«Педагогические инновации как условие повышения качества образования»



Pdf көрінісі
бет21/43
Дата10.01.2017
өлшемі4,35 Mb.
#1560
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43

Сабақтың параметрі 
АКТ-ны қолданатын сабақ 
Дәстүрлі сабақ 
Ақпаратты беру 
Оқушылар  ақпаратты  неғұрлым  қаныққан, 
көрнекі түрде алады 
Мұғалімнің  түсіндіруі,  оқу-лық 
бойынша 
тақырыпты 
өз 
беттерімен 
оқуы, 
кестелерді 
қолдану 
Жұмыс қарқыны 
Әр  оқушы  өз  қарқынымен  жұмыс  істейді, 
тапсырмалар 
мен 
мульти-медиялық 
құралдар 
білім 
алушы-лардың 
жеке 
ерекшеліктерін,  олар-дың  сол  уақыттағы 
білім мен дағды деңгейлерін есепке алады 
Мұғалім 
сыныптағы 
оқушы-
лардың 
көпшілігіне 
сәйкес 
келетін жұмыс қарқынын қолдану 
Оқушымен  кері  бай-
ланыс 
Түсіндіру кезінде, бекіту кезінде іске асады 
Ағымдық бақылау 

151 
 
Оқушылардың  тапсырмаларының  негізі  болып  оқушылардың  ақыл-ойымен  іс-әрекеттерін 
шығармашылықпен  дамитынын  көрсетеді.  Оқушылардың  шығармашылық  қабілетінің  аттыру 
мақсатында  әр-түрлі  есептер  дайындап  келулерін  ұсынамын.  Оқушылар  тапсырманы  орындауға 
теориялық  дайындықпен  келуге  тиіс.  Оқушылар  жұмысты  аяқтағанан  кейін  тексеру  парағын 
таратамын.  Оқушы  шығарған  есептерін  мұқият  тексеріп  өзіне-өзі  баға  береді.  Өзін-өзі  бағалау 
оқушыны шығармашылыққа тәрбиелеуге баулиды

Қазіргі  кезде  тестік  әдістің  көмегімен  оқушылар  білімі  жиі  сараланады.  Тестің  саналылығы 
оның  құру  жүйесіне  тәуелді  және  оған  енетін  тапсырмалардың  күрделілігі  мен  байланысты.  Тест 
тәсілін қолдануды  жүзеге асыру үшін жан-жақты ойластырып методикалық нұсқаулар,әдістемелер 
болуы  қажет.  Компьютер  көмегімен  тестік  бақылау  өткізуге  болады.  Компьютер  бір  мерзімде 
топтың,  не  сыныптың  білімін  тексеруге  мүмкіндік  береді.  Ақпараттық  технологиялардың  оқу 
үрдісінде қолданылуы оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ақпараттық технологияның міндеті-
оқушыларды  білімге  қызығушылығын  ,  ізденушілікке  баулу.  Заман  талабына    сай  сабақта 
қолданылатын  электрондық  байланыс  оқушылардың  қызығушылығын  арттырып,  зейін  қойып 
тыңдаумен  қатар,  түсінбей  қалған  сәттерін  қайталап  көруге,  тыңдауға  және  алған  мағлұматтарды 
нақтылауға  мүмкіндік  береді.  Өз  сабағымда  оқушыларды  шығармашылыққа  жұмылдырып, 
электронды  оқулықты  пайдаланамын.  Компьютердің  мультимедиалық  мүмкіндіктерін,  анимация 
мүмкіндігін,  ілеспені,  дыбыс  меншіктеуді,  гиперсылка  көріністерін  пайдаланып,  осы  көріністерді 
пайдалану  әрекеттерін  қолданып,  тамаша,  көрнекті,  оқушыларды  қызықтыра  түсетін  білім  беру 
сабақтарын  ұйымдастырған  ыңғайлы.  Электрондық  оқулықпен  оқытудың  негізгі  мақсаты-оқыту 
үрдісін  үздіксіз  және  толық  деңгейін  бақылау,  сонымен  қатар  ақпараттық-ізденіс  қабілетін  , 
шығармашылық  қабілетін  дамыту.  Мұның  тиімді  жағы:  электронды  оқулықта  әр  сабаққа  арналған 
бейне  көрініс,  анықтама  сөздік,  есептердің  шығарылу  жолы,  фигуралардың  кеңістікте  орналасуы, 
диктант,  тест  тапсырмаларын  ,  қайталау  сұрақтарын  пайдалана  аламыз.  Электронды  оқулықты 
қолдану арқылы сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі, 
оқушының  пәнге  қызығушылығы,  білім,  білік,  дағды  деңгейін  қалыптастыруы,  білімнің  тереңдігі, 
тексеру түрлері, бағалауы, практикалық дағдыларды игеруі артады. Оқушылардың өздері де алынған 
ақпаратты көшіріп алып, онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады. 
Қорытынды: 
Ұстаз  үшін  нәтижеге  жету  шәкіртінің  білімді  болуы  ғана  емес,  білімді  өздігінен  алуы  және 
алған  білімдерін қажетіне  қолдану  болып  табылады. Бүгінгі бала  –  ертенгі жаңа  әлем. Бүгінгі  күні 
ақпараттар ағымы өте көп.  Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі 
түрде    жеткізе  алатындай,  коммуникативті  және  ақпараттық  мәдениеті  дамыған,  интерактивтік 
тақтаны  пайдалана  алатын,  Он-лайн  режимінде  жұмыс  жасау  әдістерін  меңгерген  мұғалім  болуы 
тиіс.  Заман  талабына  сай  жаңа  технология  әдістерін  үйрету,  бағат-бағдар  беруші  –  мұғалімдерміз. 
Оқушылардың  жаңа  тұрмысқа,  жаңа  оқуға,  жаңа  қатынастарға  бейімделуі  тиіс.  Осы  үрдіспен 
бәсекеге  сай  дамыған  елдердің  қатарына  ену  ұстаздар  қауымына  зор  міндеттер  жүктелетінін 
ұмытпауымыз керек. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Болашақтың іргесін бірге қалаймыз”  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 жыл 
2. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 
3.  Мұхамбетжанова  С.Т.,  Мелдебекова  М.Т.  Педагогтардың  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияларды 
қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж. 
4. Г.Кертаев.Оқытудың кейбір әдістері. Алматы,1991. 
5. Б.Р.Айтмамбетова . Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. Алматы,1991. 
6. Беспалько В.П. Педагогика технологиясы.1998. 
7. Мирсейітова С.Сын тұрғысынан  ойлау технологиясы.1998 
 
 
Г.Б. Булшекбаева 
 
АҚПАРАТТЫҚ–КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ 
АРҚЫЛЫ 3D ТУР ЭНЕРГЕТИКАДА МОДЕРАЦИЯ ТӘСІЛІН ТЕХНИКАЛЫҚ 
МАМАНДЫҚТАРДА ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ 
 
Қазіргі  қоғам  талабы  білім  беру  жүйесіне  өз  әсерін  тигізіп,  жас  ұрпақты  оқыту  мен 
тәрбиелеудің технологиясын жаңартуға бағытталған көптеген міндеттерді жүктеп отыр. Әсіресе, бұл 
мәселені  өндіріс  ошақтарында  кәсіптік-іскерлік  жағдайда  технологтарды  даярлау  және  олардың 
сөздік  қорын  ақпараттық  жүйелер  мамандығында  кіріктірілген  білім  бере  отырып  техникалық 
терминдерді  дамытуға  болады.  Қазіргі  уақытта  адам  іс-әрекетінде  ақпараттық-комуникациялық 

152 
 
технологиялар кеңінен қолдана отырып, екі пәнді тақырыпқа сай өткізу маңыздылығы барған сайын 
арта  түсіп  отыр.  Осыған  орай,  оқу  орындарының  оқыту  жүйелерінде  ақпараттық  технологияларды 
меңгерту арқылы бүгінгі күн талабынан туындап отырған мәселенің өзектілігін айқындауға болады. 
Елбасымыздың  2012  жылдың  14  желтоқсанында  «Қазақстан  –  2050»  бағдарламасында  жеті  бағыт 
бойынша  нақты  міндеттер  жүктелген,  соның  бір  міндеті  кәсіптік-техникалық  білімге  басты  назар 
аудару. Энергетика саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін заманауи үлгіде кабинеттер 
жабдықталып, оқытушыларымыз  шетел  мемлекеттерінде  білімдерін  жетілдіріп,  тәжірибе  алмасуда. 
Білікті  де  білімді  жас  мамандарымызды  колледж  өндіріс  орындарымен  келісе  отырып,  тәжірибе 
алмасу  арқылы  оқу  тәжірибе  ісін  бірлесе  жүргізуде.  Біздің  оқу  орнымыздың  негізгі  мақсаты, 
жаhандық дағдарысқа төтеп бере алатын, ұлттық экономикамызды дамытуға белсене ат салысатын, 
жігерлі де іскер, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. 
Орта  кәсіптік  «Энергожүйелердің  релелік  қорғанысы»  бөлімінде  оқитын  оқушыларға  электр 
жабдығын пайдалану арқылы мамандығына сай қолдану арқылы, үйрету үрдісі.  
Зерттеу  пәні.  Орта  кәсіптік  білім  беру  орындарының  электро-энергетикалық  бөлім  білім 
алушыларына  электр  станция  және  қосалқы  станция  электр  жабдығын  пайдалану  және  жөндеу 
технологиясы  пәндерін  жаратылыстану-ғылымымен  техникалық  білімнің  эффекті  педагогикалық 
технологиясын үйрету әдістемесі.  
Зерттеудің  мақсаты.  Кәсіби-техникалық  оқу  орындарының  ақпараттық  жүйелер  бөлімі  білім 
алушыларына қазақша кәсіби тілде жаңа технологияны меңгертудің ұтымды әдістемесін жасау. Осы 
мақсатқа жетуде төмендегідей нақты міндеттер жүзеге асырылды: 
-
 
Ұсынылған тақырыптың ғылыми-теориялық негізін айқындау; 
-
 
Мамандыққа  қатысты  терминдерді  жинақтап,  жүйелеу  арқылы  меңгертудің  тиімді 
жолдарын өткізу; 
Модерация  тәсілі  –  топ  модераторларын  сайлайтын,  ұжымдық  топпен  жұмыс  жасай  алатын 
тәсілдердін  бірі.  Бұл  тәсілде  өткізілген    сабақ  білім  алушылардың  қызығушылығын,  білімдік  сапа 
деңгейін  жоғары  көрсеткіште  көрсетеді.  Ең  жоғары  кернеудегі  желілердің  блок  және  байланыс 
сұлбасы  туралы  жалпы  мағлұмат  берілді,  білім  алушыларға  модерация  тәсілі  бойынша  электр 
тарамдарындағы жоғарғы желідегі сұлба түрлері көрсетіледі. 
Зерттеу  жұмысының  болжамы.  «Энергожүйелердің  релелік  қорғанысы»  бөлімінде 
эксплуатация  кіріктірілген  сабақ  арқылы  оқыту,  біріншіден,  білім  алушылардың  мамандыққа 
қатысты терминдерді өзінше ізденуіне, шығармашылық әрекет арқылы меңгеруіне ықпал етеді.  
Жетекші  идея.  «Энергожүйелердің  релелік  қорғанысы»  бөлім  білім  алушылары  болашақ 
мамандықтарына қатысты оқып білген білімдері дұрыс қолдану арқылы мемлекеттің дамуына үлес 
қосып, қоғамдық-әлеуметтік қызметі мен кәсіптік-өндірістік салаларда кеңінен қолданылуын жүзеге 
асыруға ықпал етеді.  
Зертеудің  әдіснамалық  негіздері.  Еңбекте  энергетика  саласының  әдіскер-ғалымдардың  ой-
пікірлері  мен  тұжырымдары,  оқытудың  жаңа  технологияларына  байланысты  зерттеулер  мен 
жинақталған  тәжірибелер,кәсіби  бағытта  қатысымдық  қырынан  оқыту  әдістемесіне  байланысты 
ғылыми зерттеу еңбектер, педагогика, психология ілімдерінің жетістіктері басшылыққа алынды.  
Зерттеу  әдістері.  Зерттеу  жұмысында  баяндау,  салыстыру,  сипаттау,  жүйелеу,  талдау, 
жинақтау, тараптау, тәжірибеден өткізу, бақылау, қорытынды жасау әдістері қолданылды.  
Зерттеудің негізгі кезеңдері. Зерттеу үш кезеңге бөлініп жүргізіледі.  
Бірінші  кезеңде:  Зерттеу  тақырыбына  байланысты  лингвистикалық,  педагогикалық, 
психологилық,  әдістемелік  ғылыми  еңбектерге  шолу  жасалынды.  Білім  алушылардың  сөздік  қоры 
мен біліктілігін анықтау мақсатында диагностикалық бақылау өткізілді, сауалнама бойынша сұрақ-
жауап ұйымдастырылып, әңгімелесу жұмыстары жүргізілді. 
Екінші  кезеңде:  Ғылыми-әдістемелік  әдебиеттерге,  орта  кәсіптік  оқу  орындарында  арнайы 
пәнді  оқыту  мәселесіне  байланысты  осы  тәжірибелерге  сүйене  отырып,  білім  алушыларға 
кіріктірілген  сабақ  арқылы  үйретудің  тиімді  әдіс-тәсілдері  анықталып,  оқу  үрдісіне  еңгізілді  және 
энергетика мамандығына қатысты кәсіби жаттығу жұмыстарының кешені жасалынды.  
Үшінші  кезеңде:  Білім  алушыларға  энергетикалық  мамандығына  қатысты  тәжірибе 
материалдары  жинақталып,  сараптамадан  өткізілді.  Зерттеу  еңбекте  ұсынылған  жаттығу 
жұмыстарының кешенімен әдістемелік жүйенің тиімділігі эксперимент нәтижесінде дәлелденді. 
Зерттеудің  ғылыми  жаңалығы:  3D  тур  энергетикада  -  бұл  энергетика  саласында    виртуалды 
саяхат. Сұлбалардың,векторлық диаграммалардың проекцияларын көруге болады. 
3D  тур    энергетикада–  Әр  түрлі  тізбектер  арасындағы  немесе  қысқа  тұйықталуларды,  дұрыс 
емес режимдерді білім алушылар виртуалды түрде орындап, жұмыс істеулеріне пайдасы көп.  

153 
 
Зерттеудің теориялық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелері орта кәсіби оқу орындарының 
білім  алушыларына  электр  станция  және  қосалқы  станциялар  электр  жабдығын  пайдалану  және 
ұйымдастыру  мамандыққа  қатысты  оқыту  әдістемесін  теориялық  тұрғыдан  толығып,  жетілуіне 
мүмкіндік  береді.  Электр  станция  және  қосалқы  станциялар  электр  жабдығын  пайдалану  және 
ұйымдастыру  пәндерін  кіріктіру  арқылы  оқытуда  қойылатын  басты  талаптармен  ұстанымдар 
әдістеме ғылымының ғылыми теориялық жағынан дамуына септігін тигізеді.  
Зертеудің  тәжірбиедегі  маңыздылығы.  Жоба  орта  кәсіби  оқу  орындарының  студенттеріне 
мамандыққа қатысты оқыту ісін дамытуға үлес қосады. Еңбекте ұсынылған жаттығулардың кешенді 
жүйесі  білім  алушылардың  пәнді  кәсіби  бағытта  үйрету  ынтасын  арттырады.  Зерттеу  еңбекте 
берілген  ақпараттық,  танымдық,  тәрбиелік  мазмұндағы  кәсіби  мәтін  түрлері  студенттің  таңдаған 
мамандығына қызығушылығын арттырып, дүние танымдық ой-өрісін кеңейтеді. Зерттеу нәтижелерін 
орта кәсіби оқу орындарында арнайы пәнді кәсіби бағытта үйрету тәжірибесінде ұтымды қолдануға 
болады. 
Модератор тәсілі: (пікір-талас, орындау) структуралық процесті қарастыру (әр түрлі тақырыпта 
немесе мәселені талдау) 
Модерация әдістері:  
топтар ішінде шешімді, білім алушылардың зейінін жоғарлату үшін, және тәжірибелік әрекет 
тиімділігін  бағыттау  үшін  қолданады.  Соңында,  модерацияның  әдісі  шығармашылық  әлуеттің 
дамуына,  ынталылыққа  және  талапшылдыққа,  ара  топта  жұмыстың  микроклиматының  және  ортақ 
ынтымақтың оңтайлы болуына қолайлы болатын әдіс. 
Қорғауға ұстанылатын тұжырымдар: 
- мамандыққа қатысты лексикалық минимум мен кәсіби міндеттерді дұрыс іріктеп, таңдау білім 
алушылардың энергетика мамандығына қатысты сөздік қорын, тіл байлығын жетілдіреді, танымдық 
қабілетін ұлғайтады пәнге қызығушылығын артырады;  
Тақырыбы:  Әр  түрлі  нүктелерде    қысқа  тұйықталуда  электр  желілерін  дифференциалдық 
қорғау жұмысын тексеру.  
Сабақтың  мақсаты: 
Әр  түрлі  нүктелерде  ҚТ-да  электр  желілерін  дифференциалдық  қорғау  жұмысын  виртуалды 
түрде анықтау.  
білімдік:  Әр  түрлі  нүктелерде  ҚТ-да  электр  желілерін  дифференциадық  қорғау  жұмысын 
виртуалды түрде анықтап, векторлық диаграмма құру. 
дамытушылық    Білім  алушылардың  ойлау,  шешім  қабылдау,  шығармашылық  қабілеттерін 
арттыру. 
тәрбиелік: Өз мамандығына деген қызығушылығын ояту, жауапкершілікке үйрету. 
Сабақтың типі біліктілік пен дағдыны іс жүзінде қолдану сабағы модерация тәсілі бойынша 
Сабақтың қамтамасыздандырылуы 
а) оқу-көрнекілік  құралдар  
интерактивті тақта, зертханалық стендтер,флипчарттар.  
Қолданатын  әдебиет 
Негізгі: Беркович М.А., В.В. Молчанов, Семенов В.А., Релелік қорғаныс техникасының негізі. 
Энергоатомбаспа  
Қосымша: Федосеев А.М. Электроэнергетикалық жүйелердің релелік қорғанысы. Тораптардың 
релелік қорғанысы. Энергоатомбаспа 
Сабақтың жоспары 
I. Ұйымдастыру кезеңі 
II. Оқушылардың дағдысымен біліктілігін тексеру. 
ІІІ. Эксперимент өткізудің нұсқауларын таныстыру. 
IV. Экспериментті  виртуалды түрде орындау. 
Ойын түрлері: 
А) «Сұлбаны анықтау» компьютерлер арқылы сұлбамен жұмыс  
В) «Модерация тәсілі» бойынша  презентация жасау. 
IV. Сабақтың қорытындысы 
V. Рефлексия 
VI.Үй тапсырмасы 
Сабақтың өту барысы 
Ұйымдастыру кезеңі  

154 
 
Оқытушының  кіріспе  сөзі,  оқушыларды  бағалау  ережесімен  таныстыру.Тәжірибелік  сабақты 
теориялық сабақпен ұштастыра отырып, топтық ұжыммен жұмыс жасалуы тиіс. Әр топқа сұлбамен 
жұмыс тапсырмасы беріледі.Өздерің өзі бағалайды.  
Оқушылардың дағдысымен біліктілігін тексеру 
Әр топтың модераторлары тақтаға шығып, Сұлбалардың қатесін анықтап, интерактивті тақтада 
көрсету керек. 
Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі. 
Әр  білім  алушыға  зертханалық  жұмыстың  әдістемелік  нұсқаулығы  беріледі.  Экспериментті 
орындау тәсілдерін зертханалық стендте көрсетілу керек. 
Электрлік  қондырғылардың  элементтерін  қорғау  үшін,  кең  тараған  дифференциал  принципі 
қолданылады,  оған  негізделген  абсолюттік  талғаулы  бойлық  және  көлденең  дифференциал 
қорғаныстары.  Бойлық  дифференциал  токтық  қорғанысы  негізінен  шоғырланған  параметрлі 
элементтерді қорғау үшін қолданылады, мысалы трансформаторларды. Ол сонымен қатар ұзын емес 
желіні қорғау үшін де қолданылады [2,111]. 
Бойлық  дифференциал  токтық  қорғанысының  әрекет  ету  принципі.  Бойлық  дифференциал 
токтық  қорғанысы  қорғалатын  элементтің  басы  мен  соңындағы  токтардың  салыстырмасына 
негізделген.  Желіні  қорғау  үшін  оның  шықпаларында  трансформациялау  коэффициенті  бірдей  ток 
өлшеуіш  трансформаторлары  қондырылады.  Дифференциал  қорғанысты  орындауда  екі  түрлі  – 
циркуляциялық токтары және  теңестірілген кернеулері бар  схемалары қолданылады.[1,120]. 
Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру. 
Б)  «Модерация  тәсілі»  бойынша  презентация  жасау.  Әр  түрлі  нүктелерде    ҚТ-да  электр 
желілерін  дифференциадық  қорғау  жұмыс  сұлбасының  айырмашылығын  көрсете  отырып, 
жұмыстарын модерация тәсілі бойынша презентация жасап, жұмысты қорғау . 
В)  «Сұлбаны  анықтау»  компьютерлер  арқылы  сұлбамен  жұмыс.  Желілердің  қате  түріндегі 
сұлбалары  беріледі,  сұлбаны  анықтап,  әр  сұлбаның  астына  артықшылығын  және  кемшілігін 
көрсетеді. 
Сабақтың қорытындысы.  
Әр  түрлі  нүктелерде  ҚТ-да  электр желілерін  дифференциадық қорғау  жұмысы  туралы жалпы 
мағлұмат  берілді,  білім  алушыларға  модерация  тәсілі  бойынша  дифференциалдық  қорғаудың 
бірнеше сұлба түрлері көрсетіліп, экспериментті виртуалды  түрде орындалды. 
1.
 
Дифференциалдық қорғаулар қандай аймақта қолданылады? 
2.
 
Дифференциалдық қорғаулардың негізгі принциптері? 
3.
 
Қосалқы станциялардың жүктемелерін анықтау және электр желісінде ағын үлестіру кезінде 
режимнің қандай коэффициенттері енгізіледі? 
Рефлексия  Бұл тәсілде әр білім алушы өз өздерінің көніл күйін сызба плакатында көрсетілген 
бағаналар бойынша бағалап көрсетеді. 
1. Сізге қаншалықты сабақ қызықты болды? 
2. Түсіндіру барысында қиыншылықтар болды ма? 
3. Сұлбамен жұмыс істеу қаншалықты маңызды? 
Бағалау Бағалау, мадақтау, қорытындылау 
Үй тапсырмасы  
Жаңа тақырыпты оқып келу. «Әр түрлі нүктелерде ҚТ-да электр желілерінің дифференциалдық 
қорғау  жұмысын  тексеру»  тақырыбы  бойынша  қосымша  оқулықтар  мен  мақалаларды  өз  бетімен 
іздестіру және оқып келу.[1,140]. 
 
Қолданылған әдебиеттер: 
1. Беркович М.А., В.В. Молчанов, Семенов В.А., Релелік қорғаныс техникасының негізі. Энергоатомбаспа 
2.  Федосеев  А.М.  Электроэнергетикалық  жүйелердің  релелік  қорғанысы.  Тораптардың  релелік  қорғанысы. 
Энергоатомбаспа   
 
 
Л.Ж. Бурибаева 
 
ЖАС ҰРПАҚТЫ ПАТРИОТТЫҚ РУХТА ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ 
 
Мақалада  тәрбие  үдерісінде  оқушылардың  бойында  қазақстандық  патриотизмнің  негізгі  құндылықтарын 
қалыптастыру жолдары жөнінде баяндалған.  Кілтті сөздер: жас ұрпақ, қазақстандық патриотизм, азаматтық және 
патриоттық тәрбие. 
 

155 
 
Қоғамымыздың  ертеңгі  болашағы  –  бүгінгі  жас  ұрпақ.  Қазіргі  жастар  –  егемен  Қазақстан 
азаматы,  дүниежүзілік  мәдениетті  танитын,  өзінің  төл  мәдениетін  сыйлай  білетін,  басқаға  өзін 
таныта,  сыйлата  алатын  рухани  дүниесі  бай,  интеллект  деңгейі  жоғары,  білімді  де  білікті  болуы 
шарт. 
Ғасырлар бойы халқымыздың жинақтаған ұлттық мұрасы мен озық мәдениетін ізгі салтын жас 
өскін  бойына  сіңіру,  қоршаған  айналасымен  ортадағы  қарым-қатынасын,  өмірге  деген  көзқарасын, 
дүниетанымын, мінез-құлқын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Қоғамымыздың іргетасын 
нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру, қазіргі міндеттің бірі. Имандылық, ізгілік, 
адамгершілік,  елжандылық  және  де  толып  жатқан  кісілік  қасиеттердің  мектеп  қабырғасында 
қалыптасатыны,  бұлар  оқушыны  алға  талаптандыруға,  Отан  сүюге,  ата-анаға,  үлкендерге  деген 
кішіпейілділікті  бойына  сіңіруге,  салауатты  өмір  сүруге,  залалды  әдеттерден  аулақ  болуға 
тәрбиелеуге тиіспіз. 
Елімізде  жастарды  патриоттыққа  тәрбиелеу  қазіргі  уақытта  жастари  саясаты  бағдарламасы 
шеңберінде жүргізіледі. Патриоттық тәрбие оқушыларды азаматтық өзіндік сана-сезімге, ұлттық ар-
намысын, борыш-парызым деп құрметтеуге үйретеді. 
Ұрпақ бойында патриотизмді дамыту – қоғамның бүгінгі таңдағы стратегиялық міндеттерінің 
бірі.  Патриотизм  –  азаматтық  тәрбиенің  бірі.  Жас  ұрпаққа  азаматтық  тәрбие  берудің  мақсаты 
еліміздің  заңдары  мен  тәртіп  ережелерін  сыйлау,  оны  орындау,  жастарды  азамат  ретінде  тәуелсіз 
Отанына  сүйіспеншілікке,  бауырмалдылық,  мейірімділік,  ізгілік  сезімдерін  бойына  егу,  тәуелсіз 
еліміздің болашағына кәміл сенуге, бейбіт достыққа өмір сүруге тәрбиелеу. 
Отбасы  халық  тәрбиесінен  үнемі  нәр  алып  отырады.  Қазақ  халқында  ертеден  әр  шаңырақта 
туған  жерге  деген  ыстық  сезім,  ерекше  ілтипат,  туған  жердің  топырағын  қастерлеу 
қалыптастырылған.  Бұған  дәлел  талай  батырлардың  ерлігі,  сонау  жоңғар шапқыншылығы  кезі  мен 
бертіндегі  отансүйгіштік  сезімінің  қалыптасуына  ата-ана,  ауыл-аймағының  ықпалының  күшті 
болғанын  көреміз.  Халқымыздың  «Отанды»,  «Туған  жерді»,  «ана  мен  алтын  бесікке»  теңеуінде  де 
үлкен мағына бар. 
Ата-бабамыздың  ата-салтымен,  дәстүрімен  қанымызға  сіңіп  кеткен  ұлттық  тәрбиенің 
болашағымызды тәрбиелеуде атқаратын рөлі зор. Қазақ халқы тәрбиеге жете мән берген. Қазақтың 
бойындағы  аса  ерекше  қасиеттер  бауырмалдық,  кеңпейілділік,  қонақжайлылық,  жуастық, 
шыдамдылық  пен  туған  жерге  деген  сүйіспеншілік  ұлттық  тәрбиемен  тікелей  байланысты.  Тәрбие 
үрдісінің негізін ұлттық тәрбие құрайды. Бүгінгі Қазақстан жағдайындағы ұлттық патриотизм басты 
көрінісі  –  әрбір  қазақтың  ана  тілінде  сөйлеуі,  балаларына  ұлттық  мінез,  ұлттық  қасиеттерін 
қалыптастыруда. 
Ел  президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  өзінің  Қазақстан  халқына  жолдауында,  алдағы  отыз  жыл 
ішінде  мемлекетіміздің  қандай  бағытта  даму  керек  екендігін  белгілеп  берді.  Әрине,  осы  міндетті 
болашақта  іске  асырушылар  –  жастар.  Олай  болса,  сол  жастардың  білім  деңгейі,  ата-анадан  алған 
тәлім-тәрбиесі қандай дәрежеде деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа толық, жан-жақты жауап беру 
әзірге  қиындау,  оған  дәлел  –  бүгінгі  қоғамымыздағы  күннен-күнге  көбейіп  отырған  сан  алуан 
қылмыскерліктер. Біздің ойымызша, қылмыстардың басты себебі – жастарымызға уақытында тәрбие 
бере  алмағанымыздан  туындаған.  Әрине,  қазіргі  таңдағы  әлеуметтік-тұрмыстық  жағдайдың 
нашарлауы  да  өз  әсерін  тигізіп  тұр.  Кеңес  дәуірі  кезінде  балаларымызды  мектеп  тәрбиелейді  деп 
отбасындағы  ата-ананың  тәрбиесін  тым  босаңсытып  алдық.  Мектептер  оқу  мәселесін  өздерінің 
басты мәселесі деп санады, тәрбиелік сабақтарға аса көңіл бөлінбеді. Бұл мәселе жөнінде біздің ұлы 
бабамыз  Әбу  Насыр  әл  Фараби:  «Адамға  ең  бірінші  білім  емес,  тәрбие  керек,  тәрбиесіз  берілген 
білім  адамзаттың  қас  жауы»,  -  деген  екен.  Тәрбие  үрдісіндегі  ұстаздың  шешуші  рөл  атқаратынын 
ұмытпауымыз  керек.  Шәкірттер  өз  ұстаздарының  жүріс-тұрысына,  мінез-құлқына,  іс-әрекетіне, 
дүниетану көзқарасына еліктемей тұра алмайды. 
Орыстың  ұлы  педагогы  К.Д.Ушинский:  «Тәрбиенің  қайнар  көзі  тек  адамның  жеке  басының 
өнегесіне  негізделген.  Ешқандай  жарғыда,  бағдарламада,  ешқандай  орынның  жасанды  әрекеті  де 
оның  орнын  баса  алмайды»,  -  деп  текке  айтпаған.  Оқу  жастардың  жүрегін  тебірентіп,  ой  сезіміне 
әсер  ету  үшін:  біріншіден,  тәрбиеші  ұстаздың  саяси  сауатты  жан-жақты  мол  білім  алуы  шарт; 
екіншіден, тәлімгер ұстаз өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін ұялата аларлықтай әдіскерлік 
шеберлігі қажет, үшіншіден – мұғалім оқу-тәрбие үрдісін жүргізу кезінде оқушының психологиялық 
ой-өрісінің  өсу,  даму  дәрежесін  бақылай  алатын  сезімтал  психолог  болуы  керек.  Л.Н.Толстой 
айтқан:  «Мұғалім  өз  бойына,  өз  ісіне,  шәкіртіне  деген  сүйіспеншілігі  жинақталса  ғана  –  ол  нағыз 
ұстаз». Жаңа заман адамдарын бізден қоғам талап етеді. 

156 
 
Н.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-
экономикалық  және  рухани  дағдылары жеңіп  шыға  алатын,  ізгілігінен ХХІ  ғасырды құрушы  іскер 
өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті және тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру», - деген тұжырым 
жасады. Сол себепті тәрбиенің басты принциптері негізі ретінде қоғамдық қатынастардың өзгеруіне 
байланысты  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды  және  тұлғаны  қалыптастыруды  алу.  Өз  халқының 
мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі 
мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам қалыптастыру. 
Тәрбие – баланы бетке қақпай бетімен жіберу емес, яғни отырса басқа, тұрса аяққа ұрып, қор 
қылып өсіру деген де емес, баланы тәрбиелеу – тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін 
адам шығару деген сөз. Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, адалдық жолға құрбан бола 
білетін,  қысқасы,  адамзат  дүниесінің  керек  мүшесі  болатын,  төрт  жағы  түгел  кісі  қылып  шығару. 
Баланы  мұндай  адам  қылып  тәрбиелеу  үшін  тәрбиеші  немесе  жетекші  оның  негізгі  ерекшелік 
белгілерін  толықтай  зерттеу  тұрмысынан  өткізбейінше,  ешқандай  тәрбие  өз  нәтижесін  бермейтіні 
анық.  Сондықтан  балабақшадан  бастап  баланың  негізгі  ерекшеліктері  мен  психологиялық  зерттеу 
жұмыстары  кеңінен  және  тиянақты  жүргізілсе,  біздің  тәрбие  жұмысымыздың  нәтижелі  болуынан 
бірден-бір себептер болары сөзсіз. Халықтың ұлттық санасының оянып, рухани дамуының жандануы 
соңғы  кездері  жан-жақты  сипат  алып  келеді.  Өмірде  адамдармен  қарым-қатынаста,  тұрмыс-салтта 
ұлттық  қалыптасудың  көптеген  белгілері  күннен-күнге  өріс  алуда.  Бүгінгі  таңда  тілін  ұмытып, 
діннен безген жас ұрпақты оң жолға бағыттаудың, оларға тәлім-тәрбие берудің қажеттілігін өмір өзі 
көрсетіп  отыр.  Ұлттың  болашағын  ойлаған  қазақ  зиялылары  мен  ұстаздар  қауымы  жастарды 
халқымыздың  ежелден  келе  жатқан  үлгі-өнегесі  бойынша  тәрбиелеудің  қажеттілігіне  қатты  назар 
аударып отыр. 
Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қалың елім-қазағым» еңбегінде ұрпаққа патриоттық 
тәрбие  берудің  идеялары  былайша  берілген:  «Қазақстанда  тұратын  әрбір  адам  өзін  осы  елдің 
перзенті  сезінбейінше,  оның  өткенін  біліп,  болашағына  сенбейінше  біздің  жұмысымыз  ілгері 
баспайды!  Және  «Біз  Қазақстандық  патриотизмді  Отанын,  жері  мен  суын  шексіз  сүю,  халқының 
өнеге дәстүрін, әдет-ғұрпын, елдің тарихын құрмет тұтып, мүддесін көздеп, бостандығы мен құқын 
қорғау,  әр  адамның  күш-жігерін  ел  бірлігін  нығайтуға,  азаматтық  татулықты  баянды  етуге  және 
ұлтаралық татулықты тұрақтандыруға жұмсау». 
Демек қазіргі таңдағы тәрбие үрдісінің басты міндеті жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу. 
Бүгінгі  таңда  адамзаттың  алдында  тұрған  басты  мақсаттарың  бірі  –  білімді  ұрпақ  тәрбиелеу.  Олай 
болса  біздің  барлық  іс-әрекетіміз  осы  бағытта  болу  керек.  Ал  ұрпақ  білімді  қайдан  алады?  Әрине 
кітаптан. 
Кітап  біздің  рухани  құндылығымыз,  теңдесі  жоқ  байлығымыз.  Өткен  замандардың  тұңғиық 
тереңінен  сыр  шертетін  тарихты  да,  әдебиетті  де  басқа  ғылым  кереметтерін  кітап  арқылы,  ал 
оқырмандарға кітапханашы арқылы жеткізіп келе жатырмыз. 
Рухани  жан  дүниеңе  демеу  беріп,  адамның  адами  қасиетін  арттыратын  да  осы  кітап,  осыдан 
барып кітапсыз өмірімізді елестету де қиын екенін түсінеміз. Сонау сан ғасырлық тарихымыз кітап 
арқылы жеткені ақиқат. Тәрбиеміздің бастауы ертегі, жыр, дастандар, поэмалар бүгінгі ұрпаққа кітап 
болып жетті. 
Білім  мен  тәрбие  –  егіз.  Екеуін  ұштастыра  жүргізгенде  ғана  нәтижелі  болмақ.  «Адамға  ең 
бірінші  керегі  білім  емес,  тәрбие.  Тәрбиесіз  берілген  білім  –  адамзаттың  қас  жауы,  ал  келешекте 
оның өміріне опат әкеледі», - дейді ойшыл Әл-Фараби. 
Жас  ұрпақтың  бойында  патриоттық,  отансүйгіштік,  адамгершілік,  әділдік,  бауырмалдық 
қасиеттерді қалыптастыруда кітапхананың маңызы орасан зор. Заман талабына сай білім беру жүйесі 
өзінің  басым  бағдарын  жеке  тұлғаның  патриоттық  рухани-адамгершілік  тұрғыдан  кемелденуіне 
аудара бастады. Демек, тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни патриоттық 
рух  тәрбиелеу  –  заман  талабы.  Патриоттық  рухына  бай  тұлғаны  қалыптастыру  Қазақстан  үшін 
ерекше өзекті сипатқа ие болып отыр. 
Қайырымдылық,  адалдық,  патриоттық  тәрбие,  ізеттілік,  мейірімділік,  қонақжайлылық 
құндылықтары  қалыптасқан  халқымыздың  асыл  да  абыройлы  қасиеттерін  жас  ұрпақтың  бойына 
сіңіре білу  ісімен кітапхана қызметкерлері әрдайым жұмыс жасап келеді.   Таным 
мәдениеті 
қалыптасқан  патриоттық  тәрбие  алған  жас  ұрпақ  өзінің  өмірдегі  орнына  сын  көзбен  қарауға 
үйренетін болады. 
Қазақтың халық педагогикасысындағы тәрбиесінің басты принципі адамгершілік, имандылық, 
қайырымдылық болып саналған. Адамдардың бір-біріне қол ұшын беруі, инабаттылығы, қайрымды, 
бауырмал болуы ежелден-ақ келген қағида. Үлкенді кішінің, әкені баланың, ағаны інінің сыйлауы, 

157 
 
ата-ананы  қадір  тұту  халық  педагогикасындағы  ең  басты  принципі  болып  табылады.  Қазақ 
халқының көне заманнан бергі келе жатқан қолөнері – іскерлік пен мәдениеттің белгісі ғана емес, ол 
керемет  ұлттық  тәрбиенің  де  құралы.  Бала  тәрбиесі  туралы  бабаларымыздың  өсиет  сөздерін  де 
жастайынан ұл-қыздарының құлақтарына құйып, тәрбие құралы ретінде қолданған.  
Жалпы, жастарға тәлім-тәрбие беру, олады өнер-білімге үндеуде халық педагогикасының мәні 
зор.  Оны  жүйелі  түрде  қолдана  білсек,  ата-дәстүріміздің  жалғасып,  әдет-ғұрпымыздың 
сақталатынына сеніміміз мол. 
Тәрбиенің  ең  басты  педагогикалық  қағидасы  оның  қоғамға  қажеттілігі  болып  табылады. 
Сондықтан  тәуелсіз  және  құқылық  мемлекет  құру  кезеңінде  тәрбиенің  мазмұны,  қағидаларын, 
мақсаты мен негізгі міндеттерін қажеттілігіне сай құру керек. 
Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. 
«Қазақстандық  патриотизм»  арқылы  Отан,  туған  жер,  ел,  атамекен,  мемлекет,  туған  өлке,  халқы 
туралы түсініктер оқу – тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс-шараларда Отансүйгіштік сезімді дамыту, 
ұлттық салт-дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ана тілін қадірлеу сияқты сезімдерді 
оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылады. 
Бұл  ұғымның  педагогикалық  жүгіне  келер  болсақ,  ол  болашақ  Қазақстан  азаматтарын 
тәрбиелеумен тығыз байланысты, 
Қазақстандық  патриотизм  –  көп  ұлтты  Қазақстан  халқының  өзін-өзі  тануының  күрделі  жолы. 
Өзін-өзі  тану  –  өзіндік  өсу  мен  өзіндік  даму  процесі  арқылы  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды 
меңгеруге,  бағалауға  алып  келеді.  Ең  бастысы  –  жас  ұрпақтың  бойында  Отанға,  туған  еліне  деген 
сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. 
Қазақстандық патриотизмнің негізгі компоненттері: 
-
 
Отанға деген сүйіспеншілік; 
-
 
Отан тағдырына деген жауапкершілік сезімін арттыру; 
-
 
Отан мүддесіне қызмет етуге дайын болу; 
-
 
Отанды қорғау; 
-
 
Отанның қол жеткен жетістіктерін ішке және халқаралық аренада мақтанышпен көрсете білу; 
-
 
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрену; 
-
 
Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің құқықтарына құрметпен қарау;  
-
 
Ана тілін білу; 
-
 
Қазақстанда  тұратын  ұлт  өкілдерінің  ұлттық  салт-дәстүріне  және  әдет-ғұрпына  құрметпен 
қарай білу;  
Қазақстандық  патриотизмнің  негізін  қалыптастыру  –  мемлекеттің  және  барлық  азаматтардың 
экономикалық өмірі мен қауіпсіздік жағдайын жасау болып табылады. Қазақстандық патриотизмнің 
ұлтшылдықтан  айырмашылығы  ол  басқа  халықтарға  деген  құрмет  сезімінің,  бүкіл  адамзат  туралы 
адамгершілік түсінікке қайшы келмейтін Отанға деген сүйіспеншіліктің үлгісі бола алады. 
Халқымыз  ғасырлар  бойы  ұрпағын  өз  елін  сүюге,  ізгілікке  баулып  келеді.  Бұл  ұлтымыздың 
дәстүрлі  ұлттық  тәрбиесінің  өзегі  деуге  болады.  Ұлтымыздың  патриотизмге  бай  тарихын, 
жауынгерлер  мен  батырлардың  ерліктерін,  ата-бабаларымыздың  өнегелі  өмірін  жас  ұрпаққа 
жеткізупатриотизмге  баулудың  бірден-бір  көзі.  Бұл  ретте  аттары  аңызға  айналған  Қаракерей 
Қабанбай,  Қанжығалы  Бөгенбай,  Жанқожа  батыр,  Ақтан  батыр,  Наурызбай,  Қарасай  батыр  сынды 
ерлеріміздің  ерлігін  баяндау  осының  куәсі,  Қазақ  халқының  біртуар  ұлдары  А.Байтұрсынов,  М. 
Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, С.Сейфулин, І.Жансүгіров, Б.Майлиндер өз 
ұлтының нағыз патриоттары екендігін мойындатқан нағыз ұлы тұлғалар.  
Отаншылдық  сезім  –  адамға  туа  біткен  қасиет  емес.  Ол  адамның  саналы  өірімен  қабаттас 
қалыптасатын психологиялық, саяси-әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының 
еліне,  жеріне,  өз  тілі  мен  мәдениетіне,  ұлттық  құндылықтарына  жеке  қатынасын,  өзіндік  бағасын 
түсінуін,  қуаттап  қолдануын  пайымдайтын  сезім  көрсеткіші  болып  табылады.  Осыған  орай  ҚР 
Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  патриотизмді  «Әр  этностың  ұлттық  сезімін  сыйлап,  бірде-бір  ұлтпен 
қарама-қайшылық туғызбау»- деп берілген. 
Патриоттық тәрбие – Отан, туған жер, атамекен, туған ел деген адам санасында мәңгі өшпейтін 
ұғым.  «Патриотизм»  ұғымының  қазақшасы  –  отансүйгіштік,  гректің  патриотес  –отандас  деген 
сөзінен алынған. Ұлтжандылық – жаңа қоғамдық қарым-қатынастың нәтижесінде туған тарихи саты. 
Қазіргі  таңда  елімізде  бұл  екі  ұғым  жаңа  мағынада  айтылып  келеді.  Патриотизмді  Қазақстандық 
патриотизм  немесе  Отансүйгіштік  деп  атайды.  Оның  мақсаты  –  Қазақстанды  Отаным  деп  білетін 
әрбәр  азамат  тек  осы  Қазақстанды  сүйіп,  соның  азаматы  болу,  Қазақстанды  қорғау,  Қазақстанның 
дамуына өз үлесін қосу. 

158 
 
Өскелең  ұрпақты,  жастарды,  болашақ  мамандарды  кез-келген  жағдайда  ерлік,  отаншылдық 
істерге  баруы  үшін,  оған  алдымен  рухани  жағынан  дайын  болуы  керек.  Отаншылдыққа  тәрбиелеу 
ұлттық  ерлік  дәстүрлерге  сүйене  отырып,  жастардың  ішкі  жан  дүниесі  –  ой-санасы  мен  сезімін 
дамытып,  қалыптастыруға  бағытталуы  керек.  Бұл  ретте  Елбасымыз  Н.Назарбаевтың  «Қазақтың 
ұлттық сана сезімін дамыту, «қазақ» деп аталатын таңғажайып, әрі бай тарихи және мәдени байтаққа 
өз  қатысының  барын  сезіну»,  -  дегенді,  біздің  ұстанып  отырған  пікірлерімізді  қуаттай  түседі. 
Жастардың  патриоттық  іс-әрекетін  ұйымдастыру  және  өзін-өзі  тәрбиелеуін,  не  істесе  де  Отаны, 
ұлты,  халқының  мүддесін  көздеу  деп  санаймыз.  Өз  мүддесін  көздеп  орындаған  жұмыстарының 
саналы болуының өзін Отанға қосқан үлес ретінде қарастырудың да маңызы зор.  
Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, 
халқымыз  батырлықты  биік  дәріптеп,  азаматтық  пен  кісіліктің  символы,  үлгісі  санаған.  Батырлық 
деген,  ерлік  деген  ұрпақтан  ата-дәстүр  болып  қала  бермек.  Өткенін  білмеген,  тәлім-тәрбие,  ғибрат 
алмаған  халықтың  ұрпағы  -  тұл,  келешегі  -  тұрлаусыз.  Біздің  қазақ  халқы  –  батыр  халық».  Олай 
болса, Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы 
ұйымшылдықпен  күрес,  мемлекеттерге  қауіп  төндіретін  кез  келген  сыртқы  және  ішкі  күштерге 
қарсы  тұрудың  өзі  жастары  отаншылдық  рухта  тәрбиелеу  міндетін  жүктейді.  Патриоттық  тәрбие 
мәселесі  адамзат  тарихының  өн  бойындағы  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  ұлы  мақсат 
болғандықтан,  оқушылардың  бойындағы  Отанға  деген  сүйіспеншілігі  мен  патриоттық  санасын 
дарытуда  халқымыздың біртуар  ұлы,  даңқты қолбасшы,  Қазақстанның  Халық  Қаһарманы, жазушы 
Бауыржан  Момышұлының  кейінгі  ұрпаққа  үлгі  етіп  қалдырған  өсиеттері  мен  ерлікке  толы 
шығармаларының орны ерекше.  
Бауыржан Момышұлы «Соғыс психологиясы» еңбегінде патриотизмге төмендегідей анықтама 
береді:  Патриотзм  дегеніміз  –  Отанға  деген  сүйіспеншілік,  жек  адамның  аман-саулығының 
қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз 
–  жеке  адамды  күшейту  екенін  мойындау,  қысқасын  айтқанда,  патриотизм  деген  ұғымды  жеке 
адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен жіне болашағымен қарым-қатынасты білдіреді. Ерлік 
дегеніміз – табиғат сыйы емес, ең алдымен, өзінің ар-намысын және адамзаттың қасиетті абыройын 
ұятқа  қалу,  опасыздық  пен  масқара  болу  сезімінен  қорғай  отырып,  адамның  ең  ұлы  сезімін  – 
азаматтық  парызын  орындау  үшін,  осындай  адамгершілік  теңдікті  өзіңмен  сайысқа  түсе  отырып 
тұтас ұжым өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп-қатерін де бөлісіп, жауды барынша жою, жанға 
–  жанмен,  қанға  –  қанмен,  аяусыз  кек  алу  жолымен  жеке  басыңды  және  отандастарды  қауіпсіздік 
етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас тігу. Батылдық – қимыл, әрекет есебін тәуекелдеумен 
үйлестіре  алушылық  Табандылық  –  батырлардың  қалқаны.  Өжеттілік,қайсарлық  –  адамның 
мүмкінемес деген жағдайдың өзінде абыроймен өлімге бас тігу тәуекел етушілік,игілікті құлшыныс. 
Бауыржан  Момышұлының  өзі  де  ұлтжанды  азамат  екенін  артында  қалдырған  қанатты  сөздерінен 
көрініс табады. «Өзінің ұлтын сыйламаған, ұлтын мақтаныш тұта алмайды, ол сөз жоқ арамза, тексіз 
әрі қаңғыбас», «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынбаған құл болмайды». Бауыржан Момышұлы 
турылы айтылған ойлар мен жігер, қайсарлық молынан көрінеді.  
Тәрбие  үдерсінде  жазушы,  ержүрек  қолбасшы  Бауыржан  Момышұлы  шығармаларын 
пайдалану  –  патриоттық тәрбие берудің  қайнар көзі.  Өскелең  ұрпақ  –  болашақ  Қазақстан  азаматы. 
Өзімізді  қоршаған  ірі  өркениет  орталықтарын,    түрлі  мәдениетті  меңгеріп,  өзін  сыйлата  алатын, 
рухани  дүниесі  бай,  интеллект  деңгейі  жоғары  білімді  де  білікті  жаһандану  заманына  сай  болуы 
шарт.  Қазіргі  қоғамның  әлуметтік  сұранысына  мектепке  қойып  отырған  талап  тұрғысынан 
қарастырғанда, патриоттық білім беру маңызды мәселе  болып отыр. Патриоттық білім ол қоғамда 
білімнің  тез  және  шапшаң  қарқынмен  дамуына  байланысты  туындайды.  Өйткені  оқушылардың 
мектепте алған білімдерімен шектеліп қалуына болмайды. 
Әрбір оқушы білімді өздінен ізденіп, ғылыми және техникалық ақпараттардың ағымына бағдар 
ұстау дағдысын қалыптастыру қажет. Бұл патриоттық білім үрдісін оқушы тұлғасын қалыптастыруға 
бағыттау үшін қажет. Патриоттық білім – оқушылардың іс-әрекет тәсілдерді меңгеру мен білім алуы, 
іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Патриоттық білім қасиеттілігі осы заманда ақпараттық алмасу 
үлгісінің қарқындығымен құнды. 
Қазақстандық  патриотизм  өткен  замандағы  қоғам  құндылықтары:  тұлға,  отбасы, білім, еңбек, 
Отан,  Жер  бетіндегі  бейбітшілік.  Бүгінгі  таңдағы  патриоттық  тәрбие  жекелеген  бағыттарға  ғана 
емес, қоғам құндылықтарына қарай бағыт ұстайды. 
Өйткені патриоттық сезімнің басты нысаны – Отан, оның мазмұны: туған жер, табиғат, дін, тіл, 
дәстүр, тарих, әдебиет, өнер. Олар жеке тұлғаны ерекше жылылық, сүйіспеншілік сезіміне баулып, 
патриоттық  сезімнің  негізі  болады.  Отанға  деген  сүйіспеншілік,  туған  жерге  құрмет,  патриотизм  – 

159 
 
тұлғаның  дамуындағы ең  жоғарғы  деңгейді сипаттайтын  аса  маңызды  рухани  игіліетердің  бірі.  Ол 
адамның Отан игілігі үшін қызмет етуінен, қажет болса, сол мақсат жолында ғұмырын құрбандыққа 
шалуға дейін баруынан көрінеді. 
Біз баршаға мүмкіндік беретін қоғам: әрбір адамның жеке басы мен бостандығын құрметтейтін, 
өзіне-өзі  қызмет  етуге  жағдайы  жоқ  жандарды  қамқорлыққа  бөлейтін,  қандай  еңбекті  болса  да 
қадірлейтін,  ана  мен  баланы  қорғайтын,  зейнеткерлерге  қамқор  болатын,  ардагерлер  мен  отан 
қорғаушыларды  ардақ  тұтатын  қоғам  құруды  аяқтауға  тиіспіз.  Бұл  –  Қазақстанның  шынайы 
патриоттарының  басты  ісі.  Сондай-ақ  «Қазақстандық  патриотизмді»  еліміздің  әрбір  азаматының 
санасына  сіңіру  –  кезек  күттірмейтін  мәселе.  Ұлтына,  нәсіліне,  сенімі  мен  нанымына,  саяси 
көзқарасы мен ұстанған бағыт бағдарына, т.б. ерекшеліктеріне қарамастан, Республикамыздың әрбір 
азаматы  өзі  өмір  сүріп,  ауасын  жұтып,  игілігін  пайдаланып  отырған  мемлекетін  «Туған  елім, 
Отаным» деп тануы қажет. Мемлекетке есімін беріп отырған ұлттық салт-дәстүріне құрметпен қарау, 
оның  тілі  мен  дінін  сыйлау,  заңдарына  бағыну,  рәміздерін  ардақтап,  жетістіктеріне  шаттану  – 
қоғамның әрбәр мүшесінің басты міндеті.  
Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда «Сүйем сені, туған тілім – ана тілін», «Тәуелсіздік тірегі – 
төл  теңге»,  «Біздің  Отанымыз  –  Қазақстан»,  «Тілге  құрмет  –  елге  құрмет»  тақырыптарында 
жүргізілген  тәрбие  сағаттары  мен  жыл  сайын  мектеп  бойынша  өткізілетін  Тілдер  мерекесіне, 
Тәуелсіздік  күніне  арналған  әр  түрлі  кештер  мен  сайыстар  оқушыларды  патриоттық  сезімге 
тәрбиелеудің көзі.  
Елімізде болып жатқан шын мәніндегі тарихи өзгерістер, ұлттық сана-сезімнің өсуі, ұлт арқылы 
қатынастар  үрдісі  Отанымыздың  ортақ  тағдыры  үшін  жауапкершілікті  сезінетін  патриотар 
тәрбиелеуді  ерекше  талап  етеді.  Осыған  байланысты  мектеп  ұжымдарының  жас  ұрпақтың 
патриоттық  санасын  қалыптастыру  үрдісіндегі  іс-әрекетіне  қажетті,  адамгершілік  ұстанымдар  мен 
тұжырымдардың  мәндерін  тереңірек  анықтау  қажет.  Мемлекеттік  рәзімдер  Ту,  Елтаңба,  Әнұранда 
халқымыздың өткн өмір тарихы, бүтінгі игілікті істері айшықталған. Осы Мемлекеттік рәміздерден 
басталған тәрбие тұлғалардың қоғамдық бағыт-бағдарын анықтайды, адамгершілік құндылықтарын 
қалыптастырады және Отан игілігі жолында қызмет етуге ұмтылдырады. 
Жас  ұрпақтың  бойында  ұлттық  патриотизм  сезімін  қалыптастыру  үшін  әр  ұлттар  тек  өз 
мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы 
2.
 
С.А.Мұсаева, Т.Б.Бегалиев. Жас ерекшелік педагогикасы. «Фолиант» баспасы, Астана, 2006ж. 
3.
 
А.Б.Бейсенбаева. Жеке тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу. «Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте», 2009ж.  
 
 
 
Ю.В. Буц, Е.В. Крайнюк 
 
СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ ВНЕДРЕНИЯ 
ДИСТАНЦИОННОГО ОБРАЗОВАНИЯ В ВУЗАХ УКРАИНЫ 
 
Рассмотрена актуальность дистанционного образования, выделены преимущества и недостатки дистанционной 
формы обучения. Проанализированы основные причины, препятствующие развитию дистанционного обучения в Украине. 
Ключевые слова: дистанционное обучение, дистанционное образование, технологии дистанционного обучения. 
The  article  discusses  the  relevance  of  distance  education,  marked  advantages  and  disadvantages  of  distance  learning.  The 
main factors that hinder the full implementation of distance learning in Ukraine are analyzed. 
Keywords: distance learning, distance education, distance learning technology. 
 
Последствием  информатизации  общества  стало  активное  внедрения  информационных 
технологий  для  дистанционного  обучения,  являющегося  индивидуальной  формой  с  достаточно 
низкими  затратами  на  подготовку  специалиста.  Дистанционное  обучение  упрощает  получение 
образования представителями социально незащищенных слоев населения, а также лицам с особыми 
потребностями.  Дистанционную  форму  обучения  выбирают  те,  кто  часто  находится  в 
командировках,  поездках,  путешествиях,  территориально  удаленные  слушатели,  женщины  в 
декретном отпуске, люди с ограниченными физическими возможностями, те, кто совмещает учебу и 
работу. 
Таким образом, в условиях финансового кризиса данная форма обучения становится одной из 
важнейших задач высших учебных заведений.  

160 
 
Теоретические  исследования  по  вопросам  дистанционного  обучения  базируются  на 
методологических трудах А. Андреева [1, 2], Ю. Бабанского [3], М. Махмутовой [4, 5], Е. Полота [6] 
и  др.  Значительные  усилия  к  формированию  системы  дистанционного  обучения  приложили  А. 
Алексеева [7], Е. Колос [8], И. Герасименко [9] и другие. 
В  конце  1997  года  в  107  странах  мира  около  1000  учебных  заведений  использовали 
дистанционную  форму  обучения.  Количество  получивших  высшее  образование,  используя  такую 
форму обучения, в 1997 г. составляла около 50 млн. человек, в 2000 г. – 90 млн., а по прогнозам в 
2023 составит 120 млн. человек [10]. 
Целью  представленной  научной  работы  является  исследование  актуальности  дистанционного 
образования  и  выявление  основных  проблем,  возникающих  при  внедрении  дистанционного 
обучения. 
Интенсивное развитие дистанционного образования в Европе и Америке началось в 70-е годы. 
В  Украине  дистанционная  форма  образования  постепенно  вводится  с  2000  года  и  регулируется 
Концепцией развития дистанционного образования в Украине [11] и Положением о дистанционном 
образовании  МОН  Украины  [12].  Именно  в  этом  документе  дано  определение  понятия 
«дистанционное обучение» – форма организации учебного процесса в учебных заведениях, которая 
обеспечивает  реализацию  дистанционного  обучения  и  предусматривает  возможность  получения 
выпускниками  документов  государственного  образца  о  соответствующем  образовательном  или 
образовательно-квалификационном уровне. Задачей дистанционного обучения является обеспечение 
гражданам  возможности  реализации  конституционного  права  на  получение  образования  и 
профессиональной  квалификации,  повышение  квалификации  независимо  от  пола,  расы, 
национальности,  социального  и  имущественного  положения,  рода  и  характера  занятий, 
мировоззренческих убеждений, принадлежности к партиям, отношения к религии, вероисповедания, 
состояния здоровья, места жительства в соответствии с их способностями. 
Иногда дистанционное обучение отождествляют с заочной формой образования, но это совсем 
не  так.  Студент-заочник  общается  с  преподавателем  только  на  установочной  сессии,  а  большую 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет