«Педагог» кәсіптік стандарты


«Педагог» кәсіптік стандартына қосымша 1.2



бет10/21
Дата22.10.2022
өлшемі149,07 Kb.
#44828
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
«Педагог» кәсіптік стандартына қосымша 1.2



КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ: «Педагог. Мектепке дейінгі тәрбие бойынша әдіскер»

Қызметтер жіктеуішіне сәйкес кәсіптер атауы

Мектепке дейінгі тәрбие бойынша әдіскер

Қызметтер жіктеуішіне сәйкес код

2371

Ұлттық біліктілік шеңбері бойынша біліктілік деңгейі

6-7

Салалық біліктілік шеңбері бойынша біліктілік деңгейі

5

Қызметтің негізгі мақсаты

Білім беру қызметін ұйымдастыру, жоспарлау және үйлестіру

Кәсіптік қызмет

Негізгі кәсіптік қызмет

1. Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жоспарлау

2. Білім беру қызметін үйлестіру

3. Әдістемелік қызметті жүзеге асыру

Қосымша кәсіптік қызмет

1. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу

Кәсіптік қызмет
1. Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жоспарлау

1 міндет:
әдістемелік жұмысты жоспарлау

Білім
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны мен құрылымы
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемелері




Білік және дағдылар
1. Жылдық жоспар мен циклограмма жасау
2. Жас топтары бойынша кесте құру
3. Балалардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау
4. Есептік және есептік құжаттаманы ресімдеу

2 міндет:
әдістемелік жұмысты ұйымдастыру

Білім
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер
2. Жас физиологиясының, жас және жалпы психологияның теориялық негіздері

Білік және дағдылар
1. Балалардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесін ұйымдастыру
2. Әдістемелік бірлестіктердің жұмысын ұйымдастыру
3. Инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану
4. Семинарлар, конференциялар дайындау және өткізу;
5. Қауіпсіз заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру
6. Балалардың іскерліктері мен дағдыларының даму сапасына мониторинг жүргізу
7. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану

Кәсіптік қызмет
2.Білім беру қызметін үйлестіру

1 міндет:
мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жұмысын үйлестіру

Білім
1. Дидактика принциптері, педагогика, психология негіздері, тәрбие мен оқытудың жалпы және жеке әдістемелері
2. Педагогикалық этика нормалары

Білік және дағдылар
1. Педагогтерге инновациялық технологияларды практикада қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсету
2. Тәрбие мен оқыту процесіне бақылау жүргізу
3. Педагог қызметін әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету

Кәсіптік қызмет
3. Әдістемелік қызметті жүзеге асыру

1 міндет:
білім беру бағдарламалары мен әдістемелік құралдарды әзірлеу және сынақтан өткізу

Білім
1. Бағдарламалар мен оқу құралдарының авторларына қойылатын талаптар
2. Білім беру бағдарламалары мен әдістемелік құралдарды жобалау және әзірлеу негіздері
3. Әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптері




Білік және дағдылар
1. Көпшілік алдында сөз сөйлеу және аудиториямен өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пайдалану
2. Оқу бағдарламаларын, тәрбие және оқыту әдістемелерін әзірлеу іскерліктері мен дағдыларын пайдалану
3. Әдістемелік құралдарды әзірлеуге қатысу
4. Жобалау дағдыларын дамыту

2 міндет:
біліктілікті арттыру және / немесе қайта даярлау

Білім

Білік және дағдылар
1. Өзінің кәсіби біліктілігін арттыру
2. Педагогтердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру
3. Педагогтердің және жеке тәжірибені жинақтау

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Әдептілік, ізгі ниет, жоғары жауапкершілік және моральдық тұрақтылық, адалдық, эмпатия қабілеті, коммуникабельділік, ұқыптылық, ұйымшылдық, әдептілік сезімі, ұстамдылық

СБШ басқа кәсіптермен байланыс

236

Бастауыш мектеп мұғалімдері және мектепке дейінгі білім беру тәрбиешілері

БТБА немесе БА немесе кәсіптердің басқа анықтамалықтарымен байланыс







Білім беру және біліктілік жүйесімен байланыс

Білім деңгейі: орта буын маманы,
бакалавриат









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет