Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілігі туралы ғылым. Ол



Pdf көрінісі
бет21/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,74 Mb.
#51417
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66
Байланысты:
Жануарлар патологиясы Кітап-1

аллергия реакциясына жататындар: анафилаксия, қан сарысуы ауруы, аллергиялық 
бронхиалды астма, поллиноздар (шөп қызбасы), есекжем, Квинка ісігі т. б. 
Баяу типтегі аллергия реакциясына жататындар: туберкулин типіндегі реакция 
(бактериалдық аллергия), жанасу типіндегі аллергия (контактный дерматит), кейбір 
дәрілік формадағы аллергия, аутоаллергиялық аурулар (энцефалит, тиреодит, орхит 
т.б.)трансплантаты қабылдамаушылықтың аллергиялық реакциясы т.б.
Мал мен адамға жоғары сезімталдық күй (аллергия) тудыратын затты –аллергендер 
деп атайды.
Табиғатта аллергендер өте көп, олар құрамы мен қасиеті жөнінен алуан түрлі. 
Аллергендер эгзогенді, яғни организмге қоршаған ортадан түсетін және эндогенді, яғни 
организмнің өзінде пайда болатын (аутоаллергендер) деп бөлінеді.


65 
Аллергендер
Эндоаллергендер 
(аутоаллергендер) 
Экзоаллергендер 
Бактериалық: 
Бактериалдық еместер: 
Бактериялар, 
өсімдік (тозаңы), 
Саңырауқұлақтар, 
эпидермалық (жүн,мамық, 
Вирустар. 
қайызғақ ), 
Тағамдық,дәрі-дәрмектер, 
қарапайым химиялық заттар, 
тұрмыстық (тозаң) т.б. 
Экзоаллегендер организмге әр түрлі жолмен енеді: тыныс жолдары, ас қорту жолдары, 
Тері және кілегейлі қабық арқылы, емдік аллергендерді құйған кезде, аутоаллергендер 
ауру организмде әр түрлі зақымданған факторлардың әсерінен өз тканінде пайда болады. 
Аллергиялық реакцияның патогенезі. Лездік, сондай-ақ баяу типтегі аллергиялық
реакцияның дамуында мынадай сатыларды бөлуге болады (А.Д.Адо): 1) иммундық
реакция сатысы; 2) патохимиялық бұзылу сатысы; 3) патофизиологиялық бұзылу сатысы. 
Иммундық реакция сатысы организмде сол аллергенге тән антителаның жиналуымен 
сипатталады. Аллергиялық реакцияның бастапқы көп жағдайда иммунитеттің даму 
процесін еске түсіреді («иммундық реакция сатысы»деп аталуы осы себептен), атап 
айтқанда-аллергендер 
ретикулоэндотелиапды 
клеткаларда 
іркіліп, 
лимфоидтық 
клеткалардың плазматизациясын тудырады.Иммундық антитела секілді аллергиялық 
антитела өте жоғары дербестігімен ерекшеленеді, яғни олардың пайда болуына ықпал 
еткен аллергендермен ғана қосылысқа түседі.
Аллергиялық антитела қан сарысуы белогының глобулдік фракцияларында
байқалады. Аллергиялық антителанын пайда болу орны механизмі негізгі иммундық
антителадан онша айырмашылығы жоқ. Организмде өзгеше аллергиялық антителаның
пайда болуы сенсиблизация күйін, яғни кез келген аллергенге өте сезімталдығын
айқындайды (sensibilis - сезімталдық ).
Сенсиблизация - активті малға жане пассивті болып бөлінеді. 
Активті сенсиблизация малға аллергенді парентералдық (бұлшық етке, тері астына, 
құрсақ қуысына, ингаляциялық жолмен т.б.) енгізгенде байқалады. Сенсиблизация
үшін аллергенін өте шағын мөлшері - грамның жүзден бір және мыңнан бір бөлігі
жеткілікті. Өте жоғары сезімталдық күй аллергенді құйғаннан кейін байқалмайды, 10-14 
күнде сезіліп, малда 2 айдай және одан көп сақталады да, содан кейін бірте-бірте 
жойылады. Адамда сенсибилизация көптеген ай және жылдар бойы сақталуы мүмкін. 
Сенсибилизация 
процесінде 
ретикулоэндотелиалдық 
жүйе 
клеткаларының 
фагоцитарлық активтілігі күшейіп, лимфоидтық клеткалардың плазмалануы және онда 
антитела жасалуы басталады. 
Сенсибилизацияның алғашқы күндерінде соматикалық және вегетативтік нерв 
сабақтарында 
қозудың, 
функционалдық 
қозғалғыштықтың 
артатындығы 
(Н.Е. 
Введенский), хронаксия қысқаратындығы байқалады. Ішкі органдар мен қан тамырлары 
рецепторларында фазалық өзгеріс болып, алғаш олардың қозғыштығы артады да, кейіннен 
басылады. 


66 
П а с с и в т і с е н с и б и л и з а ц и я дені сау малға активті сенсибилизацияланған 
басқа малдың қан сарысуын енгізгенде пайда болады (теңіз шошқасына 5-10 мл, қоянға 
15-20 мл). Қан сарысуын енгізгеннен кейін жоғары сезімталдық күйі 18-24 сағаттан соң 
пайда болады. Бұл уақытта бөгде қан сарысуында болатын антитела организм 
тканьдерінде сақталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет