Педагогика ғылымының мәні. Оның ерекше білім саласына бөлінуі және зерттеу аймағы



бет3/31
Дата15.06.2022
өлшемі158,6 Kb.
#36865
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Тәрбиенің заңдылықтары:
1.Тәрбие қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік – экономикалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің дамуына игі әсер етеді.
2.Тәрбие мен өзін — өзі тәрбиелеудің бірлігі заңдылығы. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Белсенділіктің бірнеше түрлері бар. Олар: қарым – қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін — өзі тәрбиелеу белсенділігі.
3.Тәрбие іс — әрекетінің және қарым – қатынастың шешуші рөлі заңдылығы. Тәрбие, оқыту және білім беру іс — әрекетіне байланысты. Іс — әрекеттің мынандай түрлері бар. Олар: ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық – саяси іс — әрекеттері т.б. жатады.
4.Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу заңдылығы. Жас ерекшеліктері мынандай жағдайда еске алынады:
а) оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын
т.б. жасағанда;
ә) ағзаның дене және психикалық дамуына байланысты;
б) оқу, тәрбие процесінде.
Жеке адамның дербес ерекшеліктері;
а) темперамент, оның типтері (сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик) ;
ә) қабілет, оның түрлері: жалпы және арнайы қабілеттер.
Қабілет – адамның түрлі іс — әрекеттеріндегі мүмкіншілігі.
5.Педагогикалық процесте ұжым мен жеке адамның өзара байланысы заңдылығы. Оқушы тұлғасын қалыптастырудың негізгі көзі ұжым болады. Көрнекті педагогтар Н. К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А Сухомлинский ұжымдық қатынастарды қалыптастырудың теориялық негіздерін жасады.

  1. Тәрбие мақсаты мен міндеттері.

Тәрбие мақсаты оның мідеттері арқылы нақтылана түседі. Тәрбие міндеттері:
- Тұлғаның таланты, ақыл-ой қабілеттіктері мен денелік дамуына толық жағдай жасау;
- Адам құқы және оның еркіне деген құрметті тәрбиелеу;
- Баланың ата-анасына, мәдени ерекшелігіне, тіліне, өмір сүріп отырған елдің құндылықтарына құрметті дәлелдеу;
- Баланы бейбітшілікті түсіну, шыдамдылық, достық және халықтар арасында өзара түсінісу бар ерікті қоғамдағы саналы өмір сүруге дайындау;
- Қоршаған ортаға құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Сонымен, тәрбие үдерісі – қойылған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілер арасындағы өзара әсерлесу болып табылады.
Тұлғаны қалыптастыру үдерісі тәрбиемен ұштаса жүретін өзін-өзі тәрьиелеу мен қайта тәрбиелеу жайлы мағлұматтарды да меңгеру қажет.
Тәрбие үдерісі логика бойынша өзін-өзі тәрбиелеуге ұштасуы қажет. Өзін-өзі тәрбиелеу – тұлғаның өз мүмкіндігін толық байқату, дамыту және жетілдіру үшін саналы, мақсатты, өз бетінше жасалатын іс-әрекет. Балаға өзін-өзі дамыту бойынша өзінің іс-әрекетін жасату тәрбие үдерісінің қажетті жағдайы болып табылады. Сондықтан мектептегі тәрбиеніңғ міндеті – оқушының ішкі күштерін ояту және оларды өзін-өзі дамытуға бағыттау, оқушылардың өзін-өзі тәрбиеленуіне жетекшілік ету болып табылады. Бұл міндетті шешу үшін қолданылатын құралдар: даму және өзін-өзі тәрбиелеу жайлы білімдер беру, өзін-өзі тәрбиелеу бойынша ұжымдық және жекелеген іс-әрекеттер ұйымдастыру, кеңес беру, мадақтау. Өзін-өзі тәрбиелеу мақсатында қолдануға болатын тәсілдер: өзін-өзі талдау, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі бақылау және т.б

  1. "Тәрбие процесі" ұғымы мен мазмұны, ерекшеліктері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет