Педагогика ғылымының мәні. Оның ерекше білім саласына бөлінуі және зерттеу аймағы



бет7/31
Дата15.06.2022
өлшемі158,6 Kb.
#36865
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
Байланысты:
Педагогика емтихан

Бағдарлау - іс-қызметтік тәсіл оқушыларды еңбекке даярлауға қызмет етіп, еңбек белсенділігін туғызып, іс-қызметке жауапкершілікпен қарауды, халық игілігін молайту жолында еңбек ету қажеттігі сенімін қалыптастырады. Балалар күнделікті іс-қызметке қатысып, қоғамның материалдық саласында адамгершілік және еңбек бағдарларын дұрыс таңдап дамытады.
Қарым-қатынас тәсілі (коммуникативтік тәсіл) - балалар мен ересектердің іс-қызмет кезіндегі қатынасына негізделіп, оқушылардың қоғамдық мінез-құлық нормаларын игеруіне көмектеседі. Оқушылар тәртіп ережелері жөніндегі ақпаратты топта, сыныпта, мектепте құрастырып, оны төменгі және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар, ересек адамдар арасында жетілдіреді.
Бағалау тәсілі көмегімен мектеп оқушылары адамдардық кимыл-әрекеттерін, көзқарастарын, сенімдерін, тәртіп бағыттарын айқындауға, негіздеуге, өз іс-қызметін, оқу мен еңбектегі жетістіктерін, адамгершілік сапаларын өздері бағалауға үйренеді. Оқушы іс-қызметтің адамгершілік жақтарын бағалауға жаттығады. Мұғалім бағалауды, өзіне-өзі баға беруді қалыптастырып қамқорлық жасайды. Баға беру алынған білімді жеке тәжірибемен байланыстырып, оған жаңа қасиет береді.

  1. Тәрбие өнері мен тәрбиелеу технологиясы.

Тәжірибеде теория технология көмегімен іске асады. "Технология" сөзі "техно" - өнер, шеберлік және "логос" -ғылым деген сөздерден қүралған. Технологияның өндірістік процестегі мәні — бұл қолдану кезінде алдын-ала белгіленген нәтижеге жеткізетін, берілген саны мен сапасы арқылы тауар алуға керек болар ғылыми-өндірістік әдістер, құралдар мен алгоритмдер жүйесі. Қазіргі өндірістер осы технологияға негізделеді. Технология - бұл өндірістің қол жеткізер деңгейінің шоғырлы көрініс белгісі, ғылыми жетістіктерді енгізудің тәсілі мен нэтижесі. Кез-келген іс-әрекет негізінде технология немесе өнерлік сипат бар. Өнер интуицияға негізделеді, ал технология ғылымды арқау етеді.
Технология әзірге жасалынбаса, онда жеке шеберлік үстем алады. Бірақ ерте ме, кеш пе "ұжымдық шеберліктің" жинақты көрінісі технологияға айналады.
Тәрбие технологиясы барлық тәрбиешілерге ортақ, ол түлғаны жан-жақты қалыптастыру, оны дамыту жолындағы барша кезендерімен толық қабылдануы тиіс. Оларды анықтап, нәтижеге жету бағыт-бағдарын көрсету педагогика ғылымының міндеті. Тәрбие мәселелерін технопогиялық шешуде әрбір тәрбиеші мақсатқа қол жеткізудің жолын алдын-ала белгілеген "өзекі нүктелердің" арасында әрбір тәрбиеші өз мүмкіншілігіне және нақты жағдайларға байланысты шеберлік әрекетін жасай алады.
Қазіргі тәрбие тәжірибесі өзінің өтпелі кезеңінде түр. Тәрбиешілердің көбі ғылыми технология бойынша жұмыс істеуді әлі де мойынсынбайды, бірақ тәрбие міндетгерін шешудің жекелей интуитивті жолынан жалпы бүрылыс көрініс бере бастады. Пайдасы көп, сарапталған технологиялық жаңалықтарды енгізуге педагогтар қауымы ыңғай танытуда.
Тәрбиенің комплекстігі. Тәжірибелік технологиядағы біртүтас тәрбие процесі оның қүрылым бірліктерін комплексті түрде қабылдау арқылы іске асырылады. Комплексті ықпал тәрбиелік мақсаттардың, міндеттердің, мазмүнның, әдістер мен формалардың бірлігін білдіреді.
Комплексті қажеттік тәрбие теориясы мен мектептегі тәрбие жүмысы тәжірибесінің соңғы 10 жылдықта жетекші процестердің бірігімі ретінде танылуына байланысты болды. Бүл процестер уақытында өз бетінше үйымдастырылатын, сонымен өзінше жетілетін қүбылыс деп есептелінді. Осыдан бүл процесте біртұтас түлғаны қалыптастыруға емес, сол тұлғаның жеке-дара қасиеттерін қалыптастыруға көп көңіл бөлінді. Тұлғаны жан-жақты, үйлесімді дамыту принципі бұзылды.
Қазіргі тәрбие технологиясы комплексті бағыт мәселесін шеше отырып мынадай талаптарды орындайды:
1. Тәрбиеленушілерге үш бағытта, яғни санасына, сезіміне және қылықтарына әсер ету.
Тәрбие және өзіндік тәрбие бірігуі арқылы дұрыс нәтижеге қол жеткізу.
Тәрбиеге қатысты барлық факторлардың бірлігі мен реттелуі тәрбиеге комплексті түрде қараудың кезек күттірмес шарты.
Тұлғада берілген қасиеттер тәрбие істерінің жүйесі
арқылы қалыптасады. Бүл істер бір арнаға бағытталып, процестегі ой, дене, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбие міндеттерінің бір мезетте орындалуын талап ететін нақты комплексті сипатта болуы қажет.
Тәрбиеге комплексті қарау тәрбие процесінің және оны
басқарудың жүйелілігін талап етеді. Тәрбиедегі сыртқы және ішкі факторлар мен олардың өзара байланысын ескермей тұрып, басқару табысты болмайды. Ол үшін бүл факторлар мен олардың әсер ету сипаты туралы педагогтың айқын түсінігі болуы шарт.
Тұлғаны толық қалыптастырудағы комплекстік осы жағдайлардың біріккен сипаты ретінде ескерілгені жөн.
Тәрбие комплекстігінің маңызды шарты - тәрбие мақсаттарының, мазмұнының, формалары мен әдістерінің бірлігі. Мұндай бірлікке келген ой мен әрекеттің қара-қарсылықсыз орындалуы және алға қойған мақсат, міндеттің нәтижелерімен сәйкес келуі комплекстіліктің жоғары деңгейде іске асқаны.

  1. Тәрбиелік істер (әлеуметтік бағдарлы және этикалық).

Тәрбиенің жүйелілігі, комплекстілігі, бірізділігі, үздіксіздігі «тәрбие ісі» деген түсінік береді. Тәрбие ісі – тәрбиеленушілердің нақты іс-әрекетін ұйымдастыру мен дамытудың бір формасы. ТІ ең басты ерекшеліктері – қажеттілігі, пайдалылығы, міндетті орындалатындығы. Тәрбие процесі үздіксіз жалғасты ТІ-нен тұрады. ТІ ұжымдық және шығармашылық сипатта болатындықтан және ұжымдық тәрбие істері(ҰТІ) немесе ұжымдық шығармашылық істер (ҰШІ) деп аталады. ТІ-де тәрбиеші мен оқушылардың қзара әрекеттерінің формасы, құралы және тәсілдері үйлесіп келеді. ТІ өз құрамында адамгершілік, эстетикалық, саяси, ақыл-ой әсерлерін топтастырады. ТІ ұйымдастыруда мұғалімдер басшылыққа алатын 6 теориялық кезеңі ұсынылады, олар:

  1. Мақсатты айқындау түсіну;

  2. Әрбір оқушының міндетін дәл анықтау;

  3. Мақсат пен нәтижеге қол жеткізу үшін барлық қажеттікті дайындау;

  4. Нәтиже өзгерісіне орай орындалатын қосымшаларды белгілеу;

  5. ТІ-не жауапкердің есеп беру сәтін белгілеу;

  6. Орындаушыларға түсініктеме-нұсқау беру.

ТІ мақсаттарына қарай бірнеше түрге бөлінеді: этикалық, әлеуметтік бағдарлы ӘБ, эстетикалық, танымдық, спорт және дене тәрбиесі, экология, еңбек және т.б. Қоғамдық маңызы бар қасиеттерді тәрбиелеу мақсатындағы ТІ-ні ӘБ деп атайды. Бұл бағыттағы ТІ-дің негізгі мақсаты – оқушыларда әлеуметтік қатыстар жүйесін қалыптастыру: қоғамға, мемлекеттік басқару және құқық мекемелеріне.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет