«Педагог» кәсіптік стандарты


КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: «Мектеп мұғалімі»



бет13/21
Дата22.10.2022
өлшемі149,07 Kb.
#44828
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: «Мектеп мұғалімі»

Код:

235
236

Топ коды:

2350
2361

Кәсіп:

Білім беру ұйымының мұғалімі

Кәсіптің басқа да ықтимал атаулары:

Педагог



СБШ бойынша біліктілік деңгейі:

5-7.2

Кәсіптің негізгі мақсаты

Білім алушының жеке басының білімін, іскерлігін, дағдыларын және зияткерлік, адамгершілік, шығармашылық және физикалық дамуын қалыптастыру

Кәсіптік қызмет

Негізгі кәсіптік қызмет

1. Білім беру процесін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асыру

2. Білім алушылардың оқу бағдарламаларын игерудің ағымдағы және қорытынды нәтижелерін ұйымдастыру және жүзеге асыру

3. Мамандыққа қоғамдық сенімді қолдау және білім алушыларды құндылықтар жүйесіне тарту, педагогикалық этиканы сақтау

4. Оқу – әдістемелік қызметті жүзеге асыру

Қосымша кәсіптік қызмет

Бағдарламаларды, элективті курстардың ОӘК-нін әзірлеу, іс - шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу

Кәсіптік міндет
1. Оқу процесін жүзеге асыру

1 міндет: оқу процесін жоспарлау

Білім
1. Білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілер
2. Оқу пәнінің мазмұны, оқыту мен бағалаудың әдістемелері мен технологиялары
3. Оқу бағдарламасының теориялық және әдістемелік негіздерін танымдық процесс заңдылықтарымен өзара байланыста

Білік және дағдылар
1. Сабақ жоспарларын оқытудың тиісті әдістемелері мен бағалау құралдарын анықтай отырып, білім алушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін сәйкес отырып құру
2. Оқушылардың жеке даму траекториясын олардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып жобалау
3. Оқу процесінің мазмұнын практиканы зерттеу нәтижелерін қолдана отырып жоспарлау
4. Оқу процесін қарқынды тәжірибе жағдайында жоспарлау
5. Оқу бағдарламаларын әзірлеу және/немесе өзектендіру және олардың тиімділігін бағалау

2 міндет:
Оқу процесін ұйымдастыру

Білім
1. Нормативтік құқықтық актілер
2. Еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары
3. Оқыту әдістемесінің негіздері, оқытудың қазіргі заманғы технологиялары, соның ішінде АКТ
4. Жас ерекшеліктері мен жеке даму заңдылықтары
5. Инклюзивті білім беру принциптері
6. Құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру
7. Білім алушылардың коммуникативтік, ақпараттық, құқықтық, құзыреттілігін қалыптастыру принциптері мен әдістері

Білік және дағдылар
1. Сыныптағы денсаулық сақтау ортасын және эмоционалды-психологиялық климатты қолдау
2. Сабақтарды оқушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, тиісті оқыту әдістемелерін және оқу жетістіктерін бағалау құралдарын қолдану негізінде өткізу
3. Оқытудың заманауи технологияларын қолдану
4. Кәсіптік қызметте білім беру ресурстарының, әлеуметтік желілердің кең спектрін қолдану
5. Оқытудың әдістері мен тәсілдерін білім алушылардың қажеттіліктері мен жас ерекшеліктерін ескере отырып анықтау
6. Қолжетімді оқу ортасын әрбір білім алушының әлеуетін ашу үшін оның ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып құру
7. Тиімді қарым-қатынасты жүзеге асыру, білім алушылардың тілдік құзыреттіліктерін дамыту
8. Сараптаманы бағдарламаларға, оқу-әдістемелік кешендерге, оқулықтарға ғылыми-негізделген практиканы әзірлеу үшін жүзеге асыру
9. Тәжірибені оқытудың күрделі мақсаттарын жобалау бойынша енгізеді және таратады

Кәсіптік міндет
2. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау

1 міндет:
Білім алушылардың білім мазмұнын меңгеруінің прогресі мен деңгейін бақылау

Білім
1. Ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқушылардың үлгерімін бақылау стратегиялары
2. Білім алушыларды ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу қағидалары

Білік және дағдылар
1. Білім алушыларды критериалды бағалау жүйесін қолдану
2. Білім алушылардың үлгеріміне мониторинг жүргізу, мақсат қою және келесі сабақтарды жоспарлау
3. Бағалау құралдарын әзірлеу
4. Ерекшеліктер мен қажеттіліктерді диагностикалау нәтижелері негізінде оқушылардың жеке білім беру бағытын анықтау
5. Оқушылардың оқу нәтижелерін, прогресті және жақсарту жолдарын бақылау
6. АКТ жағдайында бағалаудың заманауи тәсілдерін қолдану (электрондық құжаттама, электрондық журнал және күнделік)

Кәсіптік міндет
3. Мамандыққа қоғамдық сенімді қолдау және білім алушыларды құндылықтар жүйесіне тарту

1 міндет:
Мектепте және одан тыс жерлерде этика мен мінез-құлық ережелерін сақтау

Білім
1. Педагогикалық этика нормалары

Білік және дағдылар
1. Педагогикалық қызметті адамгершілік-этикалық және құқықтық нормаларға сәйкес ұйымдастыру
2. Білім алушылардың оқу-танымдық қызметін уәждей отырып, оларды оқыту және тәрбиелеу процесіне тарту мақсатында білім алушылардың мінез-құлқын басқару
3. Білім алушылармен сенімді қарым-қатынасты сақтау, демократиялық, адалдық және кәсіби қарым-қатынас этикасын көрсету
4. Педагогикалық процестің барлық қатысушыларының субъект-субъектілік өзара іс-қимылын ұйымдастыру, білім беру процесін басқару технологиясын меңгеру
5. Үлгілі мінез-құлықты көрсету және кәсіби қатынастарда негізделген пайымдаулар жасау

2 міндет:
Бірыңғай құндылықтарды қабылдау арқылы тұлғаның құндылық-мағыналық саласын кеңейту және нығайту

Білім
1. Мектептің тәрбие қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық және нұсқаулық құжаттар
2. Тәрбие жұмысының әдістемесінің негіздері, тәрбиенің қазіргі заманғы тұжырымдамалары
3. Негізгі денсаулық сақтау және дене шынықтыру-сауықтыру технологиялары
4. Білім алушыларда көпмәдениетті білім негіздерін қалыптастыру тәсілдері

Білік және дағдылар
1. Тәрбие жұмысының заманауи нысандары мен әдістерін сабақта да, сабақтан тыс іс-әрекетте де қолдану
2. Жеке даму траекториясын құра отырып, білім алушылардың жеке өсуіне ықпал ету
3. Мәдени әртүрлілікке ашықтықты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды сақтай отырып көрсету
4. Білім алушының эмоционалды-құндылық саласын дамытатын тәрбие жұмысын жобалау (тәжірибе мәдениеті және құндылық бағдары)
5. Білім алушылардың салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету
6. Ата-аналармен, мұғалімдермен және қоғаммен ынтымақтастық

Кәсіптік міндет
4. Оқу – әдістемелік қызметті жүзеге асыру



1 міндет:
Оқу-әдістемелік материалдарды дайындау және әзірлеу

Білім
1. Оқу-әдістемелік материалдарды жобалау және әзірлеу негіздері
2. Оқу-әдістемелік материалдардың сапасын бағалау критерийлерінің жүйесі

Білік және дағдылар
1. Әр түрлі көздерден ақпаратты синтездеу және нәтижені шығармашылық түрде көрсету
2. Ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқушыларды оқыту және дамыту бағдарламалары мен әдістемесін әзірлеу
3. Оқушылардың оқу бағдарламасын табысты меңгеруіне ықпал ететін пәнді оқыту әдістемесін әзірлеу
4. Оқу-әдістемелік материалдардың сапасын арттыруды қамтамасыз ету

2 міндет:
Кәсіптік дамуды жүзеге асыру

Білім
1. Біліктілігін арттыруды/кәсіби қайта даярлауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілер
2. Оқу пәнінің, педагогика мен психология негіздері

Білік және дағдылар
1. Оқыту тәжірибесін жақсартудағы жеке қажеттіліктерді анықтау
2. Өзінің мансаптық әлеуетін дамытуды жоспарлау
3. Қауіпсіз, қолайлы және ынталандыратын оқу ортасын құру бойынша тиімді тәжірибені тарату
4. Кәсіби қоғамдастық желісінде тиімді практика тәжірибесін тарату
5. Кәсіби қоғамдастық шеңберінде өзін-өзі дамыту тәжірибесін тарату және өзін-өзі табысты жүзеге асыруды қамтамасыз ету
6. Даму траекториясына сәйкес өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі оқыту

3 міндет:
Өз тәжірибесі мен әріптестерінің тәжірибесіне рефлексия

Білім
1. Тәжірибе алгоритмі, формалар, анықтау әдістері, зерттеу, жалпылау
2. Үздік тәжірибелерді жинақтау және тарату әдістемелері

Білік және дағдылар
1. Өзінің кәсіби қызметі мен әріптестерінің тәжірибесін рефлексиялауды жүзеге асыру
2. Тиімділікті бағалауды оқыту мен тәрбиелеу жағдайларында жүзеге асыру
3. Кәсіптік қоғамдастық желісінде тиімді практика тәжірибесін тарату
4. Кәсіптік қоғамдастықпен және қоғаммен ынтымақтастық
5. Кәсіптік қоғамдастықта оқушыларды дамыту бойынша тиімді ынтымақтастық тәжірибесін тарату
6. Білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу әдістерін пайдалану бойынша тәлімгерлікті жүзеге асыру және өз тәжірибесін тарату

4 міндет:
Білім беру үрдісін зерттеу

Білім
1. Баланың даму деңгейі мен динамикасының көрсеткіштерін диагностикалау және бағалау құралдары мен әдістері
2. Психодиагностика негіздері және балалардың дамуындағы ауытқудың негізгі белгілері
3. Білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту әдістері
4. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері

Білік және дағдылар
1. Білім алушылардың тұлғалық сипаттамалары мен жас ерекшеліктерінің психодиагностика әдістерін қолдану
2. Оқыту мен тәрбиелеу сапасын бағалау мониторингін жүзеге асыру
3. Білім беру ортасына зерттеулер жүргізу
4. Оқушыларды жеке оқытудың бірыңғай стратегиясын жобалау
5. Мектептегі зерттеулерді үйлестіру, кәсіптік қоғамдастықта нәтижелерді тарату
6. Зерттеуге негізделген, пәндік мазмұны мен оқыту стратегияларын бағалау бойынша бастамаларға және жетілдіруге басшылық етеді

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Коммуникабельділік, күйзеліске төзімділік, өзін-өзі дамытуға дайындық, сыни ойлау, бедел, эмоциялық теңгерімділік, жауапкершілік

БТБА немесе БА немесе кәсіптердің басқа анықтамалықтарымен байланыс

-




Білім беру және біліктілік жүйесімен байланыс

Білім деңгейі: бакалавриат, специалитет, ординатура, магистратура










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет