Пдд қазақстан Жол жүрісі қағидалары Жалпы ережелер


 Жаяу жүргіншілер өткелдері және маршруттық көлік



Pdf көрінісі
бет16/35
Дата31.10.2022
өлшемі1,97 Mb.
#46414
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
Байланысты:
ПДД 2022 - Жаңа формат @baizhumaev

 14. Жаяу жүргіншілер өткелдері және маршруттық көлік 
құралдарының аялдамалары 
1. Көлік құралының жүргізушісі өзінің жүру бағытындағы жолдың жүру 
бөлігін реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойымен өтіп келе жатқан жаяу 
жүргіншілерге жол береді.
2. Егер көлік құралы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі алдында аялдаса 
немесе жүрісін баяулатса, көршілес жол жолағы бойымен жүруші басқа көлік 
құралдарының жүргізушілері аялдаған немесе жүрісін баяулатқан көлік 
құралының алдында жаяу жүргіншінің жоқ екендігіне көз жеткізгеннен кейін 
ғана жүрісін жалғастыра алады.


3. Реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде бағдаршамның рұқсат беретін 
сигналы іске қосылғанда, жүргізуші оның бағытындағы жолдың жүру бөлігін 
кесіп өтуді аяқтап қалған жаяу жүргіншіге жол береді.
4. Егер өзінен кейін жүргізушіні жаяу жүргінші өткелінде аялдауға мәжбүр 
ететін кептеліс пайда болса, жаяу жүргінші өткеліне шығуға тыйым салынады.
5. Барлық жағдайларда, оның ішінде жаяу жүргіншілер өткелінен тыс 
жерлерде де, жүргізуші ақ түсті таяқпен сигнал берген соқыр жаяу жүргіншіні 
өткізіп жібереді.
6. Жүргізуші аялдамада тұрған маршруттық көлік құралына немесе одан 
(есік жағынан) келе жатқан жаяу жүргіншіге, егер көлікке отырғызу немесе 
түсіру жолдың жүру бөлігінде немесе онда орналасқан отырғызу алаңында 
жүзеге асырылатын болса, жаяу жүргіншілерге жол береді.
7. "Балаларды тасымалдау" деген таным белгісі бар тоқтап тұрған көлік 
құралына жақындағанда жүргізуші жылдамдықты азайтады, қажет болған 
жағдайда тоқтайды және балалар тобын өткізіп жібереді. 
 15. Теміржол жолдары арқылы жүру 
1. Көлік құралдарының жүргізушілері теміржол жолдарын пойызға 
(локомотивке, дрезинаға) жол бере отырып, тек қана теміржол өтпелері бойымен 
кесіп өтеді.
2. Теміржол өтпесіне кіру жолында жүргізуші жол белгілерінің, 
бағдаршамдардың, таңбалаудың талаптарын, шлагбаумның орналасуын және 
өтпе бойынша кезекшінің нұсқауын басшылыққа алады, және бұдан басқа, 
жақындап қалған пойыздың (локомотивтің, дрезинаның) жоқ екендігіне көз 
жеткізеді.
3. Мынадай жағдайларда:
1) шлагбаум жабық тұрған немесе ол жабыла бастаған кезде (бағдаршам 
сигналына қарамастан);
2) бағдаршамның тыйым салатын сигналы кезінде (шлагбаумның 
орналасуына және оның бар-жоғына қарамастан);
3) өтпе кезекшісінің тыйым салатын сигналы кезінде (кезекші жүргізушіге 
алдымен немесе теріс жағымен тұрған, таяқша, қызыл фонарь немесе жалауша 
ұстаған қолын жоғары көтерген не қолдарын екі жаққа созған);
4) егер өтпенің арғы жағында жүргізушіні өтпеде тоқтауға мәжбүр ететін 
кептеліс пайда болса;
5) егер көріну шегінде өтпеге пойыз (локомотив, дрезина) жақындап қалса, 
теміржол өтпесіне шығуға тыйым салынады.
Сонымен қатар:


1) теміржол өтпелерінен тыс жерде теміржолдардан өтуге;
2) қарсы жүру жолағына шыға отырып, теміржол өтпесі алдында тұрған 
көлік құралдарын айналып өтуге;
3) теміржол өтпесіндегі шлагбаумды өз бетімен ашуға;
4) теміржол дистанциясы бастығының рұқсатынсыз теміржол өтпесі арқылы 
ауыл шаруашылығы, жол, құрылыс және басқа да машиналар мен 
механизмдерді көліктен тыс жағдайда өткізуге, жылдамдығы сағатына 8 
километрден кем баяу жүретін машиналардың, сондай-ақ трактор шана-
сүйретпелерінің жүруіне тыйым салынады.
4. Өтпе арқылы жүруге тыйым салынған жағдайда, жүргізуші тоқтау-
сызығының, 2.5 белгісінің немесе бағдаршамның алдында, ал егер олар жоқ 
болғанда - теміржол өтпесі шекарасында тоқтайды.
5. Өтпе үстінде амалсыздан аялдаған кезде жүргізуші дереу жолаушыларды 
түсіреді және өтпені босату үшін шаралар қолданады. Жүргізуші бір мезгілде 
мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асырады:
1) мүмкіндік болған кезде жол бойымен екі адамды екі жаққа өтпеден бір 
мың метрге (егер біреу болса, онда жолдың нашар көрінетін жағына), өздеріне 
жақындап келе жатқан поездың (локомотивтің, дрезинаның) машинисіне тоқтау 
сигналын беру ережесін түсіндіріп жібереді;
2) көлік құралының қасында қалып және жалпы дабыл қағу сигналдарын 
береді;
3) пойыз көрінген бойда тоқтау сигналын беріп, оған қарсы жүгіреді.
Ескертпе. Қолдың шеңбер жасай қозғалуы (күндіз ашық түсті матаның 
қиындысымен немесе қандай да болмасын жақсы көрінетін затпен, түнде 
шырақпен немесе фонарьмен) тоқтау сигналы болып табылады. Бір ұзақ және 
үш қысқа дыбыстық сигналдар сериясы жалпы дабыл қағу сигналы болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет