Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілігі туралы ғылым. Ол



Pdf көрінісі
бет52/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,74 Mb.
#51417
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   66
Байланысты:
Жануарлар патологиясы Кітап-1

Гипернатриемия. Бұл ауру алиментарлық гипернатриемиядан, организмде судың 
жеткіліксіздігінен, организмнен натрий мен хлордың шығуы кідіруден болады.
Гипернатриемия гиперосмияға, гиперхлоремияға, қарын сөлінде қышқылдың көбеюіне 
шалдықтырады. 
Бұл ауру гипертонияның пайда болуына әсер етуі мүмкін. Нерв клеткалары мен 
талшықтарында натрий мөлшері көбейген жағдайда натрий мен кальцийдің сорылу 
механизмі бұзылып, нерв импульсінің өтуі тежеледі. 
Гипонатриемия. Бұл ауру организмде судың тапшылығынан электролиттер кемігенде 
(терлеу, іш өту, құсу), бүйрек үстіндегі без жетімсіздігінен (Адиссон ауруы, бүйрек 


138 
үстіндегі без қыртысына қан құйылу), бүйрек жетімсіздігі кезінде натрийдің 
реабсорбциясы бұзылғанда пайда болады. 
Гипонатриемия гипоосмияға – қанда және клеткадан тыс сұйықта осмос қысымының 
кемуіне ұшыратады. Артерия қысымы кеміп, тахикардия пайда болады. Натрийдің 
жетімсіздігінен қанның сілтілік резерві жұтап, ацидозға шалдығады.
Гопохлоремия кезінде қарын сөлінің активтілігі кемігендіктен асқазан-ішек 
жолдарының функциясы бұзылады. 
К а л и й а л м а с у д ы ң б ұ з ы л у ы. Калий негізінен клетка ішіндегі катиондар 
болып саналады. Калий алмасу бұзылғанда гиперкалиемия және гипокалиемия түрінде 
байқалады. 
Гиперкалиемия. Бұл аурудың пайда болу себептері: азықпен калийдің көптеп келуінен, 
бүйрек үстіндегі без қыртысының жетімсіздігіне байланысты организмнен калийдің 
шығуы бұзылуынан (Адиссон ауруы), клетка аралығында және клеткадан тыс сұйықта 
калийдің қайтадан бөлуінен (жарақат, инфекция, талықсу кездерінде), сақтау мерзімі 10 
күннен асып кеткен қанды құюдан болады. Мұндайда калийдің біразы эритроциттерден 
плазмаға ауысуы мүмкін. 
Гиперкалиемия миокардтың жиырылу функциясын бұзады. Гиперкалиемияның өте 
жоғары сатысында жүрек тоқтап, мал өліп кетуі мүмкін. Сонымен қоса нерв-бұлшық ет 
қозуы артып, тетания (сіресу) пайда болады. 
Гипокалиемия. Бұл ауру азық арқылы калийдің жеткіліксіз келуінен, ас қорыту сөлі 
арқылы калийдің кемуінен (іш өту, құсық), несеп айдайтын дәрілерді қолданғанда 
калийдің кемуінен, бүйрек үстіндегі без қыртысының гиперфункциясынан пайда болады. 
Калий жетіспеген жағдайда нерв-бұлшық ет ұштарындағы, көлденең-жолақ бұлшық 
еттердегі және жүректегі қозу процестері бәсеңдейді. Нерв талшықтарының өткізгіштігі 
баяулайды. 
Калий алмасуы белок алмасуымен тығыз байланысты екендігі белгілі. Калий клетка 
ішіндегі катиондар болып саналатындықтан белок ыдыраған кезде организмнен күшті 
бөлінеді. Калий белок пен гликоген синтезіне қатысады. Сондықтан калий жетіспеген 
кезде белоктың синтезделуі тежеліп, оның ыдырауы күшейеді. Сөйтіп креатин диабеті 
пайда болады. Осының барлығы бұлшық ет әлсіздігіне, қалжырауға, жүрек ырғағының 
бұзылуына, ЭКГ-нің өзгеруіне ұшыратады. 
М и к р о э л е м е н т т е р а л м а с у ы н ы ң б ұ з ы л у ы. Тканьдерде шамалы 
мөлшерде ғана болатын минералдық заттарды микроэлементтер деп атайды. Олар малдың 
өсіп-жетілуіне, олардың өнімділігін, төлдегіштігін және әр түрлі ауруларға төзімділігін 
арттырады. 
Микроэлементтердің организмде жетімсіздігі де, тым артық болуы да зат алмасуға 
және малдың бүкіл тіршілік әрекетіне қолайсыз әсер етеді. 
Марганец бауырға жиналады (0,17%). Ол бірқатар ферменттерді (тиаминаз, аргиназ, 
дезоксирибонуклеаз т. б.) активтендіреді. Оның фосфорлану арқылы тотығуда, май 
қышқылдарын 
синтездеуде 
ерекше 
маңызы 
бар. 
Марганец 
гликоген 
мен 
мукополисахаридтердің негізін құраушыларды синтездеуге ықпал етеді, инсулинге күшті 
әсер етеді және адреналиннің көмір тегі алмасуына әсерін әлсіретеді, әрі сонымен қоса 
гликолиз бен үш карбонат қышқылының реакциясын тездете түседі.
Марганец жетіспегенде сүйек құралу бұзылады, құс жұмыртқасының беріктігі 
әлсірейді, қозғалыс бағдары бұзылады (атаксия), параличке шалдығады, ұрғашы малдың 
ұрықтануы кеміп, тіпті бедеу болып қалады. Еркек малдың ұрығы азғындайды. 
Марганецтің жетіспеуіне әсіресе құстар сезімтал келеді, олардың сүйегі мен қаанатының 
формасы өзгереді (перозис), инкубациялық кезеңнің соңында эмбрионның өлуі көбейе 
түседі.
Мыс мал мен өсімдіктердің барлық тканьдерінде, көбінесе бауырда (5 мг %-ке дейін) 
кездеседі. Мыс организмнен көбінесе өт арқылы шығады. Қанда мыс 0,1 мг % мөлшерінде 
кездеседі. Мыс ферменттер құрамында қан құрауға, оксиредукцияға қатысады. 


139 
Организмде мыс жетіспеген жағдайда қан аздық (анемия), сүйек тканьдерінің сиреуі 
(остеопороз), ал бұзау мен қозыда рахит секілді аурулар өршиді. Мыстың жетіспеушілігі 
мидың дамуына нұқсан келтіреді, ал ұрғашы малдар іш тастайды, қойдың жүн сапасы 
кемиді, (иректігі), пигменттердің пайда болуы бұзылады, соның салдарынан жүн мен шаш 
жидіп түседі. Мыс жетіспеушіліктен болатын мұндай құбылыс, организмде кобальт 
тапшы болғанда өрши түседі. 
Мырыш, мыс секілді, барлық тканьдерде кездеседі.
Мырыш карбоангидраза, карбоксиполипептидаза, лактодегидрогеназа және басқа да 
ферменттердің құрамына енеді. Ол жыныс гормондарын (фолликулин, тестостерон) және 
гипофиздің алдыңғы бөлігіндегі гормондарды (тиреотропты) қоздырады, қанның 
ұйығыштығын тоқтатады. 
Мырыш паракератоздан сақтандырады, оттегін тасымалдауды жүзеге асырады, қан 
клеткаларын құрауға және сүйектің кальцийленуіне ықпал етеді. 
Ол жетіспеген жағдайда азықтың желінгіштігі азаяды, малдың өсіп-жетілуі баяулайды, 
тері мен өңеште паракератоздар (кератиндер синтезінің бұзылуынан эпителийдің мүйізді 
қабығының қалыңдауы және жұмсаруы) пайда болады, белок, май синтездері бәсеңдейді, 
малдың төлдегіштігі кемиді, аталық млдың ұрық бөлуі тежеледі, сиыр сүтінің майлылығы 
кемиді. Мырыш сонымен қоса мал организміндегі барлық зат алмасуға (белоктар, 
углеводтар, липидтер және минералдық заттар) ықпал етеді. Мырыш жетіспеген жағдайда 
инсулиннің синтезделуі бұзылып, қантты диабет пайда болады.
Организмдегі артық мырыш асқазан-ішек жолдары арқылы өтпен шығады. 
Иод. Организм үшін йодтың маңызы туралы алғашқы хабарды 1851 жылы Шатэн 
жасады. Қазіргі кезде йодтың адам мен жануарлардың қажетті биоэлементі екендігі 
дәлелденген. 
Организмде йод азық пен су арқылы келеді. Организмнен несеп және ішінара қарын 
сөлі арқылы шығады. 
Организмде йод қалқанша безде сіңіріліп, онда ол тиреглобулинді сіңіру үшін 
пайдаланылады. Тироксин және басқа да йод туындысы тиронин құрамында қанға 
бөлінеді. Йодтың біраз бөлігі бауырға, аналық клеткаларға, теріге, шашқа жиналады. 
Организмде йод алмасуы тиреотропты гормонмен реттеледі. 
Йод тироксинді синтездеу үшін қажет, ал тироксин белоктарды синтездеуге және 
жіктеуге, энергия алмасуға, оның пайдаланылу тиімділігін арттыруға ықпал етеді. 
Йод жетіспегенде мал эндемиялық жемсауға шалдығады, өсіп-жетілуібаяулайды, 
өнімділігі, инфекцияға және жұқпайтын ауруларға төзімділігі кемиді, өсіп-өну функциясы 
бұзылады. Құста йод жетіспеген жағдайда жұмыртқа салуы азаяды, шошқа қызылшақа 
торай табады. 
Йод артық болған жағдайда гипертиреозға (қалқанша без функциясының артуы) 
шалдығады, тиісінше организмде зат алмасуы біршама бұзылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет