«Педагог» кәсіптік стандарты


КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: « Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының оқытушысы»



бет15/21
Дата22.10.2022
өлшемі149,07 Kb.
#44828
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: « Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының оқытушысы»

Код:

233

Топ коды:

2331-001

Кәсіп:

Білім беру саласындағы оқытушы, колледж

Кәсіптік басқа да ықтимал атаулары :

Педагог

СБШ бойынша біліктілік деңгейі :

6.2

Кәсіптің негізгі мақсаты

Білім алушыларда оқытылатын пән мен таңдалған мамандық саласында білім, білік пен дағдыларды қалыптастыру, тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби даму басымдықтарын айқындау, зерттеулер жүргізу және білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамыту, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеу

Кәсіптік қызмет

Негізгі кәсіптік қызмет

1. Оқу процесін жүзеге асыру

2. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу

3. Ғылыми-әдістемелік қызметті жүзеге асыру

Қосымша кәсіптік қызмет

1. Тәрбие жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу

2. Қысқа мерзімді даярлау (тренингтер), қайта даярлау және біліктілікті арттыруды жүргізу

Кәсіптік қызмет
1. Оқу процесін жүзеге асыру

1 міндет:
оқу процесін жүзеге асыру

Білім
1. Мамандық бойынша кәсіптік стандарттар
2. Педагогика және психология негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері

Білік және дағдылар
1. Оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу
2. Оқу материалының мазмұны мен оқыту әдістемесін жоспарлау
3. Оқу нәтижелерін бағалау үшін тапсырмаларды әзірлеу
4. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру бойынша командада жұмыс істеу

2 міндет:
оқу процесін ұйымдастыру

Білім
1. Педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілер
2. Психодидактика, көпмәдениетті және инклюзивті білім беру негіздері
3. Білім алушыларды саралау технологиялары және олардың айырмашылықтары

Білік және дағдылар:
1. Ұйымдастыру-басқару қызметін жүзеге асыру
2. Білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асыру
3. Білім алушылардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету
4. Оқуға деген ынтаны қалыптастыру
5. Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдалану
6. Кәсіптік қызметте цифрлық технологияларды қолдану
7. Ата-аналармен, кәсіптік қауымдастықпен және қоғаммен өзара әрекеттесу
8. Білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету
9. Педагогикалық қызметті адамгершілік-этикалық және құқықтық нормаларға сәйкес ұйымдастыру
10. Оқыту мен тәрбиелеудегі тәуекелдерді басқару
11. Білім беру саласындағы заманауи зерттеулер мен әзірлемелерге қатысу
12. Білім алушыларды зерттеуге тарту

Кәсіптік қызмет
2. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу

1 міндет:
білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу

Білім
1. Оқу жетістіктерін бағалау технологиялары
2. Білім алушыларды ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу қағидалары

Білік және дағдылар:
1. Бағалау құралдарын әзірлеу
2. Мониторинг деректерін түсіндіру
3. Мониторинг нәтижелерін өңдеу және жүйелі талдау
4. Оқыту нәтижелерін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу
5. Мониторинг жүргізу үшін цифрлық ресурстарды пайдалану

Кәсіптік қызмет
3. Ғылыми-әдістемелік қызметті жүзеге асыру

1 міндет:
оқулықтарды, оқу және әдістемелік құралдарды әзірлеу және байқаудан өткізу

Білім
1. Оқулықтар мен оқу құралдарының авторларына қойылатын талаптар
2. Оқулықтарды, оқу және әдістемелік құралдарды жобалау және әзірлеу негіздері
3. Оқулықтардың, оқу және әдістемелік құралдардың сапасын бағалау критерийлері

Білік және дағдылар
1. Сенімді және өзекті ақпаратты таңдау
2. Оқулықтар, оқу және әдістемелік құралдар мазмұнының сапасын бағалау
3. Оқу-әдістемелік материалдардың сапасын арттыруды қамтамасыз ету
4. Оқулықтар, оқу және әдістемелік құралдар әзірлеу

2 міндет:
біліктілікті арттыру және / немесе қайта даярлау

Білім
1. Біліктілікті арттыруды/кәсіби қайта даярлауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілер
2. Пәннің саласы, педагогика және психология негіздері

Білік және дағдылар
1. Үздіксіз мансаптық дамуға қатысу
2. Өзінің кәсіптік қызметінің рефлексиясын жүзеге асыру
3. Өз тәжірибесін тарату

3 міндет:
үздік педагогикалық тәжірибелерді жинақтау

Білім
1. Проблемалық талдаудың мәні мен технологиясы
2. Тәжірибе алгоритмі, формалар, анықтау әдістері, зерттеу, жалпылау
3. Үздік тәжірибелерді жинақтау және тарату әдістемелері

Білік және дағдылар
1. Педагогика және психология негіздері білімін қолдана отырып, проблемалық талдау жүргізу
2. Озық педагогикалық тәжірибе бағыттарын таңдау
3. Тәжірибені анықтау, зерттеу, жалпылау, сипаттау, тарату бойынша алгоритм құру және қызметті басқару

4 міндет: тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіптік қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау

Білім
1. Тәлімгерлерге қойылатын талаптар
2. Ынтымақтастық педагогикасы

Білік және дағдылар
1. Кеңес беру және тәлімгерлікті жүзеге асыру
2. Жас мұғалімнің құндылық бағдарларының қалыптасуына әсер ету, ондағы тәуелсіздікті тәрбиелеу
3. Жас педагогтың жеке даму траекториясын анықтау

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Коммуникабельділік, күйзеліске төзімділік, өзін-өзі дамытуға дайындық, сыни ойлау, бедел, эмоциялық теңгерімділік, көшбасшылық қасиеттер, бастамаларды қалыптастыру және ілгерілету қабілеті.

СБШ басқа кәсіптермен байланыс

2373

Қосымша (бейресми) білім беру оқытушылары

2347

Арнайы білім беру саласындағы оқытушылар

2375

Қысқа мерзімді даярлаудың (тренингтердің), қайта даярлаудың және біліктілікті арттырудың кәсіп мамандары

235

Жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдері

231

Университеттің және басқа да жоғары білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамы

БТБА немесе БА немесе кәсіптердің басқа анықтамалықтарымен байланыс

-




Білім беру және біліктілік жүйесімен байланыс

Білім деңгейі: бакалавриат, специалитет, ординатура, магистратура, докторантура










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет