Педагогика және психология факультеті


-тақырып. Баланың нәресте кезіндегі психикалық дамуы



бет17/60
Дата22.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#142649
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   60
6-тақырып.
Баланың нәресте кезіндегі психикалық дамуы.


Қарастырылатын мәселелер:
1. Нәресте кезеңінің өзіне тән ерекшеліктері.
2. Еңбектеу- нәрестенің сыртқы ортаны тануына
қадам жасауы.
______________________________________________________________________
1. Нәресте кезеңінің өзіне тән ерекшеліктері.
Бір ортаның жағдайынан екінші ортаның жағдайына ауысу тек үлкендер үшін ғана емес, балалр үшін де ауыр келеді. Бала туылғанда санасы әлі толық жетілмегенімен, жаңа жағдайға шыдай алмай қиналып, дағдарысқа ұшырайды. Бұл дағдарыс жаңа жағдай мен бұрынғы ана құрсағындағы жағдайының келіспеушілігінен болып отырады. Жаңа жағдайға біртіндеп бейімдеп, кейіннен мінез-құлықтың және психикасының одан әрі дамуына жағдай жасап отыру керек. Дегенмен, жаңа туған бала жануарлардың балапандарына қарағанда дәрменсіз. Бұл жөніндеи В.Г.Белинский арыстанның күшігі бірден арыстан болып туады, адамның баласы бірден адам болып туыла алмайды деген болатын. Бұл қасиет ұзақ филогенетикалық дамуда үйреншікті, яғни жүре болатын қасиеттерден пайда болған. Ал инстинкттің жүріп кетуге байланысты түрі жаңадан туған балаға іштен берілмеген; сондықтан ол бірден жүріп кете алмайды. Адамның жануарладан ең негізгі ерекшелігі- жаңа туған баладағы инстинкттердің аздығы туылғаннан кейін шартты рефлекстер көлеміне ұласып, әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмектеседі. Туылғаннан кейінгі күндері нәрестеде ему, қорғаныс және “бұл не?” дейтін шартсыз рефлекстері бар екені белгілі болады. Мысалы, нәресте басын қозғалтып емшек іздейді, емшек іздеу – іштен туа берілген шартсыз рефлекс. Осындай шартсыз рефлекстердің түрлері жаңа ортаға бейімделіп, шартсыз рефлекстер, яғни дағдының жасалуына жағдай туғызады. Шартсыз рефлекстердің негізінде туғаннан кейін балада мезгілді ажырату және жарыққа, дыбысқа шартты рефлекстері жасалынады. Шартты рефлекстер инстинкт бағдарламасында көрсетілген мінез-құлықтың жаңа түрлеріне дағдылануға мүмкіндік береді.
Ал нәрестенің рецепторларының қалыптасуына даярлығы әр түрлі болып келеді. Баланың ішінен қалыптасып қалған дәм, иіс, тері рецепторлары. Мысалы, жаңа туған балаға еміздікті керосин иісін тигізіп берсе, оны қайтарып тастайды. Ауасы нашар немесе иісі бар бөлмеде жатса, жылайды. Дәм және иіс рецепторларынң туғанда жақсы қалыптасқан себебі, осылар төменгі даму сатысында тұрған жәндіктерде: шыбын, ара. т.б. жақсы дамыған. Осындай эволюцияның төменгі кезін бала ана құрсағында биогенетикалық заңдылықтың негізінде ерте қайталап, сол қасиетке ие болып қалады.
2-3 ай өткен соң көз, құлақтары тиісті тітіркендіргішті ажырата бастайды. Мысалы, айқын бірдеңе көрінсе, нәресте соған көзін қадалта түседі, не таныс емес дыбыс дауысты естілсе, соған құлағын салады. Т.Бауэрдің зерттеулеріне қарағанда, нәресте көзінің кеңістіктегі затты қабылдауы мен көздің аккомодациясы едәуір өріс алады.
Бірақ , дыбыстың қайдан шыққанын / локализациясын / ажырата алмайды. Алыстан зат көрінсе, оның қашықтығын ажырата алмай қолымен ұмтылып, соны ұстап алғысы келеді. Екі айға дейін бала анасының бет-әлпетін ажырата алмайды. Тек иісіне байланысты таниды. Мысалы, анасының бет-әлпетін қағазға суреттеп, екі көзін ғана сызып берсе , бала соған мәз болып, соған ұмтыла қолын ұсынады.
3 ай өткен соң нәресте анасын көрмесе де дауысын естіп шақырады. Келе жатқан анасын көзімен қарсы алып, кетерде көзімен шығарып салады.
Нәрестенің бас миы шамамен 380 грамм болып туылады. Осы салмақ 7 жасқа жеткенше 4 есе ұлғайып, ересек кісі миының салмағын қуып жетеді. Нәресте кезінде ми қабығының жүйке клеткалары сан жағынан да, сапа жағынан ад үлкен өзгерістерге ұшырап, жүйке клеткаларының 6-өабат құрамы қалыптасып, осының нәтижесінде ассоциациялық байланыстардың жасалуына мүмкіндік туады.
Нәрестенің бұлшық еттері арқылы қозғалыс жасау қабілетіне “жоғарыдан төмен қарай” дамиды. Әуелгі кезде нәресте басының, мойнының қозғалыстары дами бастайды / туғаннан кейін 2-3 айдың ішінде / . Бұдан соң қолының әр нәрсені ұстау қозғалысы /4-5 айдың іішінде /, кейін денесін тиісті кеңістікте теңдік дәрежеде ұстау қимыл-қозғалыстары, оң жақтан сол жаққа және арқаға қозғалу қимылдары қалыптасады / 5 айдың ішінде / . Қолдарын, аяқтарын тіреп, еңбектеу, отыруң көтерілу қозғалыстары / 7-8 айдың ішінде /, тиісті нәрселерге сүйеніп түрегелуі / 9 айда /, өз бетімен жүріп кетуі / 12 айда / қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет