Көрнекілік әдісі - Әл-Фараби «оқытудың негізгі әдісі-көрнекілік» деп,оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру,есте қалдыру) ұсынады.
Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.
Көрнекілік әдісі — оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, обьектілермен оқушыларды таныстырғанда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, обьектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.
Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар-атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері: Демонстрация әдісі арқылы заттар менқұбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кинофильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.
Оқу процесі жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар, видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі-жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге ерекше көніл бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш техникасы кабинеттерін құру міндетті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді енгізілген. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.
Оқытуды ұйымдастыру формалары.
Оқытуды ұйымдастыру формасы – оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс–әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.
Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке –дара, топтық және сынып–сабақтық жүйе. Жекелеп оқыту жүйесі көне орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке не бірнеше оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын.
Бұрын қазақ еліндегі молдалардың балаларды оқытуы да осы орта ғасырлық оқу жүйесіне өте ұқсас еді. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгініп отырып, әр кітаптан оқыған.
Жаңа дәуірде Англияда оқытудың “белл – ланкастер” жүйесі тарады.”Сатылы” немесе “өзара оқыту” түрінің ерекшелігі: бір оқу жылында жас шамалары, білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200–300 немесе 600–ден астам оқушыны мұғалім сатылып оқытуды ұйымдастырған, түске дейін ересектерді оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші оқушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйретіп отырған.
Америка Құрама Штаттарында XX ғ. Басында “дальтон – жоспар” оқу формасы тұңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі, оқу жеке дара, әрбір оқушыны өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды. Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің басшылық рөлі төмен болды.
Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында оқу ісінде балалардың бірлесіп атқаратын жұмысы ретінде бригадалық — зертханалық әдіс жүйесі ұсынылды. Бұл әдіс бойынша, оқу сыныптары 3–4 топқа бөлінеді. Әр топты басқаратын бригадирлер (жақсы оқитындары және ұйымдастыруға қабілетті балалар) белгіленді. Бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын жинақтап, мұғалімге бригада мұғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадирдің жауабына қарай,бригадаға оқушылар білімінің бағасы қойылды. Мұндай жағдайда оқушының жеке басының ерекшелігімен санасушылық болмады. Мұғалім тек консультант есебінде ғана жұмыс атқарды.
Оқытудың кең таралған сынып–сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педогогикалық тәжірибелерді зерттеп , оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.
Оқушыларды сыныпқа жас шамаларымен таным қабілеттері бойынша топтастыру.
Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі.
Сабақта мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ, бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні одан да маңыздырақ. Нағыз ұстаз, міне, осынысымен бағаланады./Цицерон/
Оқу қызметі – адамның оқу міндеттерін шешу процесінде теориялық білімдер мен қызмет тәсілдерін игеруіне бағытталған негізгі қызмет түрлерінің бірі. Оқу қызметін жүйелі жүргізу оның субъектілерінде негізгі компоненттері мазмұнды абстракция, жалпылау, талдау, жоспарлау және рефлексия болып саналатын теориялық танымы мен пайымдауының жедел дамуына жағдай жасайды.
Мектептердегі оқыту процесі мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі. Оның қызметінің мақсаты оқушылардың белсенді, саналы, танымды қызметін басқару болып саналады. Мұғалім оқушыларға бірте – бірте күрделі талаптар қояды, соның арқасында баланың танымдық ойының ілгерілеу қозғалысын қамтамасыз етеді. Мұғалім оқытудың табысты өтуіне жағдай жасайды: қойылған талаптарға сәйкес мазмұн таңдайды, оқытуды ұйымдастырудың әр алуан түрлерін пайдаланады; соның көмегі арқасында мазмұн оқушының игілігіне айналатындай әр түрлі әдістерді пайдаланады.
Әрбір мұғалім өз сабақтарының қызықты, тартымды, есте қаларлықтай болғанын қалайды. Дегенмен, жас мұғалімдер өз пәнін жетік білу және оның әрбір мәтінін қызықты етіп баяндай алу – мұғалімнің басты қасиеті деп ойлайды. Алайда мектептегі негізгі пәндерді оқыту барысы бұл қасиеттің мұғалімдер үшін жеткіліксіз екендігіне көз жеткізіп келеді.
Дидактик-ғалымдар арнайы зерттеулер нәтижесінде оқушылардың танымдық белсенділігі олардың игеретін білімінің сапасына тікелей әсер ететінін анықтап отыр. Мысалы, өздігінен оқу немесе дәріс тыңдау барысында ақпаратты ұзақ уақыт есте сақтаудың көрсеткіші 10 пайыздан аспаса, әр түрлі танымдық ойындар мен белсенді оқыту әдістерін пайдалану барысында ол көрсеткіш 90 пайызға дейін жетеді екен. Бұл «жағада тұрып жүзуді үйрену мүмкін еместігін” дәлелдейді.
Орыс академигі В.Беспальконың айтуынша игеру деңгейі 70 пайызға жетпеген білім, біртіндеп кеми береді екен, тек 70 пайыздан асқан кезде ғана оны өздігінен толықтыру мүмкіндігі пайда болады екен. Ал ғалымдардың зерттеулері оқыту барысында балалар өзара талқылау жасап, алған білімді өз тәжірибесімен ұштастырып және өз білгенін өзгеге үйреткенде ғана бұл деңгейден асуға болатынын көрсетіп отыр.
Сабақтың түрлері және оның дидактикалық талаптар жүйесі.
Қазiргi кездегi сабақты жетiлдiру жұмыстарының iшiндегi негiзгi мəселелерiнiң бiрi – оның түрлерi мен құрылымы. Мектеп тəжiрибесiнде бiр типтi сабақтар болмайды. Сондықтан, оқыту жұмысын жүйелi əрi нəтижелi жүргiзу үшiн, оны топтастырудың мəнi орасан зор. Сол себептен əрбiр мұғалiмнiң сабақ классификациясын ойдағыдай бiлуi шарт.
Сабақ классификациясы (жiктелуi) - сабақтарды құрылысы жөнiнен топастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз бередi. Бұл мəселе турасында педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ пiкiрлер əлi де қалыптаспаған. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесiнiң қайта құрылатындығы жəне соған орай оқытудың мазмұны, əдiс-тəсiлдерiнiң де өзгерiп, жаңарып отыруы сөзсiз.