«Педагог» кәсіптік стандарты


КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: «Өндірістік оқыту шебері »



бет17/21
Дата22.10.2022
өлшемі149,07 Kb.
#44828
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: «Өндірістік оқыту шебері »

Код:

233

Топ коды:




Кәсіп:

Өндірістік оқыту шебері

Кәсіптік басқа да ықтимал атаулары:

Өндірістік оқыту шебері, техник (барлық атаулар)

СБШ бойынша біліктілік деңгейі :

6

Кәсіптің негізгі мақсаты

Мамандық шеңберінде кәсіптік және жеке құзыреттерді игеру бойынша білім алушылардың қызметін ұйымдастыру, оқыту нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету; оқу-өндірістік процесті әдістемелік және техникалық қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіптік даму басымдықтарын айқындау, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеу

Кәсіптік қызмет

Негізгі кәсіптік қызмет

1. Оқу-өндірістік процесті жүзеге асыру

2. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг және бағалау жүргізу, оның ішінде цифрлық ресурстар арқылы

3. Оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру

Қосымша кәсіптік қызмет

1. Кәсіптік бағдар беру жұмысына қатысу

2. Қысқа мерзімді даярлау (тренингтер), қайта даярлау және біліктілікті арттыруды өткізу

Кәсіптік қызмет
1. Оқу – өндірістік процесті жүзеге асыру

1 міндет:
Оқу – өндірістік процесті жоспарлау

Білім
1. Өндірістік оқыту және практика бағдарламаларының мазмұны
2. Педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілер
3. Оқытылатын мамандық бойынша салалық және кәсіптік стандарттар
4. Тәрбие жұмысының негізгі принциптері

Білік және дағдылар
1. Курстың мазмұны мен оқыту әдістемесін жоспарлау
2. Оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу
3. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру бойынша командада жұмыс істеу

2 міндет:
Оқу – өндірістік процесті ұйымдастыру

Білім
1. Педагогика, психология негіздері, кәсіптік оқыту және тәрбиелеу әдістемелері
2. Білім беру процесін ұйымдастыру бөлігіндегі білім беру ұйымының жергілікті актілері
3. Білім алушыларды саралау технологиялары және олардың айырмашылықтары

Білік және дағдылар
1. Ұйымдастыру-басқару қызметін жүзеге асыру
2. Адамгершілік-этикалық және құқықтық нормаларға сәйкес өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар өткізу
3. Оқу зертханалары мен шеберханаларының материалдық-техникалық кешеніне күнделікті қызмет көрсетуді орындау
4. Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, оқытудың инновациялық технологияларын, әдістері мен тәсілдерін қолдану
5. Ата-аналармен, кәсіптік қауымдастықпен және қоғаммен өзара әрекеттесу
6. Топта өндірістік оқытуды, кәсіптік практиканы және тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу бойынша құжаттаманы жүргізу
7. Оқыту мен тәрбиелеудегі тәуекелдерді басқару

Кәсіптік қызмет
2. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу

1 міндет:
білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу

Білім
1. WorldSkills стандарттары (болған жағдайда)
2. Оқу жетістіктерін бағалау технологиялары
3. Білім алушыларды ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу қағидалары

Білік және дағдылар
1. Бағалау құралдарын әзірлеу
2. Оқу жетістіктерінің мониторингін жүзеге асыру
3. Оқыту нәтижелерін өңдеу және жүйелі талдау
4. Оқыту нәтижелерін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу

Кәсіптік қызмет
3. Оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру

1 міндет :
өндірістегі тағылымдама, біліктілікті арттыру және / немесе қайта даярлау

Білім
1. Педагогтер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау қағидалары мен рәсімі
2. Кәсіпорынның ерекшелігіне сәйкес еңбек қауіпсіздігі ережелері

Білік және дағдылар
1. Жеке даму траекториясын жоспарлау
2. Кәсіби өзін-өзі дамытуды жүзеге асыру
3. Өз тәжірибесін жалпылау

2 міндет.
өндірістік оқыту бойынша оқулықтарды, оқу және әдістемелік құралдарды әзірлеу және байқаудан өткізу

Білім
1. Оқулықтар мен оқу құралдарының авторларына қойылатын талаптар
2. Өндірістің заманауи технологиялары
3. Оқулықтарды, оқу және әдістемелік құралдарды жобалау және әзірлеу негіздері
4. Оқулықтардың, оқу және әдістемелік құралдардың сапасын бағалау критерийлері

Білік және дағдылар
1. Сенімді және өзекті ақпаратты таңдау
2. Оқулықтар, оқу және әдістемелік құралдар мазмұнының сапасын бағалау
3. Оқулықтар, оқу және әдістемелік құралдар әзірлеу
4. Оқу-әдістемелік құралдардың сапасын арттыруды қамтамасыз ету

3 міндет: тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау

Білім
1. Тәлімгерлерге қойылатын талаптар
2. Ынтымақтастық педагогикасы

Білік және дағдылар
1. Кеңес беру және тәлімгерлікті жүзеге асыру
2. Жас өндірістік оқыту шеберінің құндылық бағдарларын қалыптастыруға ықпал ету
3. Өндірістік оқытудың жас шеберін дамытудың жеке траекториясын анықтау

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Коммуникабельділік, күйзеліске төзімділік, өзін-өзі дамытуға дайындық, беделділік, эмоциялық теңгерімділік, жауапкершілік, орындаушылық, көшбасшылық қасиеттер, бастамаларды генерациялау және ілгерілету қабілеті

СБШ басқа кәсіптермен байланыс

2331-001

Білім беру саласындағы оқытушылар, колледж
Өндірістік оқыту шебері - 5 деңгей

БТБА немесе БА немесе кәсіптердің басқа анықтамалықтарымен байланыс







Білім беру және біліктілік жүйесімен байланыс

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, бакалавриат, магистратура




Біліктілігі:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет