Бірінші дәрежелі күйікте терінің сыртқы қабаты (эпидермис) ғана зақымданып,
зақымданған жерде қан кернеу және шамалы қабыну болады. Терісі ауырсынып, ісінеді,
оны басқанда ісік жойылмайды.
Екінші дәрежелі күйікте (буллезна) экссудативті сипатта қабыну білініп, теріде
немесе кілегейлі қабықта кө
піршіктер пайда болады.
Көпіршіктер серозды (ұйыма) сұйыққа толады. Тақ тұяқтылар мен ірі қарада күйек
тұсында көпіршік аз жиналады. Күйік зардабын жойып, күйген терінің созымдылығын
қалпына келтіргеннен бірнеше күн өткеннен кейін көпіршік басылып кетеді.
Үшінші дәрежелі күйікте ұлпалар өліеттеніп, жара пайда болады. Терінің
бүртікті қабатында және одан тереңірек қабатында ұю (коагуляция) және өліеттену
(некроз) байқалады.
Төртінші дәрежелі күйікте ұлпалар көмірге айналады. Күйікті бұлайша жіктеуді
В. Н. Постников ұсынды. Зерттеулер мен тәжірибелер көрсеткіші бойынша, егер бірінші
дәрежелі күйікте дененің 1/2, екінші дәрежелі күйікте 1/3 күйсе ағза өлімге ұшырайды..
Күйік кезіндегі жалпы көріністе, жануарлардың жоғарғы жүйке қызметі
бұзылуымен қоса, әуелі қан қысымы жоғарылап, содан кейін түседі, қан тамырларының
өткізгіштігі артады, қаны қоюланады, қан сарысуы капиллярлар арқылы зақымданған
ұлпаға құйылып, онда ыдырауы (гемолиз) байқалады, тыныс алуы бұзылады.
Ағза күйікке шалдыққан кезде қан айналысының рефлекторлық реттелуі
бұзылады. Күйік кезіндегі ауырсыну импульсі ми қосалқысы (гипофиз) мен бүйрек үсті
22
безі (надпочечник) жүйесінде елеулі өзгеріс тудырады, гормандар көп бөлінеді, иондық
тепе-теңдік бұзылады, тамыр тонусы (серпімділігі) төмендейді. Күйіктен кейін болатын
тамыр жетімсіздігі оттегі тапшылығына ұшыратып, соның салдарынан жүйкелік-
рефлекторлық ауытқу артады да, қан айналысының жетімсіздігін күшейте түседі.
Өкпе күйгенде күйік орнында өзгеріс болып, соның әсерінен альвеолаларға қан
құйылады. Кейде күйіктен пневмонияға шалдығады, бүйректің қызметі , ас қорытуы мен
бауыр қызметі өзгереді.
Малдың күйіктен өлуін түсіндіретін 4 түрлі теория бар:
1. Рефлекторлық талықсу теориясы бойынша малдың күйіктен өлуі теріде
орналасқан денедегі жүйкелердің 1/3-і жаппай тітіркену салдарынан болады. Алайда,
күшті наркоздан кейін күйдіргенде немесе сезімтал жүйкелерді кескенде, онда
жануарлардың өлуі әдеттегі мерзімде болған. Демек, бұл теория мәселені түсіндіре
алмайды.
2. Гематогендік теория бойынша жануарлардың өлуін қанның бұзылуымен,
жансызданған эритроциттердің ыдырауымен (гемолиз) және эритроциттен босаған
гемоглобиннің улы ықпал етуімен, лейкоциттердің жансыздануымен т. б. түсіндіреді.
Тәжірибенің көрсеткеніндей, мұнда мәселе қан мөлшерінің азаюында емес,өйткені
денесінің 1/3 бөлігі күйікке шалдыққан жануарға дені сау жануардың қанын құйғанда,
оның өлуі әдеттегі мерзімде басталған.
3. Инфекциялық теория бойынша жануарлардың өлуін күйген және жансызданған
аймақтарға микроорганизмдердің енуінен, мұның өзі микроорганизмдерге өте қолайлы
қоректік орта болғандықтан, әрі микробтар көптеп у бөлетіндіктен деп сипаттайды.
Алайда бұл тұжырым да дәлелденбеді: күйікке шалдыққан аймақты микроб енбейтіндей
етіп ұстағанның өзінде жануар 18-24 сағаттан кейін өліп қалады.
4. Улану теориясы (интотоксикация). Жансызданған күйік аймағындағы
ұлпалардың химиялық құрамын зерттегенде, онда организмге улы әсер ететін ыдыраған
ақуыз өнімдері бар екендігі анықталды. Егеуқұйрыққа жүргізілген экспериментте осы
теорияның дұрыстығы дәлелденді. Денесінің 1/3 бөлігі күйген егеуқұйрықтар, күйген
аймақтағы жансызданған ұлпалар ақуызының ыдырауы нәтижесінде уланып өлді.
Жануарлар ағзасына суықтың әсері үш формада байқалуы мүмкін:
а). Ұлпаның жеке орындарына ықпал етуі – үсу;
б). Ағзаның тұтастай салқындауы – гипотермия;
в). «Суық тию» - суық тиюден болатын ауру.
Дененің белгілі бір аймағына әсер еткен суық тамыр мен ұлпаларды бүлдіріп,
үсікке шалдықтырады. Тері бозарып, температурасы төмендейді. Содан кейін тамырлары
білеуленіп, тамыр қозғалтқыш жүйкелер (вазомоторлар) қозады. Мұндайда тамырлар
тонусынан айырылып, қанға толады, олардың өткізгіштігі артады.
Күйік секілді үсікте, ұлпадағы өзгерістердің қарқынына байланысты 3 дәрежеге бөлінеді:
ұлпа құрылымы өзгермеген жеңіл үсік, ұлпа құрылымы жеңіл-желпі өзгерген – орташа
үсік және ұлпалар едәуір азғындап, жансызданған – ауыр үсік. Үсікке организмнің шеткі
учаскелері: құлағы, емшегі, жылқыда тұяқ терісі т. б. шалдығады.
Үсікке шалдығу сыртқы орта температурасының төмендігі мен оның әсер ету
ұзақтығына ғана емес, атмосфера құбылысына да (ылғалдылық, үскірік жел) байланысты.
Үсіктің ауыр түрінде зақымданған ұлпалардың қалпына келуі (регенерация) өте
баяу өтеді. Үсік шалған кезде қандағы лейкоциттердің сапасы артып, жас түрлері
көбейеді, эритроциттердің тұнуы үдей түседі, қандағы ақуыз коэффиценті өзгеріп,
альбуминдерге қарағанда глобулиндер басым болып кетеді. Бұл өзгерістер зат алмасудың
бұзылуынан және үсік шалған орындағы ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың
ыдыраған өнімдері сорылудан пайда болады.
Салқын әсері ағзаны тұтастай мұздатады – гипотермияға ұшыратады. Мұндайда
шеткі тамырлардың жылу бөлуі кеміп, ұлпаларда тотығу процесінің күшеюінен жылу
өнімі артады. Бұл реакцияны жүзеге асыруда вегативтік жүйке жүйесінің симпатикалық
23
бөлігінің қозуы маңызды роль атқарып, соның әсерінен адреналиннің секрет шығаруы
артады. Қанда қант мөлшерден тыс көбейіп (гипергликемия), бұлшық етті глюкозамен
қамтамасыз етеді.
Ұзақ уақыт тұтастай салқындағанда орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлігі, әуелі
суықтан болатын ұйқы деп аталатын ми қыртысы бірте-бірте тежеліп, содан кейін қыртыс
асты және бульбарлық (сопақша миға жататын) орталық зардап шегеді. Қан қысымы
түседі, тамыр соғуы (пульсі) күрт баяулайды, тыныс алуы сипреп, минутына 4-6 ретке
дейін жетеді. Көбінесе тыныс алуы тоқтағаннан өледі, кейде тыныс алуы тоқтаудан бұрын
жүрек қызметі тоқталады. Адам, әдетте, дене температурасы 23-25ºС, ал қоянда 16-12°С
жеткенде өледі.
Ағзаның салқындауы суық тию деп аталатын ауруларды (өкпе, буын, бүйрек, ми т.
б.) өршітеді.
Сонымен, жекелей немесе тұтастай салқындау әр түрлі ауруға ұшыратады,
сондықтан көптеген аурулардың этилогиясын зерттегенде және сақтық шараларын
қарастырғанда мұны міндетті түрде ескеру қажет.
Атап айтқанда, ағзаның салқындауы тек патогендік фактор емес, ол емдік мақсатта
да, мәселен, медициналық хирургия тәжірибесінде қолданылады.
Э л е к т р ә с е р і. Электр энергиясы ағзамен жанасқанда немесе атмосфералық
электр разряды (найзағай түскенде) зиянды әрекет етеді. Әр түрлі электр энергиясы
көздерінің ағзаға әсер етуінен болатын патологиялық өзгерістер бір-біріне ұқсас келеді.
Оның өзі бірқатар жағдайға, ең алдымен электр тогының қасиетіне, ағзаның және ондағы
ұлпалардың реактивтілігіне, сондай-ақ бірқатар жекелей жағдайларға байланысты.
Ток қасиеті оның бағытымен, кернеуімен, күшімен, әсер ету ұзақтығымен,
өзгешілігімен (тұрақты, айнымалы) айқындалады. Ток кернеуі неғұрлым жоғары болса,
әсері соғұрлым күшті. Тұрақты ток тез әсер етсе, айнымалы ток қауіптірек. Жүрек арқылы
өтетін ток өмірге өте қатерлі. Мұндай жағдайда баяу және қайтымсыз жүрек салдануы
басталып, жүрек қарыншаларының ырғақты қимылы бұзылып, жүрек қимылының босаған
сәтінде (диастола) жүрек тоқтайды.
Электр тогының ағзаға жалпы әсері жүйке және жүрек қан тамырлары жүйесінің
зақымдалуымен көрінеді. Мұндайда қалтырау басталып, тыныс алу салдануынан өледі.
Электр тогы онша қатерлі әсер етпегенде жүйке жүйесі ауыр зақымданып, бұлшық еті
салдануға ұшырайды, ішегінде, қуығында, бүйрегінде патологиялық өзгерістер болып,
тамырлары түйіледі (спазма), ісініп, шеменге айналады.
Электр тогының ағзаға механикалық әсері жете зерттелмеген. Мұны ұлпалардағы
электролиз
құбылысымен,
олардағы
коллоидты
құрылымының,
әсіресе
жүйке
бұзылыуымен түсіндіреді.
А ғ з а ғ а и о н д ы с ә у л е л е р д і ң ә с е р і. Ионды сәулелену дегеніміз
ағзада иондардың пайда болуына ықпал ететін сәуле энергиялары. Жануарлар
патологиясы үшін ионды сәулеленудің мынадай түрлерінің айрықша мәні бар: рентген
сәулесі және гамма сәуле – бұлар бейтарап бөлшектер ағыны болып саналады, фотондар
немесе кванттар энергиясы, нейтрондар – ядродан шығатын бейтарап бөлшектер ағыны,
протондар – оң ядро бөлшектерінің ағыны, бета – сәуле – теріс заряды электрондар ағыны
және альфа – сәуле – екі электр зарядын ілестіретін гелий ядросының ағыны.
Сәулелендіру бірлігі ретінде гамма – сәулелендіру мен рентген сәулесі үшін
рентгенмен анықталатын шама қабылданған. Рентген – 1 мм құрғақ ауаға (О°С және 760
мм сынап бағанасында) 2. 08. 10 иондар жұбын тудыратын энергия шамасы. Ауада
иондардың бір жұбы пайда болуы үшін 32,5 электрон – вольт энергия қажет екендігі
анықталған.
Әр түрлі сәуле энергиясының патогенетикалық әсерінің ерекшеліктері көп
жағдайда олардың ену қабілетіне байланысты. Энергия бірдей мөлшерде жұтылғанда
(мәселен 1 рентген) әр түрлі сәуле энергиясында биологиялық әсер түрліше болады екен.
24
Рентген және гамма – сәулелерге қарағанда, альфа-сәулелер 10 есе, нейтрондар 20 есе, ал
протондар 10 есе айқын әсер ететіндігі (патогендік әсер) анықталды.
Мұндайда иондаушы радиация не тері бетін зақымдайды, не сәуле ауруына
ұшыратады.
Рентген сәулесінен жануар терісі зақымданғанын байқауға болады, ондайда
иондаушы радиацияның бөлшектенген шағын дозасы әсер етеді. Сәуле ауруы өндірісте
болған апаттан, радиоактивті изотоптармен дұрыс жұмыс істей алмаудан, атом
бомбасының жарылуынан ( мәселен, 1945 жылы Хиросима мен Нагасакаиде атом
бомбасының жарылуы, 1986 жылы сәуірде Чернобыль атом электр станциясының апатқа
ұшырауы, 1949 жылдан бері Семей полигонындағы ядролық сынау) пайда болуы мүмкін.
Хиросима мен Нагасакаиде атом бомбасын қолдану салдарынан толып жатқан
зақымдалу болып, мұнда негізінен жарылыс толқыны, жоғары температура мен сәуле
энергиясы әсер етті. Ондағы жалпы тұрғындардың шамамен 15 пайызы радиациялық
зақымға ұшырады.
Радиоактивтік деп ядролық ыдырау күйінде болатын затты атайды. Олар α , және
γ сәулелендірудің көзі болуы мүмкін. Олар ағзаға тыныс жолдары, тағам және тері арқылы
еніп, сәуле ауруын тудырады.
Сәуле ауруы жіті және созылмалы формалар түрінде өтеді. Жіті сәуле ауруының
клиникалық белгісі мен ауырлығы сәулеленген беттің аумағына, сәулеленуге сезімтал
дене бетіне (бас, іш), сондай-ақ сәулелену дозасын қабылдау шамасына байланысты.
Атом электр станциясы маңайында тұратын адамдар үшін жылдық норма 0,5 бэр-
дан аспауы тиіс. Бэр – рентгеннің биологиялық эквиваленті. Егер адам бірден 100-150 бэр-
дан астам қабылдаса, сәуле ауруына шалдығуы мүмкін.
Жіті сәуле ауруы 4 формада байқалады: кенет, өте ауыр, ауыр және жеңіл.
Сәуле ауруының кенет формасы 1-3 тәулікке созылып, өлім қауіп төндіреді
(летальділік). Жануарлардың өлімі қан қысымының күрт төмендеуінен және жүрек
қызметінің тоқтауынан басталады.
Аурудың басқа формалары 4 кезеңнен тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: |