Белоктан ашығу. Белоктың жетіспеушілігі организмнің тіршілік әрекетіне қолайсыз
әсер етеді. Мал организміне белок азық арқылы үздіксіз келіп тұруы тиіс, өйткені
организмнің барлық тканьдерінде белок алмасуы үздіксіз болып тұрады. Мәселен,
бауырдағы, бүйректегі, қандағы белоктың жартысындайы әр 5 -7 күн сайын алмасып
отырады. Мал рационында белок жетіспеген жағдайда инфекцияға төзімділігі әлсірейді,
жалпы әлсіздік басталады. Алиментарлық дистрофия дамып, оның кахексия, анемия,
брадикардия, гипотония, ісіну, гипотермия т. б. көріністері байқалады.
147
Белоктық қоректің жетіспеушілігі сандық және сапалық болып бөлінеді. Әр түрлі
тканьдердің белогы өзіндік ерекшелігімен сипатталады. Клетка белогының ерекшелігі
химиялық ерекшелігімен, ондағы амин қышқылдық құрамымен айқындалады. Демек,
сапалық белоктан ашығу амин қышқылдарының құнарсыздығымен сипатталады. Амин
қышқылдары алмасатын және алмаспайтын болып бөлінеді.
Алмаспайтын амин қышқылдарына мыналар жатады: валин, лизин, триптофан,
лейцин, изолейцин, треонин, метионин, фенилаланин, жарым-жартылай алмасатындарға –
цистиен, тирозин, гистидин, аргинин жатады. Балапандар үшін, жоғарыда аталған амин
қышқылдарынан басқа, алмаспайтын амин қышқылына гликокол жатады. Алмаспайтын
амин қышқылдарының біреуі жетіспеген жағдайда, жалпы белок жетіспегендей әсер етеді.
Егер алмаспайтын амин қышқылдары жеткіліксіз мөлшерде енгізілсе, онда малдың
алмаспайтын қышқылдарды қажетсінуі күрт артады. Бұлай болатын себебі, алмаспайтын
амин қышқылдары бірқатар алмасатын амин қышқылдарының синтез көзі болып
саналады. Мәселен, метионин цистинді синтездеуге тікелей қатысады.
Углеводтан ашығу. Мал организмнің негізгі энергия көзі углеводтар болып саналады.
Мал организмінде азықтың қоректік заттарын тиімді пайдалану үшін белоктардың,
майлардың және углеводтардың белгілі бір ара қатынасы қажет. Әсіресе қант-протеин ара
қатынасының маңызы зор. Рационда клечатканың, қанттың, крахмалдың жетіспеушілігі
зат алмасуды бұзады. Мұндайда глюкозогенді амин қышқылдарының (валин, треонин,
гистидин, пролин, глицин т. б.) және глицериннің біразы қантқа айналады. Глюкоза
жетіспеген жағдайда организм басқа энергия көздерін – майлы қышқылдарды пайдалануға
мәжбүр болады. Майлы тканьдердің күшті липолиздануы нәтижесінде бос майлы
қышқылдар бауырға тасымалданып, глюкоза жетіспегенде олар ақырғы өніміне дейін
тотықпайды.
Органның кетогендік функциясы күшейіп, кетогендік денешіктерді пайдалануы
шектеледі. Олар қанға, бауырға, тканьдерге көптеп жиналып, несеп, сүт, шыққан дем
арқылы көп мөлшерде бөлінеді. Қышқыл-сілті тепе-теңдігі бұзылады, ацидоз дамиды,
мұның өзі әсіресе ірі қара мен ұсақ малдарда айқын білінеді. Сөйтіп, кетоз атты ауру
пайда болады.
Майдан ашығу. Липидтер – клетка элементтерінің қажетті компоненттері, олар
көптеген
биологиялық
активті
заттардың
–
ферменттердің,
гормондардың,
простагландиндердің негізін салушы болып саналады. Майлар энергиялық процеске
негізінен алғанда углеводтар жетіспегенде қатысады. Май энергияны, алмастырылмайтын
май қышқылдарын тасымалдаушы, майда еритін витаминдердің ең басты көзі болып
саналады. Майдың биологиялық тиімділігі, оның энергиялық құндылығы секілді өте
жоғары. Рационда майдың жеткіліксіздігі немесе мүлде болмауы жас төлдер мен ересек
малдарға қолайсыз әсер етеді.
Демек, организм азықпен бірге майдың белгілі бір мөлшерінің келіп тұруын қажет
етеді. Мәселен, шошқаның, әсіресе торайларының құйрығында, арқасында, жауырынында
дерматитке ұқсас қабыршақты қайызғақ пайда болады. Мал жүдейді, қылы түседі,
құрсақта қызылқоңыр түсті жабысқақ экссудат бөлінеді, жауырын терісінде шіріген
орындар байқалады. Сонымен қоса, ас қорыту жүйесі жеткілікті дамымайды, өті азаяды,
қалқанша безі ұлғаяды. Мұның барлығы шошқа организмінде тіршілікке қажетті
қанықпаған майлы қышқылдардың (линол және линолен) жеткіліксіздігінен пайда болады.
Ересек шошқаның майдан ашығуының клиникалық белгілері 42-күні байқалады. Рационға
өсімдік майын қосу аурудан сақтандырады.
Бұзауға майсыз жасанды сүт беру 35-күн бұлшық ет әлсіздігін, қалтырауды туғызып,
өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Сиырдың сүттілігі де рацион арқылы келетін май деңгейіне байланысты. Азықтағы
май мөлшері тәуліктік сүт майы өнімінің ең кемі 65 проценті болуы керектігі дәлелденген.
Сиыр рационында майдың жетіспеуі өнімнің, өсіп-өну функциясының кемуіне, пайдалану
мерзімінің қысқаруына әсер етеді.
148
Қозыға майы жоқ азық бергенде жалпы әлсіздік, аяқтарының дірілдеуі, ішінің өсуі,
өсіп-жетілуінің баяулауы, өлім-жітім байқалады.
Майсыз диета бағылған балапандардың өсіп-жетілуі баяулайды, ақтаңлақтанған қанат,
гиперкератоз пайда болады, айдары мен сырғашығы, жыныс органдары жөнді жетілмейді.
Ересек тауықта осындай жағдайда жұмыртқалауы азайып, жұмыртқасы кішірейеді,
эмбриондардың өлуі көбейеді.
Терісі бағалы аңдарға майсыз азық бергенде өсіп-жетілуі тоқталады, салмағы тез
азаяды, гиперкератоз пайда болады. Өсіп-өну функциясы бұзылады: еркек аңдар ұйқысыз
болады, ал ұрғашыларының төлдеуі азаяды, сүті кемиді.
Достарыңызбен бөлісу: |