Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілігі туралы ғылым. Ол



Pdf көрінісі
бет50/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,74 Mb.
#51417
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66
Байланысты:
Жануарлар патологиясы Кітап-1

Гиперпротеинемия. Көбінесе қандағы белок концентрациясы көбейетін, бірақ оның 
абсолюттік мөлшері көбеймейтін салыстырмалы гиперпротеинемия дамиды. Мұндай күй 
организмде су азайып, қан қоюланғанда байқалады. 
Абсолюттік 
гиперпротеинемия, 
әдетте, 
гиперглобулемияға 
байланысты. 
Γ-
глобулиндердің көбеюі инфекциялық ауруларға тән, мұндайда антителаның өндірілуі 
қарқынды өтіп, қандағы альбуминдердің жетімсіздігіне компенсаторлық реакция ретінде 
өтуі мүмкін. Мәселен, бауырдың созылмалы ауруында (цирроз) альбумин синтезі 
бұзылып, мұндайда қандағы белок мөлшері азаймайды, қайта γ-глобулиндердің қарқынды 
синтезделуі нәтижесінде арта түседі.мұндайда ерекше емес γ-глобулиндер пайда болуы 
мүмкін.
Альбуминдерге қарағанда глобулиндердің басым болу қандағы альбумин-глобулин 
коэффицентін кемітеді. 


133 
Кейбір патологиялық процестер мен ауруларда қанда кейбір белок фракциясының 
проценттік ара қатынасы өзгергенімен, жалпы белок мөлшері онша өзгере қоймайды. 
Мәселен, қабыну кезінде пропердиннің (латынша – perdere – бүлдіру) қорғаныш 
белогының 
концентрациясы 
көбейеді. 
Пропердин 
компленементтермен 
бірге 
бактерицидтік қасиетке ие болады.
Парапротеинемия. Едәуір мөлшердегі гиперпротеинемия (қанда 12 – 15 % және одан 
көп белок болғанда) аномальдық глобулиндер мөлшері артқанда байқалады. Глобулин 
синтезінің өзгеруінің нақты мысалына миоломаны (плазмоцитті) атауға болады. Миолома 
– 
лейкоздардың 
бір 
түрі 
(парапротеинемиялық 
ретикулоз). 
Миолоз 
кезінде 
альбуминдерден глобулиндер басым болатындықтан эритроциттердің тұну жылдамдығы 
(СОЭ) едәуір жеделдейді. 
Алуан түрлі ауруларда алмасудың бұзылуынан қанда мүлде жаңа белок пайда болуы 
мүмкін. 
Мәселен, 
ревматизмнің 
жіті 
фазасында, 
стрептококк, 
пневмококк 
инфекцияларында, миокард инфарктінде қан сарысуынан С-реактивті белок табылған 
(пневмококктың С-полисахаридімен преципитация реакциясын береді). С- реактивті белок 
электрофорезде α-және β-глобулиндер арасында орын ауыстырады, антителаға жатпайды. 
Сірә, оның пайда болуы ретикулоэндотелиалдық жүйе реакциясының тканьнің өнімдеріне 
әсер ететін болуы мүмкін. 
Қандағы ерекше белокқа криоглобулин де жатады, ол электр өрісінде γ-
глобулиндермен бірге қозғалады. Криоглобулин 37º-тан төмен температурада тұнба түзе 
алады. Ол бауырдың миелома, нефроз, цирроз және басқа да аурулар кезінде байқалады. 
Ауру малдың қанында криоглобулиннің болуы қауіпті, өйткені организм қатты 
салқындағанда белок тұнба түзеді де тромбалар және тканьдерде некроздар пайда болады.
Қалдық азоттың өзгеруі. Қан фильтратынан белокты кетіргенде қалатын азотты 
қалдық азот немесе белоксыз азот деп атайды. Ол бірнеше фракциядан тұрады, соның 
ішінде мочевина мен мочевина қышқылының зор маңызы бар. Оның мөлшері әр түрлі 
патологиялық күйде көбейеді: бауырдың жіті сары атрофиясы, қызба, сондай-ақ көп 
мөлшерде сұйық пен электролиттер жоғалатын ауруларда (құсу, ішектің түйілуі, 
пилоростеноз, тоқтаусыз іш өту, қатты терлеу, тұтастай күю т. б.). 
Қалдық азоттың қан құрамында көбеюін гиперазотемия деп атайды. әсіресе бүйрек 
аурулары (ретенциондық гиперазотомия) кезінде қанда қалдық азот тым көбейіп кетеді.
Ретенциондық гиперазотомиямен қоса өнімдік гиперазотомия да пайда болуы мүмкін, 
мұндайда тканьдерде ыдыраған белок өнімдері көбейіп (тұтастай күйікке шалдыққанда, 
тканьдер жарақаттанғанда), олар қан айналасының жалпы шеңберіне түседі. Сұйық пен 
электролиттер көп мөлшерде жоғалғанда тканьдер кеуіп, онда ыдырау процестері 
күшейеді. Бауырдың мочевина түзетін қызметі бұзылуынан мочевина кеміп кетуі де 
мүмкін. 
М и н е р а л а л м а с у д ы ң б ұ з ы л у ы. Жануарлар мен адамдардың қорегінде 
минералдық тұздардың маңызына, олардың организмнің тіршілік әрекетіндегі роліне 
алғаш рет Г. А. Бунго көңіл аударады. Кейіннен, өткен ғасырдың аяғында осы бағытта 
тиянақты зерттеу жұмыстарын Н. И. Лунин жүргізді. Ол тышқанға сүттің тазартылған 
бөлігін (казеин, май, қант) бергенде көп ұзамай өлетіндігін анықтаған. Осы диетаға сүт 
күлін қосқанда тышқандар ұзақ уақыт өмір сүрген. Осы тәжірибе арқылы организм қорегі 
үшін тұздың қажет екендігі дәлелденген. 
Сонымен, организмнің қалыпты тіршілік әрекеті үшін органикалық заттар – белок, май 
және углеводтармен қоса, бейорганикалық заттардың-минералдық тұздардың зор маңызы 
бар. 
Жануарлар минералдық заттарды азық пен ішетін суы арқылы алады.Бұдан шығатын 
қорытынды: жануарларда минералдық алмасудың күйі сыртқы ортадағы, ең алдымен 
топырақтағы минералдық заттардың мөлшеріне байланысты, өйткені олар бұдан 
өсімдікке және суға түседі. 


134 
Тірі организмдер мен жер бетіндегі химиялық құрамның байланысы туралы ілімнің 
теориялық негізін тұңғыш рет В.И.Вернадский және оның көптеген шәкірттері 
(А.И.Винаградов, Я.В.Пейве, В.В.Ковальский, А.О.Войнар, Р.Н.Одынец т. б.) жасады.1922 
жылы В.И.Вернадский былай деп жазды: организм табиғатта биосферадан тыс ортада 
өмір сүре алмайды, сондықтан жер бетіндегі тіршілік сырын білу организм мен биосфера 
аралығындағы байланысты, яғни организм арқылы орын ауыстыратын атомдардың 
қасиетін білуде жатыр. Атомдардың орын ауыстыруын және биосферадағы гиохимиялық 
процестерді зерттейтін ғылым саласын б и о г и о х и м и я деп атайды
Тіршіліктің химиялық ортасы және соған байланысты химиялық атомдардың орын 
ауыстыруы-мал организміндегі минералдық құрамға және минералдық заттардың 
алмасуына ықпал ететін басты фактор болып саналады. 
Ауыл шаруашылық малдарын құнарлы азықтандырудың жалпы жиынтығында 
минералдық қорек ерекше орын алады.Минералдық заттар организмнің бүкіл органдары 
мен тканьдерінің құрамында кездеседі, әрі алмасу процесінде маңызы бар.Организм 
қалыпты өсіп-жетілуі үшін азықпен бірге жеткілікті мөлшерде минералдық заттар алуы 
тиіс. 
Мал организмінде белгілі химиялық элементтердің барлығы және олардың изотоптары 
болады.Олар мал тканьдерінде алуан түрлі күйде болады: сүйектерде минералдық тұздар - 
кристалдар, жұмсақ тканьдерде белоктарымен байланысқан нағыз немесе коллоидты 
ерітінділер түрінде кездеседі. 
Минералдық заттар мынадай физиологиялық процестерге қатасады: 
-организмде қалыпты су балансын және судың таралуын қамтамасыз етеді; 
-қанда және клетка сұйығында осмостық қысымды сақтайды; 
-қышқыл –сілті тепе-теңдігін реттейді; 
-көптеген химиялық реакцияларда катализатор ретінде,ферменттер мен гормондардың 
әсері үшін қолайлы орта ретінде қатысады; 
-орталық нерв жүйелерінің, жүректің, қан тамырларының т.б.функциясына ықпал 
етеді. 
Минералдық заттар организмге азық арқылы үнемі келіп тұруы тиіс, өйткені олар 
бүйрек, асқазан-ішек жолдары, тері арқылы ұдайы бөлініп отырады. Сондықтан рационда 
кейбір тұздардың болмауы ғана емес, жеткіліксіздігінің өзі жекелей жүйелер мен тұтастай 
организм функциясының бұзылуына әкеліп соғады. 
Организмде макро және микроэлементтердің бұзылуынның даму миханизмі өте 
күрделі, әрі оның өзі жануарлардың минералдық қорек деңгейіне тығыз байланысты. 
Кальций мен фосфор алмасудың бұзылуы мынадай формада байқалады; 
а). қан мен несепте кальций мен фосфор мөлшерінің өзгеруі
б). сүйектердің минералсыздануы; 
в). сүйектер мен тканьдерде кальций мен фосфордың көп жиналуы. 
Г и п о к а л ь ц и е м и я. Кальций сүйектену процестеріне,организмде қышқыл-сілті 
тепе-теңдігін сақтауға, қан ұюының ферменттік процестеріне, клетка мембранасының 
өткізгіштігіне ықпал етуге т.б.қатысады. 
Гипокальциемия (қанда кальцийдің азаюы ) мынадай жағдайда байқалады: 
1). қалқанша қоңсы безінің гипофункциясы кезінде; 
2). тиреокальцитониннің – қалқанша қоңсы без гормонының гиперсекрециясы кезінде;
3). кальцийдің тоқ ішек кенересінде сорылуы тежелгенде және баяуланған кезде, ал 
мұның өзі Д витамині жетіспегенде, паратгормонның гипосекрециясында, өттің пайда 
пайда болуы бұзылғанда және ол ішекке құйылғанда, азықпен бірге май көптеп келгенде 
байқалады. 
Қанда кальций кемігенде бұлшық еттер еріксіз жиырылады, қалтырау пайда болады, 
жүректің тоқтауынан мал өледі. 


135 
Гипокальциемия рахит, остеомаляция (сүйектің жұқаруы) аурулары кезінде 
байқалады, мұндайда несеппен кальцийдің бөлінуі азаяды. Сөйтіп, гипокальциурия пайда 
болады. 
Г и п е р к а л ь ц и е м и я – қан сарысуында кальций мөлшерінің көбеюі – мынадай 
жағдайда байқалады: 
1). қалқанша қоңсы бездің гиперфункциясы кезінде; 
2). тиреокальцитониннің гопосекрециясы кезінде, мұндайда кальцийдің қаннан сүйек 
тканьдеріне өтуі баяулайды; 
3). организмде Д витамині шектен тыс көбейгенде; 
4). ацидоз құбылысы кезінде. 
Гиперкальциемия несепте кальций мөлшерін арттырып жібереді. Кальций несеп 
арқылы ұзақ уақыт бөлуіне бүйректің әктеуіне, онда тас байлануына ұшыратады. 
Г и п о ф о с ф а т е м и я. Фосфор тек сүйек, нерв және басқа тканьдердің құрамдас 
бөлігі ғана емес. Оның энергия алмасуда – макроэргиялық қосылыс (АТФ) түзеуде зор 
маңызы бар. Бейорганикалық қосылыс формасында гликолиз процестеріне және гликоген 
синтезіне, липидтер алмасуына, сүйек тканьдерінің минералдануына қатысады. Фосфор – 
РНК және ДНК құрамына енеді. 
Гипофосфатемия (қан сарысуында фосфор мөлшерінің кемуі) мынадай жағдайда 
байқалады: 
1. қалқанша қоңсы бездің гиперфункциясында және паратгормон секциясына 
күшейгенде; 
2. Д гиповитаминозында; 
3. бүйрек өзекшесінің алғашқы жетімсіздігінде. 
Гипофосфетемия кезінде рахит, сүйек жұқару, остеопороз (сүйек тканьдерінің сиреуі) 
байқалады. 
Г и п е р ф о с ф е т е м и я (қан сарысуында фосфор мөлшерінің көбеюі) мынадай 
жағдайда байқалады: 
1. қалқанша қоңсы бездің гипофункциясында; 
2. бүйрек шумағы зақымданғанда. 
Кальций мен фосфор алмасудың бұзылуы сүйектің минералсыздану процестеріне 
тікелей байланысты. 
Сүйектің минералсыздану бірнеше факторларға байланысты: 
1. гипофиздің алдыңғы бөлігінің гипофункциясына; 
2. тиреокальцитониннің гипосекциясында; 
3. қалқанша қоңсы бездің активтілігі артуына; 
4. тиреотропты гормонның гиперсекциясына, соның әсерінен остеопороз пайда 
болады; 
5. жыныс безі функциясының әлсіреуіне; 
6. ішекте кальцийдің сорылуы бөгелуіне (Д¹ витаминнің жетіспеушілігі, тағамда 
майдың көптігі, колит, іш өту); 
7. бүйрек өзекшесінде фосфор реабсорциясының тежелуінде (Д витаминінің 
жетіспеушілігі, ацидоз, паратгормон гиперсекрециясы); 
8. сүйек блогының синтезіне қатысуына амин қышқылдарының организмдегі 
мөлшерінің кемуіне; 
9. сүйектің минералсыздануына микроэлементтер едәуір ықпал етеді. 
Р а х и т. Бұл аурудың пайда болу себебі жас төлдерде Д витаминнің 
жеткіліксіздігінен. Д витамині жетіспеу салдарынан кальцийдің ішектен қанға сорылуы 
және келуі бөгеледі. Сөйтіп гипокальциемия, фосфатемия және гиперфосфетемия 
басталады. Мұның өзі кальций мен фосфор тұздарының жиналуына бөгет жасайды. 
Клиникалық тұрғыдан бұл сүйектену процестерінің бұзылуы білінеді (аяқтары қисаяды, 
кеуде сүйегінің формасы өзгереді т.б.) 


136 
О с т е о м а л я ц и я (сүйектің жұқаруы, грекше оsteon – сүйек, malakos – жұмсақ, 
әлсіздік) – организмде әк тұзының азаюынан ересек мал сүйегінің жұмсаруы. Бұл аурудың 
гипокальциемия, гипофосфатемия, калцидің теріс балансы байқалады. 
Остеомаляция себебі: Д витаминінің жеткіліксіздігі, буаздық немесе сүт беру 
кезеңдері. 
О с т е о п о р о з (сүйек тканьдерінің сиреуі) сүйек тканьдерінің кеуектенуімен, онда 
алғашында жиналған кальций және фосфор тұздарының шайылуымен сипатталады. Бұл 
ауру кезінде гиперкальциемия және гипофосфатемия және гипофосфатемия білінеді. 
Остеомоляцияға керісінше остепороз кезінде сүйек омырылғыш, кеуекті, тез сынғыш 
келеді. 
Остепороздың негізгі себіптері мынадай: 
1. белоктан ашығу; 
2. ішкі секреция бездері функциясының өзгеруі (гипофиздің алдыңғы бөлігі мен 
жыныс бездерінің алдыңғы бөлігі мен жыныс бездерінің гипофункциясы); 
3. бүйрек өзекшесінде фосфордың реабсорбциялануының бұзылуы. 
Остеопороз пайда болу сипатына қарай бірінші және екінші болып бөлінеді. Бірінші 
остеопороз паратгормонының гиперсекрециясы кезінде пайда болады. Екінші лстеопороз 
бірінші гипокальцемияда және кейін (қалқанша қоңсы бездің екінші ретке қозуында) 
байқалады. 
Т і с к а р и е с і. Фосфор – кальций алмасудың бұзылуына байланысты көп тараған тіс 
ауруларына кариес те жатады. 
Кариес кезінде тістің минералыздануының негізгі процестеріне мынадай факторлар 
жатады: 
1. тістің белокты матрицасының синтезі бұзылуы; 
2. тіс тканьдерінен кальций мен фосфордың көптеп бөлінуі. 
Мұндай тіс сынғыш келеді, желінеді. Эмаль құрылымы өзгереді. 
Ф о с ф о р д ы ң, к а л ь ц и й д і ң с ү й е к т е р м е н ж ұ м с а қ т к а н ь д е р д е
а р т ы қ ж и н а л у ы . 
Кальций мен фосфордың организмде іркілуі және олардың тканьдерге жиналуы 
бірнеше факторларға байланысты: 
1. гипофиздің гипофункциясы; 
2. қалқанша қоңсы бездің гипофункциясы; 
3. қанға адреналин көп мөлшерде келген жағдайда сүйектерде кальцийдің артық 
жиналуы. 
Организмде кальций мен фосфордың артық жиналу ауруына фосфор қышқылды 
подагра, Педжат ауруы, кальцергия жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет