тудыратын болса, іске қосылған бағыттаушы көрсеткен бағытта жүрісін
жалғастырады.
11. Маңызы бірдей емес жолдардың қиылысында екінші дәрежелі жолдың
бойымен жүріп келе жатқан көлік құралының жүргізушісі олардың әрі қарай
жүру бағытына қарамастан, басты жолмен жақындап қалған, оның ішінде кері
бұрылуды жүзеге асыратын көлік құралына жол береді. Бөлу жолағы бар басты
жолмен жүріп бара жатқан жүргізуші жол қиылысында кері бұрылуды жүзеге
асырмас бұрын, екінші дәрежелі жолмен жол қиылысына жақындаған көлік
құралының оған жол беретіндігіне көз жеткізеді.
12. Жол қиылысында басты жол бағытын өзгерткен жағдайда, басты жолмен
жүретін жүргізушілер маңызы бірдей жолдардың қиылысынан жүріп өту
қағидаларын өзара басшылыққа алады. Екінші дәрежелі жолмен жүріп келе
жатқан жүргізушілер де осы қағидаларды басшылыққа алады.
13. Маңызы бірдей жолдардың қиылысында рельссіз көлік құралдарының
жүргізушісі оң жақтан жақындап қалған көлік құралына жол береді.
Трамвайлардың жүргізушілері де өзара осы қағидаларды басшылыққа алады.
Мұндай жол қиылыстарында, оның жүру бағытына қарамастан, рельссіз
көлік құралдарының алдында трамвай артықшылыққа ие болады.
14. Солға немесе кері бұрылған кезде рельссіз көлік құралының жүргізушісі
қарсы бағытта маңызды бірдей жол бойымен тіке немесе оңға жүріп келе жатқан
көлік құралдарына жол береді. Трамвайлардың жүргізушілері де өзара осы
қағидаларды басшылыққа алады.
15. Жол жабынының бар-жоғын анықтау мүмкін болмаған (тәуліктің қараңғы
уақыты, балшық, қар және сол сияқты) және басымдық белгілері жоқ жағдайда,
жүргізуші екінші дәрежелі жолдамын деген қағидатты басшылыққа алады.
Достарыңызбен бөлісу: