Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының әдіскері



бет54/91
Дата10.09.2022
өлшемі209,22 Kb.
#38793
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   91
Байланысты:
№338 БҰЙРЫҚ ЛАУАЗЫМ

12-параграф. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының әдіскері
194. Лауазымдық міндеттері:
барлық үлгідегі және түрдегі балаларға қосымша білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмысты жүзеге асырады;
ұйымдастыру-әдістемелік сүйемелдеуді, білім беру үдерісінің нәтижелілігін талдау мен бағалауды, инновациялық педагогикалық тәжірибені жалпылау мен таратуды қамтамасыз етеді;
педагогикалық кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал етеді;
ұйымдардағы оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жай-күйін талдайды және оның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
әдістемелік және ақпараттық материалдарды әзірлеуге, педагог кадрларды диагностикалауға, болжауға және даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жоспарлауға қатысады;
қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнын, оқыту нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауда, ұйымдардың білім беру қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыруда ұйым педагогтеріне көмек көрсетеді;
балаларға қосымша білім беру ұйымдарында білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
білім беру процесіне арналған оқу-әдістемелік құжаттамалар мен құралдарды, жабдықтардың үлгілік тізбелерін, дидактикалық материалдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады;
ұйымдардың эксперименттік жұмысының нәтижелерін талдайды және қорытындылайды;
педагогтердің инновациялық, нәтижелі тәжірибесін тарату бойынша шараларды жинақтайды және қабылдайды;
әдістемелік бірлестіктердің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді, оларға қызметтің тиісті бағыттары бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;
педагог қызметінің тиісті бағыттары бойынша олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру жұмысына, білім беру мазмұнын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша, оқу құралдарына, әдістемелік материалдарға тапсырыс берудің перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысады;
балаларға қосымша білім беру мәселелері бойынша отандық және әлемдік тәжірибе туралы ақпаратты жинақтайды және таратады;
конкурстарды, көрмелерді, олимпиадаларды, слеттерді, жарыстарды өткізу бойынша қажетті құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді;
әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдау материалдарын жинауды, жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асырады;
қосымша білім беру бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағы білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттаманы түзетуге және жаңаларын әзірлеуге қатысады;
білім беру ұйымының педагогикалық және өзге де кеңестерінің қызметіне, сондай-ақ әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, семинарларға, конференцияларға, кәсіби қоғамдастықтарға қатысады;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелерді орындайды;
білім беру процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
әдістемелік қосымшалар жиынтықтары бар әртүрлі типтегі және түрдегі оқу-әдістемелік өнімді әзірлейді, рецензиялайды және бекітуге дайындайды;
балаларға қосымша білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық-әдістемелік өнімді шығаруға дайындықты жүзеге асырады;
өз қызметінің тиісті бағыттары бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру жұмысына, білім беру мазмұнын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша, оқу құралдарына, әдістемелік материалдарға тапсырыс берудің перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысады;
әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдау материалдарын жинауды, жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асырады;
қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағы білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттаманы түзетуге және жаңаларын әзірлеуге қатысады;
инновациялық тәжірибені зерттейді және таратады;
конкурстарды, көрмелерді, олимпиадаларды, слеттерді, жарыстарды өткізу бойынша құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді;
есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
балаларға қосымша білім беру ұйымдарынан республикалық конкурстарға ұсынылатын бағдарламалық-әдістемелік өнімнің бейінді (бағыттар бойынша) сараптамасын сараптамалық қызметті ұйымдастырады;
өтінімдер бойынша сараптаманы жүзеге асырады (білім беру ұйымдарынан, жеке тұлғалардан);
консалтингтік қызметті ұйымдастырады: педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал етеді;
ұйымдардың педагог қызметкерлеріне балаларға қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнын, оқыту нысандарын, әдістері мен құралдарын айқындауда, ұйымдардың білім беру қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруда көмек көрсетеді;
қосымша (бейресми) білім беру саласындағы оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық технологиялары, озық отандық және әлемдік тәжірибе туралы ақпаратты жинақтайды және таратады;
педагогикалық жетістіктерді насихаттайды (шеберлік сыныптарын, педагогикалық шеберханаларды, шығармашылық семинарларды ұйымдастыру арқылы);
балаларға қосымша білім беру ұйымдарында білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
195. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру қызметін, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың басым бағыттарын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды ұсынады;
педагогикалық этиканың нормаларын;
мемлекеттік, салалық және өңірлік нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құжаттарды;
педагогика және психология негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды.
196. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, білім беру жүйесіндегі немесе тиісті бейін бойынша педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 5 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 7 жыл, педагог-шебер үшін – 8 жыл.
197. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог":
педагогикалық қызметте бағдарлануы тиіс;
қосымша білім беру тұжырымдамасын зерттеуге;
педагогтерге, ата-аналарға консультациялық көмек көрсетуге;
әдістемелік ұсынымдар әзірлеуге;
оқу жоспарларына сараптама жүргізуге, білім беру ұйымының қызметін талдауға тиіс;
2) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
қосымша оқыту бойынша әдістемелік материалдар мен әзірлемелерді жинақтауға, жүйелеу және таратуға;
кадр құрамын дайындауға;
білім беру ұйымының ішінде білім беру бойынша теориялық зерттеулерге басшылық етуге;
педагогтардың жоспарларын құруға және қызметін үйлестіруге қатысуға тиіс;
3) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
аудан/қала деңгейінде білім беру бойынша теориялық зерттеулерге басшылық етуге;
білім беру ұйымы ішінде және аудан/қала деңгейінде қосымша білім беру саласындағы ғылыми зерттеулерге қатысуға;
оқу бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендерді апробациялауға қатысуға;
тәжірибелік алаңдарға қатысуға;
аудандық, қалалық, облыстық деңгейдегі конференцияларға, семинарларға, конкурстарға қатысуға және сөз сөйлеуге;
ғылыми-публицистикалық және әдістемелік бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет ресурстарда жарияланымдарының болуы тиіс;
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде білім беру бойынша теориялық зерттеулерге басшылық жасауға тиіс;
білім беру ұйымы ішінде және облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде қосымша білім беру саласындағы ғылыми зерттеулерге жетекшілік етуге;
педагогтердің аяқталған әзірлемелеріне зерттеу бағалауды жүргізуге;
педагогтарды ғылыми-практикалық және әдістемелік сүйемелдеумен айналысуға;
педагогтердің әдістемелік материалдарын және қосымша білім беру бойынша әзірлемелерді таратуға;
кадрлық құрамды дайындауға, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі конференцияларда, семинарларда, конкурстарда сөз сөйлеуге;
ғылыми-публицистикалық және әдістемелік бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жарияланымдарының болуы;
РОӘК мақұлдаған бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендердің авторлық әзірлемелері болуы тиіс;
5) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеу" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
қосымша білім беруді дамытудың ықтимал бағыттарын зерттеу және дамытуға;
оның болашағын болжауға;
әдіснамалық өнімдерді әзірлеуді ұйымдастыруға басшылық жасауға;
педагогтердің озық тәжірибесін таратуға, олардың біліктілігінің өсуіне ықпал етуге;
әзірленген әдіснамалық өнімдерді енгізу бойынша шеберлік сыныптары мен семинарлар өткізуге;
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет