Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілігі туралы ғылым. Ол



Pdf көрінісі
бет58/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,74 Mb.
#51417
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66
Байланысты:
Жануарлар патологиясы Кітап-1

Рибофлафин (В²) – флавин тобындағы заттарға жатады. Организмде рибофлавиннің 
жетіспеуінен углевод алмасуы бұзылады, бауырда гликоген түзілуі кемиді, сүт және 
пирожүзім қышқылдарының тотығу процесі кешеуілдейді. Рибофлавин сонымен қоса 
қалыпты белок алмасуы үшін қажет. Ол жетіспеген жағдайда белок пен амин 
қышқылдары нашар пайдаланылады. Рибофлавин көздің дұрыс көруі, жыныс бездері мен 
нерв жүйелерінің функциясы үшін, іштегі төлдің жетілуі, гемоглобиннің синтезделуі үшін 
де қажет.
Рибофлавиннің жеткіліксіздігінен болатын аурулар құста, шошқада, сирегірек – 
жылқы мен бұзауда кездеседі. Рационда ол жетіспеген жағдайда балапаннның өсіп-
жетілуі баяулап, іш өтеді, параличке шалдығып, өледі, ал мекиендердің жұмырқалауы 
сирейді. Шошқада рибофлавин жетіспеген жағдайда өсіп-жетілуі баяулайды, көздің мүйіз 


152 
қабығы мен көз бұршағы қарауытады, жалпы әлсіздік пайда болып, мал өледі. Ірі қара 
азық арқылы рибофлавиннің келуін қажет етпейді.
Панотен қышқылы (В³) табиғатта өте кең тараған (pantothen – грекше – барлық жерде). 
Ол А-коферменттің (КоА) бір бөлігі болып саналады. КоА сірке қышқылын 
активтендіруге, 
триглицеридтердің, 
фосфолипидтердің, 
ацетилхолиннің 
түзілуіне, 
пирожүзім қышқылдарының түзілуіне, глюкозаның сіңуіне, белок алмасуға қатысатыны 
белгілі. Демек, пантотен қышқылдарының физиологиялық мәні өте зор, оның зат 
алмасудағы биологиялық ролі сан салалы. В³ витаминін ашытқылар, асқазан-ішек 
жолдарындағы микрофлорлар синтездейді. 
Балапандарда 
пантотен 
қышқылының 
жетіспеуінен 
өсіп-жетілуі 
баяулайды, 
қанатттары біркелкі жетілмейді, тері ауруларына шалдығады, нерв жүйесі зақымданады. 
Торайларда оның жетіспеуі асқазан-ішек, тері ауруларына шалдықтырады, қозғалу 
бағдары бұзылады, көзі былшықтанады. 
Холин (В) лецитиндер құрамына жатады. Ол күшті медиаторлардың бірі – 
ацетилхолиннің түзілуіне қатысады, әрі ішектің жиырылып-созылуын қоздырады.
Малдың холинді қажетсінуі рациондағы метионин деңгейіне, сондай-ақ фолий 
қышқылымен және цианкобаламинмен қамтамасыз етілуіне байланысты. Барлық ауыл 
шаруашылық малдары үшін холин нормасы жеткілікті зерттелмеген. 
 
Никотин қышқылы (В, РР витамині) табиғи азық-түліктерде бос күйінде және күрделі 
ферменттер құрамында нуклеопротеидтер түрінде кездеседі. Сонымен қоса, кейбір 
малдарда никотин қышқылы дене тканьдерінде триптофаннан синтезделуі мүмкін. 
Сондықтанда рационда триптофанға бай белок жеткілікті мөлшерде болған жағдайда 
аталған витаминді малдың қажетсінуі күрт кемиді. 
Никотин қышқылы дегидрогеназ коферментінің құрамына ене отырып зат алмасуда 
ерекше маңызды орын алады. Никотин қышқылының жеткіліксіздігі көбінесе шошқа мен 
құста, сондай-ақ рационында жүгері дәні көп, әрі белок немесе триптофан аз болатын 
малдарда жиі байқалады. Бұл витаминнің жеткіліксіздігі ауыр сырқатқа – пеллаграға 
шалдықтырады. Бұл аурудың негізгі белгісі дерматит – тері бетінің зақымдануы, диарея – 
іш өту, мидың үлкен жарты шары қыртысының функциясы бұзылуы. 
Пиродоксин (В, адермин) белок алмасуға – амин қышқылдарының трансаминдену 
және декарбоксилдену прцестеріне, глутамин және аспарагин қышқылдарының барлық 
кезеңіндегі синтез бен алмасуға белсене қатысады.
Шошқа мен құста бұл витамин жетіспеген жағдайда өсіп-жетілуі баяулайды, жемшөпті 
жөнді жемейді, дерматит, құрысу, паралич және анемия пайда болады. Торайларда 
бауырдың май инфильтрациясы өршиді, жүру бағдары бұзылады, көруі нашарлайды. 
Осындай белгілер бұзауда да байқалады. 
Фоли қышқылы (В, фолацин) анемияға қарсы фактор және өсіп-жетілу факторы болып 
саналады. Ол азықта, әсіресе өсімдіктің жасыл жапырағында, гүлді капустада, 
ашытқыларда, бауырда, саңырауқұлақта, астықта және сояда кездеседі. Сонымен қоса, ол 
малдың асқазан-ішек жолдарында синтезделеді. Оның функциясы В витаминімен тығыз 
байланысты. 
Фоли қышқылы жетіспеген жағдайда тауық пен түйетауық балапандарында анемия 
мен лейкопения дамиды, өсіп-жетілуі кешеуілдейді. Шошқада анемия, әлсіздік, қылшығы 
түсу байқалады. Бұл витаминнің малға қажетті формасы әлі белгіленген жоқ. 
Биотин (Н) – антисебореялық фактор (себорея – тері майының шамадан тыс артуы). 
Авитаминоздың жалпы белгісінде дерматит пайда болып, малдың жүні түседі және тері 
бездеріне май көп бөлінеді (себорея). Сол себептенде биотинді Н витамині (немісше Нау-
тері) және антисебореялық фактор деп атайды. 
Биотинге қажеттілік әдетте тек күйіс қайыратындарға ғана емес, сондай-ақ шошқа мен 
құста бактериалдық синтез арқылы қанағаттандырады. Сондықтан оның қажетті нормасы 
толық зерттелмеген. 


153 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет