Әңгіме әдісі-биология сабақтарында жаңа тақырыптың мазмұнынан сай табиғат құбылыстарын, кездейсоқ жағдайларды, тарихи жаңалықтардың ашылуы жайлы, атақты жаратылыстану ғылымдарына еңбегі сіңген ғалымдардың өмір жолы мен ашқан жаңалықтары, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің шығу тарихын баяндау барысында қолданылады. Баяндау алға қойған мақсатқа байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Кіріспе баяндау, қорытынды баяндау, әңгіме түрінде баяндау. Әңгіме әдісінде педагогикадағы «сөздік кәрнекілік» немесе «образдық» - көрнекілік қолданылады. Мұғалімнің әңгімесі белгілі сюжет бойынша құрылады. Кіріспе баяндау әдісі оқушыларды жаңа тақырыптың мазмұнын түсініп қабылдауға дайындау үшін қолданылса, қортынды баяндау мазмұнының белгілі бір бөлігінің қорытындылап түсіндіру үшін, біртұтас көріністі бейнелей отырып оқушылардың сезімін терең ояту, күрделі ойларды логикалық жүйемен жеткізу болып табылады. Әңгіме түрінде баяндау алдын-ала құрылған жоспар бойынша оқу материалының мазмұнын баяндау. Жаңа сабақты баяндауға мұғалім алдын-ала жоспар түзіп, алдына қойған мақсатқа жету үшін әдіс-әрекеттерді таңдап алады. Мұғалімнің әңгімесі оқушыларда терең әсер қалдыратындай болу керек. Бұл әдіс төменгі сыныптың оқушыларының зейінін тез шаршатады, сондықтан әңгімелеудің уақыты 10-15 минуттан аспайды. 6-7 сынып оқушыларының назары көрсетілген уақыттан артыққа шыдамайды. Әңгімеден түсіндіру әдісінің айырмашылығы-сабақтың мазмұнын нақты фактілермен, дәлелдемелермен және қортындылармен ашады. Сабақ нақты мазмұндалады, ал практикалық сабақ барысында түсіндіру әдісі, нұсқау беру сипатына көшеді.
Мектеп лекциялары. Орта буын оқушыларды оқытуда қолданылмайды. Жоғары сынып сабақтарында мұғалім сабақ кезіндегі лекцияның барысында оқушыларға сұрақ койып жауап алады, үйге тапсырма береді. Мұғалім лекцияның жоспарын түзгеннен соң, сабақ барысында оның мазмұнын логикалық жүйеде рет-ретімен мазмұндайды. Басты проблеманы ашу барысында фактілерді, мысалдарды, нақты пайдалану, оқушылармен тығыз байланыста, ойлау әрекеттерін басқара білу, терминдерді көрсетіп мәнін түсіндіру, көрнекіліктерді пайдалану лекцияның мазмұнын аша түседі.
Көрнекілік әдістер: иллюстрация, демонстрация.