Педагогика ғылымының мәні. Оның ерекше білім саласына бөлінуі және зерттеу аймағы



бет16/31
Дата15.06.2022
өлшемі158,6 Kb.
#36865
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
И. Н. Казанцев бойынша:
1. Алғашқы сабақ - əр пəннен оқу жылының басында өтетiн сабақтар.
2. Кiрiспе сабақ - бағдарламаның күрделi тараулары мен тақырыптарынан өтетiн бiрiншi сабақ.
3. Жаңа бiлiмдi меңгеру сабағы - жаңа оқу материалы өтетiн сабақ.
4. Пысықтау сабағы - өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
5. Жаттығу сабағы - оқушылардың бiлiмi мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
6. Тəжiрибелi сабақ - оқушылардың алған бiлiмiн өмiрде қолдану жолдарын көрсететiн сабақтар.
7.Қайталау-қорыту сабағы - өткен күрделi тараулар мен тақырыптарды қайталау-қорытуь сабақтары.
8. Тексеру сабағы – оқушылардың бiлiмiн тексеретiн сабақтар.
9. Бiлiм сапасын бағалау сабағы – оқушылардың алған бiлiмiн бағалау сабақтары.
10. Қорытынды сабақ - оқу жылының ақырында əр пəннiң жылдық курсын қорыту сабақтары.
С. В. Иванов бойынша:
1. Кiрiспе сабақтар.
2. Оқу материалымен алғашқы рет танысу сабағы.
3. Жаңа бiлiмдi меңгеру сабағы.
4. Меңгерген бiлiмдi тəжiрибеде қолдану сабағы.
5. Дағдылану сабағы.
6. Қайталау, пысықтау жəне қорыту сабақтары.
7. Бақылау сабағы.
Б. П. Есипов бойынша:
1. Аралас сабақтар.
2. Жаңа оқу материалымен танысу сабағы.
3. Пысықтау сабағы.
4. Қайталап жинақтау, қорыту сабағы.
5. Оқушылардың бiлiмi мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
6. Бiлiм сынау сабағы.
Қорыта айтқанда, қазiргi мектеп тəжiрибесiнде көптеп қолданылатын сабақ түрлерiне мыналарды жатқызуға болады:
1. Кiрiспе сабағы.
2. Жаңа бiлiмдi хабарлау сабағы.
3. Бiлiмдi, бiлiктi жəне дағдыны бекiту сабағы.
4. Жаттығу жəне тəжiрибе сабақтары.
5. Зертханалық сабақ.
6. Қайталау-қорыту сабағы.
7. Оқушылардың бiлiмдерiн, бiлiктiлiктерi мен дағдыларын тексеру жəне бақылау сабағы.
8. Аралас сабақ
9. Өздiгiнен бiлiм алу сабағы.
Сабақты бұлай жiктеу кездейсоқ емес, оның бұлай қалыптасуында белгiлi бiр заңдылықтар бар. Атап айтсақ, сабақтың мақсатына байланысты мұғалiм оқушыларға жаңа бiлiм берудi көздесе, осыған орай ''Жаңа бiлiмдi хабарлау сабағы'' деп аталса, сабақта оқушылардың қабылдаған жаңа бiлiмiн iс жүзiнде пйдалана бiлу жолын қарастырса, онда ол ''Жаттығу немесе практикалық сабақ'' деп аталады. Сол секiлдi мұғалiм өткен оқу материалын оқушы-лардың есiне салу, қайталау мақсатын көздесе, ол ''Қайта-лау-қорыту сабағы'' деп аталады Ал сабақтың ''Аралас сабақ'' түрi оның құрылымына байланысты болып келедi. Мұғалiм сабақтар жүйесiнде дидактикалық бiрнеше мақсаттарды жүзеге асырады. Демек, оқушыларға жаңа бiлiм бередi, оны өмiрде, практикада пайдалану жолын үйретедi, өткен оқу материалын қайталап. қорытады, сонымен бiрге оқушылардың бiлiм көлемi мен сапасын сынап, оны бағалайды. Мұндай жағдайда көпшiлiк сабақ оның бiрнеше элементтерi (кезеңдерi) арқылы аралас өтедi. Мiне, осындай сабақ түрi ''Аралас сабақ'' деп аталады.
Сонымен сабақ құрылымы деп сабақтың барысында (45 минут) оның құрамды бөлiктерiнiң, кезеңдерiнiң бiр-бiрiмен ұштасып, белгiлi тəртiппен жүзеге асырылуын айтады.

  1. Мұғалімнің сабаққа дайындалу жұмыстары.

Мұғалімнің сабаққа дайындығы 2 бөлімнен тұрады – пәнді оқытуға жалпы дайындық және әрбір сабаққа дайындық.
Пәнді оқытуға жалпы дайындық оқу жоспарын, бағдарламасын оқып-үйреніп, күнпарақтық-тақырыптық жоспар жасаудан және сабақтың материалдық-техникалық базасын – оқу бөлмесін, көрнекі құралдар, ОТҚ, құрал-саймандарды, приборларды т.б. реттеуден тұрады (құралады). Бұл дайындық, әрине, оқу жылы басталмай тұрып жасалады.
Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Оқу материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады. Содан кейін оқулықтағы (немесе бірнеше) оқу материалының жазылуын – қандай тезистер мен негіздемелер берілгенін, материалдың оқушыларға түсінікті болуын, мысалдардың тақырыпқа сай болуын, тақырыптардың жүйелілігін мұқият оқып-үйрену қажет. Сұрақтар мен тапсырмалардың оқушыларға түсініктілігін, олардың орындалу жүйелілігін, маңызын талдау қажет. Еске түсерлік сұрақтарды танымдық сұрақтармен, үйреншікті тапсырмаларды ізденісті қажет ететін, келелі тапсырмаларға алмастыру қажет. Жеке және ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыруға ықпал ететін іскер ойынның элементтерін (немесе толығымен сценарийін), өндірістік жағдайлардан мысал келтіре отырып, сүйеніш білімнің белсенділігін арттыратын сұрақтарды ерекше ойланып, дайындауы қажет. Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымының, білімге құштарлығының, қисынды ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы – тәрбиелеуге өте көп көңіл бөлуі қажет.
Сабаққа дайындық негізгі оқулықпен танысып қоюмен шектелмеуі тиіс. Мұғалім материалды білуі, кеңінен, тереңінен түсінуі қажет. Бұл оған сабақты басқаруға, материалды оқулықтағыдан басқаша түсіндіруге, оқушылардың танымдық және ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз беттерімен шығармашылық жұмыс істеуге үйретуге, тапсырманы ілгерілеу әдісімен беруге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде сабақта қолданылған әдістемелердің нәтижелілігі туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы керек.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, педагогикалық еңбегін Ю.А.Львова нақты сипаттап көрсеткен. Ол мұғалімнің сабаққа дайындалуына көмектесетін, педагогтың шығармашылық жұмысын ұйымдастыратын ұтымды ұсыныстар жасады:
1. Бағдарламаның осы сабаққа қатысты бөлімін ұғына оқы.
2. Осы бөлімнің материалдарын, тақырыптарын, сұрақтарын оқып біл.
3. Осы сабақта неге жетуім қажет деген сұраққа жауап бере отырып, сабақ мақсатын жаз.
4. Осы топтық ұжымды көз алдына елестетіп, жеке оқушыларды еске ал. Олардың психологиясын ойша еске түсіріп, педагогикалық түрлену өнерін қолдана отырып, олардың алға қойған мақсатқа жету жолдарын белгілеуге тырыс.
5. Осы материалға және осы оқушыларға тиімді әдістемелік тәсілді таңдап ал.
6. Таңдалған әдісті өз мүмкіншілігіңмен салыстыр, сабақтағы өз іс-әрекетіңді ойша салмақта.
7. Сабақ құрылымын ойластырып, «тапқаныңның» барлығын жоспар-конспектіге жаз.
8. Көрнекі және оқу құралдарын дайында, тексеріп, реттеп, әзірлеп қоюды ұмытпа, приборлар мен жабдықтарды, есептеу техникаларының дұрыстығын жұмыс үстінде тексер. Көрнекі құралдарды көрсету тәртібін ойластыр.
9. Қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін көрнекіліктерді көзбен шолу құралдарын ғана қолдану қажет. Егер олар көп болса, оқушылардың назары соған ауады.
10. Жоспардың негізгі тұстарын қайтала (оқу материалының).
11. Өзіңнен сұра:
– Сен сабаққа дайынсың ба?
Бұл ұсыныстардағы педагогикалық іс-әрекеттер тиімді, өйткені осылардан сабақ туындайды, сабақты ойластырудың үлкен шығармашылық еңбек екендігі айқындалады. Ал осыған сабақтың тиімділігі мен нәтижелілігі байланысты.

  1. Тақырыптық және жеке сабақтардың жоспары.

Мектепте оқу материалы әрбір жарты жыл бойынша жоспарланады. Мұндай жоспардың түрін күнтізбелік (календарный) жоспар деп атайды. Күнтізбелік жоспар жүйесіне белгілі бір тоқсан ішінде өтетін тақырыптар енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет