Пдд қазақстан Жол жүрісі қағидалары Жалпы ережелер


 Маршруттық көлік құралдарының басымдығы



Pdf көрінісі
бет18/35
Дата31.10.2022
өлшемі1,97 Mb.
#46414
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
Байланысты:
ПДД 2022 - Жаңа формат @baizhumaev

 
18. Маршруттық көлік құралдарының басымдығы 
1. Жол қиылысынан тыс, трамвай жолдары жолдың жүру бөлігін кесіп өтетін 
жерлерде трамвай, деподан шыққаннан жағдайлардан басқа, рельссіз көлік 
құралдарының алдында артықшылыққа ие болады.


2. 5.9, 5.10.1 – 5.10.3 белгілерімен белгіленген маршруттық көлік 
құралдарына арналған жолағы бар жолдарда осы жолақпен қоғамдық 
көліктерден басқа көлік құралдарының жүруі жүзеге асырылмайды және 
аялдауына болмайды (Қағидалардың 24-бөлімінің 2 және 4-тармақтарында 
көзделген жағдайларды қоспағанда).
Егер 5.9 белгісімен белгіленген жолақ қалған жолдың жүру бөліктерінен 
үзік-үзік таңбалау сызықтарымен бөлінген болса, онда бұрылу кезінде көлік 
құралдары соған орын ауыстырады. Сондай-ақ мұндай жерлерде бұл жолаққа 
егер бұл маршруттық көлік құралдарына және басқа да қоғамдық көлікке кедергі 
тудырмайтын болса, жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетінен жолға кірер кезде 
және жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін кіруге рұқсат етіледі.
3. Елді мекендерде жүргізушілер белгіленген маршрутпен жүріп келе 
жатқан, белгіленген аялдамалардан жүруді бастайтын троллейбустар мен 
автобустардың жүргізушілеріне жол береді. Троллейбустар мен автобустардың 
жүргізушілері оларға жол берілгендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана жүруді 
бастайды. 
 
19. Сыртқы жарық беру аспаптарын және дыбыстық 
сигналдарды пайдалану 
1. Тәуліктің қараңғы уақытында және жолдың жарықтандырылуына 
қарамастан көрінуі жеткіліксіз жағдайларда, сондай-ақ тоннельдерде көлік 
құралдарының мынадай жарық беру аспаптары:
1) барлық механикалық көлік құралдары мен мопедтерде - габариттік оттар 
мен алыс және жақын жарық фаралары, велосипедтерде - фаралар немесе 
фонарьлар, көлік арбада - фонарьлар (олар болған кезде);
2) тіркемелер мен сүйретпе механикалық көлік құралдарында - көлемдік 
оттар іске қосылады.
2. Мынадай:
1) егер жол жарықтандырылған болса, елді мекендерде;
2) қарсы келіп жол айырысу кезінде көлік құралына дейін кемінде бір жүз 
елу метр, сондай-ақ қарсы келе жатқан көлік құралының жүргізушісі фараның 
жарығын мезгіл-мезгіл жағып-сөндіріп, мұның қажет екендігін көрсетсе, одан да 
үлкен арақашықтықта;
3) қарама-қарсы, сонымен бірге ілеспе көлік құралдары жүргізушілерінің 
көзін шағылыстыру мүмкіндігін болдырмау үшін кез келген басқа жағдайларда 
алыс жарық жақын жарықпен ауыстырылады.


Жүргізуші көзі шағыстырылған кезде авариялық жарық сигнал беруді іске 
қосады, жүру жолағын ауыстырмай тоқтайды.
3. Тәуліктің қараңғы уақытында жолдың жарықтандырылмайтын 
учаскесінде, сондай-ақ көрінуі жеткіліксіз жағдайларда тоқтаған және тоқтап 
тұрған кезде көлік құралында габариттік оттар жағылады. Көрінуі жеткіліксіз 
жағдайларда габариттік оттарға қосымша жақын жарық фаралары, тұманға 
қарсы фаралар және артқы тұманға қарсы фаралар іске қосылуы мүмкін.
Габариттік оттардың ақауы болған жағдайда, көлік құралы жолдан тыс 
әкетіледі, ал егер бұл мүмкін болмаса, көлік құралы осы Қағидалардың 7-бөлімі 
1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес белгіленеді.
4. Жабық аумақтарда пайдаланылатын және жалпы пайдаланылатын 
жолдарда пайдалануға жатпайтын технологиялық көлікті, сондай-ақ шаруа және 
фермер қожалықтарының ішінде пайдаланылатын осы қожалықтардың 
автокөлігін қоспағанда, М2, М3, N2, N3, 02, 03, 04 санаттарындағы көлік 
құралдарының бүйір және артқы жақтарының контурлары ҚР СТ МемСТ Р 
51253 және ҚР СТ МемСТ Р 41.104 сәйкес жарық шағылыстыратын 
материалдармен таңбаланады.
5. Тұманға қарсы фаралар:
1) жекелей, сол сияқты фараның жақын және алыс жарығымен бірге, көріну 
жеткіліксіз жағдайларда;
2) тәуліктің қараңғы уақытында жолдың жарықтандырылмайтын учаскесінде 
фараның жақын және алыс жарығымен бірге;
3) осы бөлімнің 7-тармағында көзделген жағдайларда фараның жақын 
жарығының орнына пайдаланылуы мүмкін.
6. Тұманға қарсы фаралар алыс және (немесе) жақын жарық фараларының 
қосылғанына қарамастан, габариттік оттар қосылған кезде қосылады.
7. Тәуліктің жарық уақытында жүріп келе жатқан барлық көлік 
құралдарында оларды белгілеу мақсатында жақын жарық фаралары немесе 
күндіз жүру оттары қосылады.
8. Фара-прожекторды және фара-іздеушіні қарсы көлік құралдары жоқ кезде 
елді мекеннен тыс жерлерде ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Елді мекендерде 
мұндай фараларды тек қана жедел және арнаулы қызметтер көлік құралдарының 
жүргізушілері қызметтік тапсырманы орындау кезінде пайдалана алады.
9. Тұманға қарсы артқы фонарьлар көріну жеткіліксіз жағдайларда ғана 
қолданылады. Тұманға қарсы артқы фонарьлар тоқтау-сигналдарына 
қосылмайды.


10. "Автопойыз" таным белгісі автопойыздың жүруі кезінде, ал тәуліктің 
қараңғы уақытында және көріну жеткіліксіз жағдайларда, сонымен қатар ол 
тоқтаған және тоқтап тұрған кезде іске қосылады.
11. Қызғылт сары немесе сары түсті жарқылдауық маяк жолдарды салу, 
жөндеу немесе күтіп ұстау, зақымданған, бұзылған және өзге де көлік 
құралдарын тиеу және тасымалдау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде 
көлік құралдарында; ауыр салмақты, ірі габаритті жүктерді тасымалдауды 
жүзеге асырған кезде көлік құралдарында; ауыр салмақты, ірі габаритті және 
қауіпті жүктерді тасымалдауда бірге жүретін көлік құралдарында; 
ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустарда; 
күзетілетін объектілерге рұқсатсыз кірген кезде жеке меншік ұйымдары жедел 
ден қою ұтқыр топтарының көлік құралдарында; жолдарда қызмет өткеру 
кезінде көліктік бақылау органдары жылжымалы көліктік-бақылау пункттерінің 
көлік құралдарында; бағалы заттарды инкассациялау үшін маршрутқа шыққан 
кезде инкассация қызметтерінің мамандандырылған көлік құралдарында; 
ұйымдасқан велосипедшілер топтарымен бірге жүретін көлік құралдарында; 
өсімдіктер 
және 
жануарлар 
дүниесін 
қорғау 
саласындағы 
құқық 
бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі қызметті атқаратын көлік құралдарында 
іске қосылады.
12. Дыбыс сигналдары тек қана:
1) басқа жүргізушілерге елді мекеннен тыс жерде басып озу ниетін ескерту 
үшін;
2) бұл жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін қажет болған жағдайларда 
қолданылады.
13. Басып озу туралы ескерту үшін, сондай-ақ осы Қағидалардың 9-бөлімі 4-
тармағында көзделген жағдайларда жарық сигналы тәуліктің жарық уақытында 
мезгіл-мезгіл қысқа уақытқа фараның жарығын жағып-сөндірумен, ал тәуліктің 
қараңғы уақытында — бірнеше қайтара фараның жақын жарығын алыс жарыққа 
ауыстырумен беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет