Тәрбие процесі – бұл өзара байланыстағы ұдайы дамып отыратын тәрбиелеу жүйесінің тізбегі, мұндағы әрбір тізбек алдыңғы нәтижелер есебінен құралады. Бұл түсінік бойынша тәрбие процесі өзіндік даму жүйесі ретінде қарастырылады және оның бірлігі болып дамушы тәрбиелеу жағдайында есептеледі. Мұнда тәрбиеленушілер, тәрбие іс - әрекеті, тәрбиеші, оның тәэрбиеленушілерімен өзара әрекеті ғана дамып қоймай, келешек күрделі жүйе қалыптастыратын біртұтас объектіні дамытады.
Тәрбие процесі көпқырлылық, иерархиялық, статистикалық, өзін - өзі басқару сияқты қасиеттермен сипатталады.
Тәрбие процесі – де мазмұндық және процессуалдық жақтары анықталады. Бұлардың бірлігі тек тәрбие іске асатын нақты жағдайлар төңірегінен шығуға мүмкіндік беретін жоғары дәрежедегі абстракциялау арқылы жасалады. Оқу пәні мұғалімнің, сынып жетекшісінің, ұжымның тәрбиелік іс-әрекеті – бұлар бәрі тәрбие процесі болып табылады. Бұлардың арғы жағындагы тұтастықты көру үшін педагогикалық абстракциялау қажет. Абстракциялаудың жеткілікті дәрежесі – тәрбиелеу теориясының аса маңызды әдіснамалық проблемасы. Өйткені, төмен дәрежедегі абстракциялауда тәрбие процесі тексеріле алмайды, ал өте жоғары болса, шындықтан алшақтау қаупі туады.
ТӘРБИЕ ПРИНЦИПТЕРІ
Принцип дегеніміз - адамның нақты іс -әрекетінде өзі басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережені бейнелейді. Тәрбие принциптері тәрбиеші басшылыққа алуға тиісті тәрбие процесінің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін бастапқы ережелер.
Тәрбиенің принциптері - педагог басшылыққа алатын тәрбие процесінің мазмұны мен іске асыру жолдарын айқындайтын бастапқы ережелер, алғышарттар, талаптар мен қағидалар жиынтығы, негізгі талаптарды айғақтайтын жалпы бастау тұжырымдары.
Тәрбиеші оларды таңдамайды, басшылыққа алады, солардың талабы тұрғысынан күрделі, жалпы немесе дербес, нақты мәселелердің шешімін іздейді.
1. Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылылығы принципі. Кез-келген тәрбие жұмысының құндылығы оқушылар ұжымының идеялық өмірін байытумен, оқушылар санасын ғылыми білімінің дұрыстығына берік сендірумен, қоғамдық-саяси белсенділігін, жоғары моральдық және азаматтық сапаларын қалыптастырудағы ықпалымен бағаланады
2. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, практикамен байланыстылық принципі. Бұл принциптің мәні қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани қатынастарын тәрбие ісінде қолдану болып табылады.
3. Тәрбиенің мұғалімнің тұлғасына қойылатын талаптарға тәуелділік принципі. Мұғалім оқушы күш-қуатына ерік беретін, орынды әрекеттеріне және қылықтарына тербеліс туғызатын, өзінің құлқын сезінуін және өз тәртібіне жауапкершілігін ұғындыратын өзіндік стилі бар қатынастарды таңдап алады
4. Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, беріктігі және үздіксіздігі принципі. Тәрбиелік әртүрлі шаралар бір-бірімен сабақтастықта болуы шарт және өткізілген тәрбиелік шаралардың мазмұны жағынан логикалық жалғасы болуы қажет.
5. Еңбек арқылы тәрбиелеу принципі. Бұл принциптің мақсатыбаланы еңбек ете білуге, оны қадірлеп-қастерлеуге, оған деген жағымды көзқарас пен қарым-қатынас қасиеттерін орнықтырудың, сонымен қатар қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білу қабілеттерін сіңіру қажеттіліктерінен туындайды.
Тәрбие формалары.