Педагогика және психология факультеті


Қарым-қатынастардың жаңа типінің қалыптасуы



бет34/60
Дата22.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#142649
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60
1. Қарым-қатынастардың жаңа типінің қалыптасуы.
Жеткіншектің жаңа құқықтарға ие бол мақ тілегі ең алдымен ересектермен қарым-қатынастың бүкіл саласын қамтиды.Жеткіншек бұрын ынталана орындайтын талаптарға қарсыласа бастайды; өзінің дербестігін тежегенге және жалпы алғанда “кішкентай бала секілді” қамқорлық жасап, бағып-қаққанға, бақылағанға, тіл алуды талап етіп, жазалағанға, оның мүдделерімен, көзқарастарымен, пікірімен санаспағанға, т.б. ренжіп, қарсылық көрсетеді. Жеткіншекте өзінің қадір-қасиетін анық сезіну шығады, ол өзін кемсітуге, дербестікке деген құқысын айыруға болмайтын адаммын деп ұғынады. Ересектермен қарым-қатынастың балалық кезде болған ( баланың ересектермен қатынасындағы тең құқысыздық жағдайын бейнелейтін ) типі жеткіншек үшін енді қолайсыз, оның өзінің ересектік дәрежесі туралы түсінігіне сәйкес келмейтін болады. Жеткіншек ересектердің құқыларын шектейді де, өз құқыларын ұлғайтады, өзінің жеке басы мен адамдық қадір-қасиетін құрметтейді, сенім білдіріп, дербестік берілуін, яғни ересектермен айқын тнң құқылықты талап етеді. Жеткіншектің қарсылығы мен бағынбауының әр түрлі формалары – ересектермен қарым-қатынастардың бұрынғы типін жаңа, ересектердің қарым-қатынастарына тән типіне өзгерту амалы. Жеткіншектің ересектік сезімінің және төңірегіндегілердің оны мойындауын қажетсінуінің пайда болуы ересек пен жеткіншектің бір-бірімен қарым-қатынастарындағы құқыларының мүлдем жаңа мәселесін туғызады.
2. Жеткіншек пен ересек арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері.
Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы мен ерекше орын айқындайтын жай сол,
нақ осы уақытта ересек адам мен баланың қарым-қатынасының балалық шаққа тән типінен ересек адамдардың қарым-қатынасына тән, саналық тұрғыдан жаңа типіне өту жүзеге асады. Бұл өту жеткіншек пен ересектің жаңа тәсілдерін қалыптасу процесі ретінде болады. Ескі тәсілдерді жаңалары біртіндеп ығыстырады, бірақ олар қатарла сып та жүреді. Мұның өзі ересектерге де, жеткіншекке де көп қиындық келтіреді. Ересектермен қарым-қатынастың жаңа нормалары – жеткіншектің қалыптасып келе жатқан этикалық дүниетанымының маңызды мазмұны.
Егер ересектің өзі инициатива білдірсе, немесе жеткіншектің талаптарын ескеріп, оған деген қарым-қатынасын қайта құрса, қарым-қатынастардың жаңа типіне өтудің сәтті формасы болуы мүмкін. Мұның шарты ересек адамның жеткіншекке әлі бала деп қарамауы болмақ . Алайда бірқатар мәнді жағдайлар бұрынғы қарым-қатынастардың сақталуына қолайлы болады, атап айтқанда, бұл жағдайлар мыналар:
Жеткіншектің қоғамдағы жағдайының өзгермеуі, ол мектеп оқушысы болған, ол әлі де сол қалпында қала бермек.
Оның материалдық жағынан ата-анасына толық тәуелділігі, ата-анасы мұғалімдермен қатар тәрбиешілер рөлін атқарады.
Ересек адамның баланы бағыттап және тексеріп отыру, бақылау әдеті ( қажеттігін ұғынған күнде де, бұл дағдыны бұзу қиын ) .
Жнеткіншектің бет-әлпеті мен мінез-құлқында балалық белгілердің сақталып, оның өздігінен іс-әрекет жасай алмайтындығы.
Осының барлығы ересек адамға жеткіншекті бағынуға, тіл алуға титісті баладай қарауға мүмкіндік береді және жеткіншектің құқылары мен дербестігін ұлғайту қажет емес әрі жөнсіз дегенді ақтайды. Алайда ересек адамның мұндай көзқарасы жеткіншектің талаптарына қарсы келіп қана қоймайды, балалықтан ересектікке өтетін осы шақта балаларды тәрбиелеу, міндетіне де қарсы келеді. Жеткіншектің әлеуметтік есеюін дамыту болашақ өмірге даярлау үшін қоғамдық тұрғыдан қажет. Мұның өзі күрделі процесс, уақытты талап етеді және жеткіншек ересектерге арналған нормалар мен талаптар жүйесінде өмір бастаса мүмкін болады; ал бұл дербестікті қажетті әрі міндетті түрде арттырумен, міндеттер мен құқықтарды ұлғайтумен байланысты. Тек осындай жағдайда ғана жеткіншек ересектерше іс-әрекет етуге, ойлауға, алуан түрлі міндеттерді орындауға, адамдармен қарым-қатынас жасауға үйрене алады. Нақ осы себептен де жеткіншекті тәрбиелеу міндеті ересектермен қарым-қатынастардың бұрынғы типін жаңамен ауыстыруды талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет