Дальтонизм – түсті ажырата алмаушылық – жыныстық жолмен тұқым қуалайды.
Түсті ажырата алмаушылықтың бірнеше типі бар. Әдетте мұндайда қызыл және көк
түстерді ажырата алмайды.
Гемофилия типі бойынша көру нервісінің семуі, иісті сезбеу, агаммаглобулинемия
және басқа бірқатар аурулар кемістігі тұқым қуалайды.
39
Қазіргі кезде адамның жыныс арқылы пайда болатын 60-тан астам ауру бар. Соның
көпшілігі әр түрлі көз аномалиясына (ауытқу) байланысты. Бұл топтағы ауруларға іштегі
туа біткен ақшам соқыр (куриная слепата), яғни қараңғыда көре алмау, туа біткен
мылқаулық т. б. жатады.
Кемтарлық туралы ғылым (тератология) тұқым қуалайтын ауытқушылықтың
көптеген түрін сипаттап жазды. Соның көпшілігі олардың қаңқасы мен бұлшық еті
тарапында. Тері, сезім органдары, нерв жүйелері, қан, иммундық реакция және
метаболизм ауытқушылығының тұқым қуалайтындығы туралы деректер де жеткілікті.
Тұқым қуалайтын патологиялық белгілерді азығы мен күтімін жақсарту, витаминдер,
микроэлементтер, антибиотиктер беру арқылы жою мүмкін емес.
Табиғатында тұқым қуалайтын кемістіктерді әдетте ата тегін талдау, яғни туыстары
мен олардың ұрпақтарының белгілерін зерттеу жолымен байқайды. Осындай талдауда
ауытқушылықтың көп жағдайда жақын инбридинг (туыстас өсіру) нәтижесінде пайда
болатындығы дәлелденді.
Демек, малды асылдандыру жұмыстарын жан жақты жолға қою, асыл тұқымды
малдарды ұрпағының сапасы бойынша мұқият зерттеу, тұқым қуалайтын кемістікті
тарататын гетерозиготты малдарды бракқа шығару – тұқым қуалайтын ауытқушылықты
болдырмаудың алғы шарты.
Т у а б і т к е н а у ы т қ у ш ы л ы қ. Тұқым қуалайтын ауруды, құрсақта даму
кезеңінде пайда болатын патологиялық құбылыстан айыра білу қажет. Мысалы,
құрсақтағы төлге қағанақ арқылы ауру жұғуы, оның улануы, формасын өзгертуі құрсақта
пайда болған аурулар (фенокопия) деп аталады.
Алайда бұл аурулардың алдын алуға, әрі өршітпеуге болады. Мұның өзі организмнің
сыртқы ортамен байланысы арқылы түсіндіріледі. Тиісті қоректендіру және қолайла
жағдай жасау арқылы зат алмасуға ықпал етуге болады.
Сонымен, туа біткен ауытқушылық деп, өсіп-жетіліп келе жатқан эмбрионға әр түрлі
қолайсыз факторлардың әсер етуінен пайда болған ауруларды айтады.
Аналық ұрық пен аталық ұрықтың қосылуы нәтижесінде пайда болған зигота аталық
жағынан жарты белгіден және аналық жағынан жарты белгіден тұқым қуалайды. Зигота
аналық организмде дамып, сонда эмбрион барлық қоректік заттар мен оттегін алады.
Іштегі ұрықтың дамуына аналықты азықтандыру режимі, оның жасы, жыныс жолының
құрылысы мен дамуы, аналықтың гормандары және басқа да факторлар әсер етеді.
Аналық организм арқылы өсіп-жетіліп келе жатқан эмбрионға осылайша ықпал етуін
аналық эффект деп атайды.
Аналық эффектінің ролін есек пен жылқыны шағылыстырудан алынған гибридтің
мысалында айқын көруге болады. Егер гибридтік ұрық бие организмінде дамитын болса,
онда қашыр (мул) туады. Ол конституциясы мен экстерьері бойынша біршама мықты
жануар. Егер гибрид есек организмінде дамитын болса, онда қарта қашыр (лошак) туады.
Бұл – аласа жануар. Екі жағдайда да аталық пен аналықтан зигота 50 проценттен
хромосома жиынтығын ала тұрса да, нәтиже мүлде бөлек болып шығады.
Аналық эффектінің патологиядағы роі зор. Сыртқы ортаның көптеген факторлары
мен аналық денсаулығының күйі туа біткен ауытқушылықтың себептері болуы мүмкін.
Туа біткен ауытқушылықты қоздыратын факторлардың ішінен негізгілерін бөліп
қарастыру қажет.
А н а л ы қ о р г а н и з м м е н і ш т е г і т ө л г и п о к с и я с ы. Буаз малдарда
гипоксия ауруы жұтатын ауасында оттегі жетіспегенде, өкпе ауруға шалдыққанда, жүрек
пен тамырлардың жұмысы жеткіліксіз болғанда байқалады. Ұзаққа созылған гипоксия туа
біткен ауытқушылықтың әр түрлі формаларын қоздырады – анцефалия, гидроцефалия,
таңдайдың қосарлануы, көздің болмауы, микроофтальмия, іштегі төлдің өлуі т. б.
Қ о р е к т і ң ж е т і с п е у ш і л і г і. Малда туа біткен ауытқушылықтың көпшілігі
рационда арнайы заттардың жетіспеушілігінен болады. Мысалы, иодтың жетіспеуі
жемсау, яғни зоб (тиреоидизм), мыс жетіспегенде – қозы энзоотиялық атаксия (бұлшық
40
еттің қалыпты жұмысының бұзылуы) ауруына шалдығады. А витамині жетіспегенде
бұзау, қозы, торай кератитке, жақ формасының өзгеруіне, циклопияға (көз кемтарлығы),
ал Д витамині жетіспегенде – туа біткен рахитке шалдығады. Е авитоминозы кезінде бұзау
мен қозы параличке және парезге ұшырайды. Аналық рационында бірқатар амин
қышқылдары, рибофлавин, холин, пантотен қышқылы, магний мен мыстың тапшылығы
әр түрлі ауытқушылықтың – қос таңдайдың, микроэнцефалияның, гидроцефалияның,
анемияның пайда болуына себепші болады.
В и р у с т ы ң ә с е р і . аналық организмнің вирус инфекциясына (аусыл, оба т. б.)
шалдығуы іштегі төлде туа біткен ауытқушылықты тудырады (сирағының болмауы, қос
таңдай т. б.) Буаз болғанына 15-25 күн толған мегежінге шошқа обасының әлсіретілген
вирусын екенде торай ісініп туады, бүйрек формасы өзгереді, танауы ақаулы болады,
сондай-ақ іштегі төл мүлде жетілмей қалады. Буаз болғанына 35-45 күн толған саулыққа
әлсіретілген вирус вакцинасын еккенде, қозының миы ісініп туады.
Х и м и я л ы қ ж ә н е ф а р м а к о л о г и я л ы қ з а т т а р д ы ң ә с е р і. Көптеген
химиялық заттар, кейбір дәрі-дәрмектер мен есірткілер (наркотиктер) буаз организмге
әсер етіп, іштегі төлдің бірқалыпты өсуін бұзады, кемтар етеді. Бірқатар улы заттар,
мәселен, сынап, селен, висмут препараттары туа біткен ауытқушылықты өршітеді.
Құрамында алколоидтары (вератрин, пирролизидин) бар кейбір жеуге жарайтын
өсімдіктер саулықтың буаздық мерзімін ұзартып, қозының бас сүйегі мен миын
зақымдайды. Арамшөптерге және насекомдарға қарсы қолданылатын бірқатар химиялық
препараттар да малда ауытқушылықтың дамуына әсер етеді (афолант қойда ауытқушылық
туғызады; церен мен ципан қоян көжегінің соқыр тууына түрткі болады).
Туа біткен ауытқушылықтың себептері ем ретінде қолданылатын дәрі-дәрмектерден
де болуы мүмкін. Мысалы, мал дәрігерлігі практикасында гемоспоридозды емдеу үшін
трипан көгі қолданылады. Алайда оны буаз малға бергенде төлі аяқсыз, немесе аяғы
қысқарап туады, немесе қос таңдайлы болады. Құсыққа қарсы препарат – меклизиннің,
сондай-ақ алкоголь мен хининнің және есірткі (наркотик) заттардың тератогендік
(кемістікке ұшырататын) қасиеті бар. Буаз малға сульфаниламидтерді, физостигминді
қолдану да төлді кемтарлыққа ұшыратуы мүмкін.
Г о р м а н а л д ы қ ф а к т о р л а р. Буаз малдың инсулиндік талықсуы
анцефалияға, яғни төлдің аяқсыз тууына ұшыратады. Бір сиырдан егіз туған жынысы әр
түрлі бұзаулар кейіннен бір-бірімен шағылысқа түскенде, бұқаның жыныстық гормоны
теріс ықпал ететіндіктен қысыр қалады. Мұндайда жалған гермофродитизм болуы мүмкін.
Кортизон гормональдық препаратын тышқанға буаздығының бастапқы кезінде
қолданғанда, оның балаларында қос таңдайлық жиілей түседі екен. Биеге буаздығының
12-16 күнінде эстрол мен мен эстрадиолды қолданғанда да осындай құбылыс байқалады.
М е х а н и к а л ы қ ә с е р. Ұрық қабығының тарлығы, амнионның созылуы немесе
аналығы құлаған кезде ұрықтың жарақаттануы туа біткен ауытқушылыққа ұшыратуы
мүмкін.
Аналықтың ұзақ уақыт қызбалы күй кешуі немесе дене қызуының шамадан тыс
көтерілуі (гипертермия) іштегі төлдің өлуіне, анцефалияға, қосарлы таңдайға немесе
аяқсыз тууға ұшыратады.
Буаз малға рентген сәулесін немесе иондаушы сәулені көп дозада қолдану іштегі
төлдің ауытқушылығын жиілете түседі.
Атап көрсететін жайт, буаз малға әсер ететін себептің біреуі түрліше әсер етуі
мүмкін. Бұлай болатын себебі: іштегі төл даму барысында бірнеше сатыдан өтіп, енесінен
төліне қоректік заттар әр түрлі жағдайда келеді. Ұрықтың және ұрық байлану
кезеңдерінде эмбрионның қоректенуі гистотрофты, ал ұрықтық кезеңде жетіліп келе
жатқан ұрық, қағанақ арқылы гематрофтық қорекпен жеткілікті қамтамасыз етілуі тиіс.
Ұрықтық кезеңде қағанақ ұрық үшін әрі қорғаныш, әрі реттеу ролін атқарады.
Жоғарыда аталған сәбептерге байланысты, қолайсыз факторлардың әсері әсіресе
буаздықтың алғашқы үштен бір кезеңінде күшті байқалады. Алғашқы күндері (1-6),
41
ұрықтанған аналық клеткалар жетілгенге дейін (имплантация), тканьдердің қалыптасуы
басталып, іштегі ұрық тез өліп, кейіннен ол таралып кетеді. Осы сатыда эмбрионның
дамуына Е витамині едәуір ықпал етеді, ал ол аналық организмде жетіспегенде жатырдың
кілегей қабығында аналық клетканың жетілуі нашарлайды.
Егер патогендік фактор едәуір кеш мерзімде, эмбриондағы әр түрлі тканьдер мен
органдар қалыптаса бастаған кезде (10-60 күнде) әсер етсе, онда көбінесе, іштегі төлде
ауытқушылық пайда болады. Органдар қалыптасып, бірақ жетілуін аяқтай қоймаған кезде
патогендік фактордың әсер етуі күшті зақымдайды.
Егер патогендік факторлардың ұзақтығы мен ауырлығы көбірек болса, онда әр түрлі
ауытқушылық арта түсетіндігі байқалған.
Туа біткен ауытқушылықты тудыратын себеп факторларының өте көптігіне
қарамастан, олардың эмбрионға әсер ету механизмі көп жағдайда ұқсас келеді. Гипоксия,
химиялық заттар, қағанақ қан айналысының бұзылуы – бұлардың барлығы түптеп
келгенде дамып келе жатқан эмбрионды қарқынды қалыптаса бастағанда метаболизимге
ұшыратып, оның тканьдерінің біркелкілігін және даму тездігін тежейді немесе бұзады.
Сол патогендік факторлардың буаздықтың соңғы үштен бір кезеңінде әсер етуіне
іштегі төл едәуір төзімді келеді екен. Бұл кезеңде кемістік сирек болады немесе мүлде
болмайды. Алайда патологияның өте ауыр формасында мал іш тастауы немесе төлі өлі
тууы мүмкін.
Буаздығының екінші жартысында аналық организмге патогендік фактордың күшті
әсер етуі енесін де, іштегі төлді де бір мезетте өлтіріп жіберуі мүмкін, бірақ мұндай
жағдайда өлі туған төлде ешқандай ауытқушылық белгісі байқалмайды.
Туа біткен ауытқушышылық тұқым қуаламайды. Буаз аналыққа және іштегі төлге
қолайлы жағдай жасау арқылы оны болдырмауға болады және болдырмау қажет те.
О р г а н и з м к о н с т и т у ц и я с ы н ы ң п а т о л о г и я д а ғ ы р о л і. Патология
үшін мал конституциясының да айрықша маңызы бар. Конституция (constitutio – дене
бітімі) деп, организмнің бүкіл функционалдық және морфологиялық қасиетінің
жиынтығын айтады. Мал конституциясы біршама берік, сыртқы агенттердің және оның
тұқым қуалаушылығы нәтижесінде сыртқы ортамен өзара әрекетінің реакциясына
қалыптасқанболуы тиіс. Организмнің конституционалдық қасиетіне көне уақыттың өзінде
зор көңіл бөлген болатын. Конституция – организм сөлінің араласуын белгілейді, ал
аурудың болатын себебі осындай араласудың бұзылуынан – деп, атап көрсетті Гиппократ.
Ол конституцияны: жақсы, нашар, әлсіз, құрғақ және ылғалды деп бөлді. Гиппократ
адамдарды сангвинник (қуатты, ширақ), холерик (тез ашуланғыш), меланхолик (тұйық,
бұйығы) және флегматиктер (енжар) деп бөлді. Қазіргі күнге дейін конституцияны
түсінудің екі бағыты қолданылып келеді.
1. Конституция өзгеріссіз және тұқым қуалағыштықтың өзгермейтіндігіне
негізделген.
2. Конституция тұрақты емес, ол өзгермелі. Мұндай өзгерістер ауырлық күшінің
сыртқы орта факторларының және климаттық факторлардың әсерінен пайда болады.
Конституция жіктеу тарапында бірқатар жұмыстар бар. Мәселен, Сиго адамдар дене
құрылысының ерекшеліктеріне қарай 4 типке бөлді.
1. Респираторлық (тыныстық тип) – кеудесі ұзын, сүйір үшбұрышты, мойны ұзын, іші
біршама тартыңқы, бет формасы алты бұрышты;
2. Мускулдық (бұлшық еттік тип) – кеудесі жетілген, иық белдеуі жалпақ, әрі биік,
беті шаршы (квадрат) формалы;
3. Дигестивтік (ас қорыту типі) – бет әлпетінің 1/3 бөлігі күшті дамыған, шықшытты,
қысқа мойынды, іші шығыңқы;
4. Цребральдық (милық типі) – нәзік, жұқа мүсінді, бас сүйегі үлкен, кең маңдайлы.
Осындай жіктеуімен қатар, конституцияны зат алмасуы бойынша анықтау әрекеті де
болды (Вериго) : гиперстениктер, нормостениктер, гипостениктер.
42
А. А. Богомолец өз теориясына сүйене отырып, конституцияның мынадай түрлерін
ажыратты:
1. болбыр дәнекер тканьді жануарлар мен адамдар;
2. дәнекер тканьдердің липоматоздығы (семіруге бейімдігі):
3. фиброзды тығыз дәнекер ткань;
4. астеникалық (жұқа, нәзік дәнекер тканьді).
Эппингер және Гесс вегативтік нерв жүйелерінің ерекшіліктеріне қарай жануарлар
мен адамдарды:
Достарыңызбен бөлісу: |