, биокарбонаттық буферлі жүйенің маңызы ерекше, өйткені бұл жүйенің
қызметі көмір қышқыл газының өкпе арқылы шығуына байланысты болып, мұның өзі
қанның қалыпты реакциясын лезде қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.
2. Фосфаттық буфер – бірі ауысқан натрий фосфатының екеуі ауысқан натрий
фосфатына (Na H² PO) қатынасы. Бұл буфердің ткань реакциясының тұрақтылығын
сақтауда маңызы бар. Na H² PO шамалы диссоциацияланады, әрі әлсіз қышқыл ретінде
әрекет етеді, ал Na² HPO сілтілік қасиеті бар.
3. Белоктық буфер. Белоктардың, соның ішінде қан белогының буферлік қасиеті,
олардың амфотерлігіне (химиялық қосылыстардың жағдайға байланысты әрі қышқылдық,
әрі негіздік қасиетке ие болу қабілеті) негізделген:
Қышқыл ортада белоктар әлсіз сілті болып саналады және қышқылдарды бейтараптап,
қышқыл альбуминаттар түзеледі. Сілтілік ортада белоктар әлсіз қышқыл ретінде
реакцияға түседі де, мұндайда сілтілі альбуминаттар түзеледі. Әрқашанда әлсіз сілтілі
реакцияда болатын қан белоктары осылайша реакцияға түседі.
4. Гемоглобин
оксигемоглобин___
қышқыл-сілті тепе-теңдігін, соның
тотықсызданған гемоглобин
ішінде қандағы СО² мөлшерін реттеуде маңызы зор. Қандағы барлық буферлердің
шамамен 75 проценттейі гемоглобин болып саналады. Тотықсызданған күйінде ол әлсіз
қышқыл, сілтіленгенде – оның қышқылдық қасиеті күшейеді.
Организмнің қышқыл-сілті тепе-теңдігі сонымен қоса өкпе, бүйрек, бауыр, асқазан-
ішек жолдары, тер бездері т. б. функциясымен де сақталады.
Әр түрлі малдар қанының буферлік жүйесінің қуаты түрліше келеді. Жылқының 100
мл қан плазмасындағы көмір қышқыл газының сілтілік резерві 55 – 57 см, ірі қарада орта
есеппен 60, қойда – 56 см.
Алайда, организмнің буферлік жүйесі болғанымен және қан реакциясының
ауытқуынан жақсы қорғалғанымен, патология жағдайында қышқыл-сілті тепе-теңдігі
қышқыл жағына да (адицоз), сілті жағына да (алкалоз) ауытқуы мүмкін.
Ацидоз – қышқыл-сілті тепе-теңдігінің бұзылуың; қанда қышқылдың абсолюттік
немесе салыстырмалы көбеюімен және су тегі иондарының (рН кемиді) концентрациясы
артуымен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: