«Педагог» кәсіптік стандарты


«Педагог» кәсіптік стандартына қосымша 1.5



бет16/21
Дата22.10.2022
өлшемі149,07 Kb.
#44828
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
«Педагог» кәсіптік стандартына қосымша 1.5

КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: « Өндірістік оқыту шебері »

Код:

233

Топ коды:




Кәсіп:

Өндірістік оқыту шебері

Кәсіптік басқа да ықтимал атаулары:

Өндірістік оқыту шебері, техник (барлық атаулар)

СБШ бойынша біліктілік деңгейі :

5

Кәсіптің негізгі мақсаты

Мамандық шеңберінде кәсіптік және жеке құзыреттерді игеру бойынша білім алушылардың қызметін ұйымдастыру, оқыту нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету; оқу-өндірістік процесті әдістемелік және техникалық қамтамасыз ету

Кәсіптік қызмет

Негізгі кәсіптік қызмет

1. Оқу-өндірістік процесті жүзеге асыру

2. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу

3. Оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру

Қосымша кәсіптік қызмет

1. Кәсіптік бағдар беру жұмысына және мансаптық кеңес беруге қатысу

Кәсіптік қызмет
1. Оқу – өндірістік процесті жүзеге асыру

1 міндет:
Оқу – өндірістік процесті жоспарлау

Білім
1. Өндірістік оқыту және практика бағдарламаларының мазмұны
2. Педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілер
3. Оқытылатын мамандық бойынша салалық және кәсіптік стандарттар
4. Тәрбие жұмысының негізгі принциптері

Білік және дағдылар
1. Курстың мазмұны мен оқыту әдістемесін жоспарлау
2. Оқу бағдарламалары мен жоспарларын жасау

2 міндет:
Оқу – өндірістік процесті ұйымдастыру

Знания
1. Педагогика, психология негіздері, кәсіптік оқыту және тәрбиелеу әдістемелері
2. Білім беру процесін ұйымдастыру бөлігіндегі білім беру ұйымының жергілікті актілері

Білік және дағдылар
1. Ұйымдастыру-басқару қызметін жүзеге асыру
2. Адамгершілік-этикалық және құқықтық нормаларға сәйкес өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар өткізу
3. Оқу зертханалары мен шеберханаларының материалдық-техникалық кешеніне күнделікті қызмет көрсетуді орындау
4. Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, оқытудың заманауи технологияларын, әдістері мен тәсілдерін қолдану
5. Ата-аналармен, кәсіптік қауымдастықпен және қоғаммен өзара әрекеттесу
6. Топта өндірістік оқытуды, кәсіптік практиканы және тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу бойынша құжаттаманы жүргізу
7. Оқыту мен тәрбиелеудегі тәуекелдерді бағалау

Кәсіптік қызмет
2. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу

1 міндет:
Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу

Білім
1. WorldSkills стандарттары (болған жағдайда)
2. Оқу жетістіктерін бағалау технологиялары
3. Білім алушыларды ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу қағидалары

Білік және дағдылар
1. Бағалау құралдарын әзірлеу
2. Еңбек міндеттерінің күрделілік дәрежесі бойынша практикалық тапсырмаларды саралау
3. Оқу жетістіктерінің мониторингін жүзеге асыру

Кәсіптік міндет
3. Оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру

1 міндет :
өндірістегі тағылымдама, біліктілікті арттыру және / немесе қайта даярлау

Білім
1. Педагогтер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау қағидалары мен рәсімі
2. Кәсіпорынның ерекшелігіне сәйкес еңбек қауіпсіздігі ережелері

Білік және дағдылар
1. Жеке даму траекториясын жоспарлау
2. Кәсіби өзін-өзі дамытуды жүзеге асыру
3. Өз тәжірибесін жалпылау

2 міндет:
өндірістік оқыту бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу

Білім
1. Оқу-әдістемелік материалдарды жобалау және әзірлеу негіздері
2. Оқу-әдістемелік материалдардың сапасын бағалау критерийлері

Білік және дағдылар
1. Сенімді және өзекті ақпаратты таңдау
2. Өндірістік оқыту бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу
3. Оқу-әдістемелік материалдардың сапасын арттыруды қамтамасыз ету

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Коммуникабельділік, күйзеліске төзімділік, өзін-өзі дамытуға дайындық, беделділік, эмоциялық теңгерімділік, орындаушылық, жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттер.

СБШ басқа кәсіптермен байланыс

2331-001

Білім беру саласындағы оқытушылар, колледж
Өндірістік оқыту шебері - 6 деңгей

БТБА немесе БА немесе кәсіптердің басқа анықтамалықтарымен байланыс







Білім беру және біліктілік жүйесімен байланыс

Білім деңгейі:
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру , бакалавриат

Мамандығы:

Біліктілігі:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет