Педагогика және психология факультеті


-тақырып. Баланың ана құрсағында дамуы



бет16/60
Дата22.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#142649
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60
5-тақырып.
Баланың ана құрсағында дамуы.


Қарастырылатын мәселелер:
1. Баланың ана құрсағында жүйке жүйесінің дамуы.
2. Баланың ана құрсағында дамуының
биогенетикалық заңдылығы.
________________________________________________________________
1. Баланың ана құрсағында жүйке жүйесінің дамуы.
Бала ана құрсағында морфологиялық жағынан алып қарағанда едәуір қалыптасып қалады. Ең алдыменжүйке жүйесінің төменгі алаптары / ми бағанасы, мишық, жұлын/ дамып қалыптасады. Бұдан соң бас ми сыңарлары күрделі түрде қалыптаса бастайды. Мидың төменгі алыптарының ана құрсағында ерте дамуы алдыңғы алаптарының шамалы кешірек дамуы биогенетикалық заңдылықтың әсерінен болып табылады. Бұл заңдылық бойынша, бала / бұл жануарларға да тән/ анасының құрсағында биологиялық түрге жататын ата-тегінің тарихи дамуын / филогенетикалық дамуын/ қайталайды. Жүйке жүйесінің ата-тегінің биологиялық түрдегі дамуын қайталауымен шектелінбейді. Ана құрсағындағы бала миы биогенеткалық дамуда ата-тегінің алғашқы кездегі жүйке жүйесінің дамуын қайталайды. Мысалы, баланың жүйке жүйесі анасының құсағында алғашқа күндері қарапайым жәндіктердің / инфузорияның т.б./ жүйке жүйесі тәріздес келеді. Осы жәндіктердің, әдетте, жүйке жүйесінің орталығы жоқ, жүйке талшықтары тұс-тұсынан таралған жапырақ тәріздес болып келеді. Бұдан кейін сол жапырақ бүктеліп түтік тәіздес болып келеді. Түтік тәріздес жүйке жүйесі көбінесе құрттарда кездеседі. Осыдан соң түтік үш буынға бөлінеді / шеткі, ортаңғы, алдыңғы буындарға/ Әрбір буын өзініңқол атындағы дененің аудандарын бақарады. Бірақ осылардың жоғары сатысында алдыңғы буын үстем алып, кейін бас миының негізіне айналады. Бұдан соң бала жүйке жүйесі буындарының қалғандарынан озып, тез дамиды да, бас ми сыңарларын құрады. Ана құрсағында бала миының дамуы орталық жүйке жүйесін қайталайды.
2. Биогенетикалық заңдылықты тұңғыш рет дәлелдеген зоолог Э.Геккель болды/ 1884-1919/. Бұл заңдылық әсіресе ана құрсағында баланың жүйке жүйесінің қалыптасуына қатысты екенін дәлелдеген орыс морфологы А.Н.Северцов / 1866-1986 / болатын.
Балаға тән жүйке жүйесінің негізі – бас миы. Баланың бас миы ана құрсағында едәуір дамып қалса да, туғаннан кейін өз қалпына келіп, толық қалыптаса бастайды. Мысалы, бас ми қабығы және оның микроскоппен көрінетін 6 қабаты туғанда даяр болмай, кейін қалыптасады. Физиологиялық жағынан алып қарағанда, баланың бас миы шартсыз рефлекстер тудырып, тиісті тітіркендірулерге жауап беруге даяр. Бала туғанда көптеген шартсыз рефлекстерімен туады. Әсіресе, балда ему шартсыз рефлексі жақсы дамыған болады. Баланың ана құрсағында психикалық ерекшеліктер көрініс береді ме? Әрине баланың ана құрсағындағы кезеңінде психикалық еркешеліктер көрініс береді. Оған шартсыз рефлекстер дәлел. Ана құрсағындағы орта мен табиғи ортаны салыстыруға болмайды, әрине. Метафорамен айтқанда, бұл екі орта әр түрлі планеталардың өзгешелегімен ұқсастыруға болады. Себебі, бала тамақты да, ауаны да шешесінің тиісті органдарынан ассимиляция ретінде алып тіршілік етеді. Ана құрсағындағы ортаның өзіндік ерекшелігі тек шартсыз рефлекстердің / емшек ему, ауырту т.б. / реттелуіне ғана мүмкіндік береді. Әрине, дамудың осы түрі кейінгі кезде өзінің түрлі нәрселерге үйренуге / шартты рефлекстердің жасалынуы т.б. / дайындықтың бір түрі. 90 жылдары неміс ғалымы Хейнз әйелдің ішіндегі баланы массаж арқылы оқытуға болады деген пікір тастады. Онда бала дүниеге келгеннен кейін физикалық және ақыл-ой жағынан бірнеше есе жақсы дамиды деген қорытындыға келді.
Баланың әр жасындағы көзге түсерлік қозғалыстардың негізі жануарлар дүниесінде де кездесіп отырады. Биогенетикалық заңдылық бала психикасының дамуына әсер етеді.
XX ғасырдың соңғы кезіндегі психологтардың пікірінше / С.Холл, Ж.Болдуин / баланың ақыл-ойының дамуы қоғам дамуының тарихын қайталайды, баланың туғаннан кейінгі жас кезеңдерін аңшы, балықшы, малшы, диханшы, индустрия “жастарына” бөлген.Бұл пікірге орыс психологы А.К. Корнилов қарсы шықты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет