151
гемолизге эритроциттердің тұрақсыздығы болып саналады. Созылмалы Е-авитаминозда
бұлшық ет дистрофиясы өршиді, бұлшық еті босайды, бозарады, жүрек бұлшық етінің
әрекеті бұзылады. Бұзау мен қозы селқос қимылдайды, жүрген кезде ентігеді. Шошқада
бұлшық ет дистрофиясы, бауыр некрозы пайда болады.
К
тобындағы
витаминдер
(Κ¹-филлохинон,
Κ²-фарнахинон,
Κ³-викасол)
–
антигеморрагиялық факторлар. Κ тобындағы витаминдер қан ұю процесінде маңызы зор.
Олар болмаған жағдайда арнасынан шыққан қан тез ұю қабілетінен айырылады.
Мұндайда организмде қан ұю процесіне қатысатын протромбин белогының және басқа да
факторлардың деңгейі кемиді. К-авитминозы кезінде тері астына және бұлшық еттерге қан
құйылады, қан аздық өршиді.
С у д а е р и т і н в и т а м и н д е р. Бұл витаминдерге В тобындағы витаминдер,
аскорбин қышқылы, цитрин жатады.
Аскорбин қышқылы (С витамині) – құрқұлаққа (цингаға) қарсы витамин. Мал
организмі үшін аскорбин қышқылының мәні өте зор. Ол тірек белоктарын – коллаген мен
хондромукоидты құрауға қатысады, бауырда гликогеннің синтезделуіне және жиналуына
ықпал етеді, қарын бездерінің секрециясын қуаттандырады, тирозинді тотықтандыруға
және организмде нуклеин қышқылының түрленуіне қатысады, бірқатар гормондарды
синтездейді, жараның тез жазылуына ықпал етеді. Сонымен қоса, ол организмнің әр түрлі
инфекцияларға, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігін арттырады,
антитела құралуын қуаттандырады, капиллярлардың қалыпты өткізгіштігін қамтамасыз
етеді, қан айналасына әсер етеді, аконитаз ферментін активтендіреді және лимон
қышқылды циклге қатысады, организмнің улануға қарсылығын күшейтуге жәрдемдеседі.
Ауыл шаруашылығы малдары үшін аскорбин қышқылының тұтыну мөлшері
анықталмаған. Бұл малдар аскарбин қышқылын углеводтарды синтездеу арқылы алады
деп, есептейді. Алайда жылқы, шошқа және құс аскорбин қышқылының азық арқылы
келуін қажет етеді.
Цитрин (Р витамині) - өткізгіш витамин. Бұл витамин аскорбин қышқылының тұрақты
серігі болып саналады және әр түрлі зат алмасу процестеріне қатысады.
Цитрин капиллярлар кенересін нығайтып, оның өткізгіштігін реттейді, тамырлардағы
қан қысымын қалпына келтіруге ықпал етеді. Гиповитаминоз кезінде теріде, әсіресе қан
қысымы күшейген тұстарда нүктеленіп қанталағаны байқалады.
В т о б ы н д а ғ ы в и т а м и н д е р. Суда еритін бұл үлкен топтағы витаминдерге 10-
нан астам витамин жатады.
Тиамин (В¹) – антиневриялық фактор, немесе аневрин. Ол күйіс қайыратын малдар мен
жылқының асқазан-ішек жолдарында синтезделеді.
Тиамин әр түрлі алмасу процестерінде маңызды роль атқарып, ацетилхолиннің – нерв
импульсінің өткізгішінің алмасуына ерекше ықпал етеді. Азықта тиаминнің жетіспеуі
құста жиі, шошқада, бұзау мен қозыда сирек байқалады. Көпшілік малдардың азығында
тиамннің жетіспеуінің басты белгілері азыққа тәбетінің болмауы, жүдеуі, бұлшық ет
әлсіздігі, нерв жүйесі функциясының бұзылуы күшеюі, қалтырауға және параличке
шалдығуы арқылы білінеді.
Достарыңызбен бөлісу: