Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика


§7. Модельдеудің негізгі ұғымдары



бет77/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   234
Байланысты:
Информатика

§7. Модельдеудің негізгі ұғымдары

Жоспар


7.1. Модель және модельдеу ұғымдары.

7.2. Модель және модельдеу түрлері.

7.3. Модельдеу процесі.
7.4. Модельді көрсету әдістері.
7.1. Модель және модельдеу ұғымдары
Модельдерді құру және қолдану жанды және жансыз табиғаттанудың барлық ғылымдарында, қоғамтануда танымның қуатты құралы болып табылады.
"Модель" термині латынның "modelium" – шара, кейіп, сипат, әдіс, т.с.с сөзінен шыққан. Оның алғашқы мәні құрылыс өнерімен байланысты болды, ол еуропа тілдерінің баршасында дерлік кейіпті, образды немесе елесті, немесе басқа зат іспеттес затты белгілеу үшін қолданылды.
Модель және модельдеубұл бесаспап ұғымдар, кез келген кәсіби аймақта, объектіні1, үрдісті құбылыстарды танудың ең бір қуатты әдістерінің анықтауышы (атрибуты).
Модель – нақты объектіні зерттеу үшін, натуралды экспериментті жасау мүмкіндігі болмай, әрі қымбат, ұзақ, қауыпті болған жағдайда, сол объектіні ауыстыру тәсілі.
Ғылыми танымда модель жүйелі және мазмұнды құрастырушылық ролін атқарады. Модельдеу арқылы заттардың белгісіз қасиеттері зерттеледі. Модель құбылыстардың құрылымын, оның басты аспектілерін неғұрлым ашық көрсетуге ұмтылады.
Модель заттың мәнінің және үрдістердің негізгі қасиеттерінің айқындалуының шоғарланған түрі болып табылады.
Модельдер, өзінің жоғары деңгейлі көрнекілік қасиеттеріне байланысты, оқыту және таным үрдістерінде белсенді қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет