1.Математика пәнін ұйымдастыру түрлері 2.Математика сабақтарының топтастырылуы 3.Математика сабақтарының құрам компоненттері
4.Математиканы оқыту процесінде қолданатын әдістер мен амалдар
Математиканы оқыту процесінің ұйымдастыру түрлері:
Сабақ
Экскурция (сабақтан тыс жұмыстары)
Үй жұмысы (өзіндік жұмыс) Экскурция
Тақырыптық (тақырып бойынша)
Жиынтық (бірнеше тақырыбы бойынша немесе бірнеше сабақтарға қатысы бар) Оқыту процесінің кең тараған ұйымдастыру түрі сабақ болып табылады.
Сабақ дегеніміз - уақытпен шектелген (45мин) бүтін, логикалық байланысты оқыту – тәрбиелеу процесінің үзіндісі. Әр сабақтың міндеттері, мазмұны, құрамдары, амалдары, әдіс-тәсілдері, қағидалары көрсетіледі.
Әр сабақтың алдында нақты тақырып,міндеттердің қойылуы;
Сабақтың мазмұны тақырыпқа, міндеттеріне сәйкес болу және жалпы педагогиканың қағидаларына сүйену;
Сабақта пайдаланатын әдістері мен амалдарды балалардың даму ерекшеліктеріне, ойдың, таным іс-әрекеттеріне, ақыл-ойы мүмкіндігіне қарай, өмірлік тәжірибесіне қарай қолданады;
математика сабақтары мүмкіндіктері шектеулі балаларды қоғамға кіргізу және
әлеуметтендіру мақсатқа бағыттануы қажет;
мұғалім әрқашан оқушыларға үлгі болып тұру керек.
Математика сабағының тақырыбы мен міндеттеріне қойылатын талаптар:
математика сабағының тақырыбында тек математикалық мазмұнын көрсеткан жөн. Тақырыптың атында етістіктер қолданбайды, өйткені олар сабақтардың міндеттерін жариялау:
Мыс: “18 саны”,”15 cаны ”- деген тақырыптың атын дұрыс, ал “18 санымен таныстыру”, “1санымен танысу ”- деген дұрыс болып саналмайды. Немесе ”жай бөлшектердің негізгі қасиетімен таныстыру ’’ тақырыптың атауы қате.
Сабақтың тақырыбынан кейін, оның міндеттерін белгілейді:
Сабақтың міндеттерін атағанда әр түрлі етістіктерді кеңінен қолданған жөн: қайталау, талдау, таныстыру, қалыптастыру, жазуға үйрету, дамыту, жүзеге асыру т.б.
Білім беру міндеттерін атағанда келесідей тізімге сүйенеді: 1.Қандай жаңа материалмен таныстыру
Нені қайталау
Қандай басқа жаңа тақырыптарды меңгеруге балаларды дайындау.
Сабақтың қорытындысын шығару.
түрі: Білімдерді түзету және бекіту сабақтары («түзету»дегеніміз психикалық процестерге емес, алдыңғы тақырыпта берілген білімдерін анықтау,түзетуге қатысты). Жаңа білім бергеннен кейін міндетті түрде келесі сабақта меңгерген білімдерін бекітуіне, анықтауына арналады, өйткені зияты зақымдалған оқушылардың білімдері бірден толық дұрыс қалыптасуы қиын. Осы сабақтардың үстінде берілген білімдерін ұқсас жағдайда қолдануды үйретеді. Сабақтың құрам компоненттері келесі болуы мүмкін:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Ауызша санау
Керекті білімдерін еске түсіру
Білімдерін түзету және бекіту
Білімдерін жаңа жағдайда қолдануды үйрету
Сабақтың қорытындысын шығару
түрі: Біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру сабақтары. Бұл сабақтарда балалардың меңгерген білімдерін жаңа жағдайда қолдануды үйрету.
Бұл сабақтар белгіленген үлкен тақырыпты, тарауды бітіргеннен кейін немесе тақ санның, жылдың басында немесе алдында өткізеді.
түрі: Бағалау,тексеру сабақтары. Мақсаты:тарау, тақырып берілген білімдер тексеру, бағалау. Бақылау жұмысын өткізу.