Педагогика және психология факультеті


Жеткіншектің өміріндегі жолдастарымен қарым-қатынастың алатын рөлі



бет36/60
Дата22.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#142649
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60
1. Жеткіншектің өміріндегі жолдастарымен қарым-қатынастың алатын рөлі.
Құрдас балалардың принципті теңдікте болатын жағдайы нәтижесінде қарым-қатынастардың бұл саласы жеткіншек үшін ерекше тартымды болады: бұл жағдай жеткіншекте шыға бастаған өзін ересекпін деп сезінудің этикалық мазмұнына сай келеді. Жеткіншектік шақтың бастапқы кезінде болатын дамудағы өзіндік ілгері басушылықтар нәтижесінде жеткіншектерде жаңа қажетсінулер, ұмтылыстар, күйініш-сүйініштер, ересектермен және жолдастарымен қарым-қатынастарда қойылатын талаптар барынша ұқсас болады.
Жеткіншектің жолдастарымен, құрдастарымен, сыныптастарымен қарым-қатынасы төменгі сыныптардағы балалардың қарым-қатынасынан гөрі күрделірек, сан-салалы әрі мазмұндырақ.. Жеткіншектік кезең де жақындық дәрежесі жөнінен әр түрлі қарым-қатынастар қалыптасады, оларды жеткіншектер әншейін жолдастар, жақын жолдастар, жеке дос деп нақпа-нақ саралайды. Олармен қарым-қатынас оқу әрекеті мен мектеп шеңберінен барған сайын шыға береді, жаңа мүдделерді, кәсіптерді, қарым-қатынастарды қамтып, жеткіншек өмірдің дербес және өте маңызды саласы болып бөлінеді. Бұл қарым-қатынастарда әр түрлі оқиғалар мен істер, күрес пен қақтығысулар, жеңістер мен жеңілістер, жаңалықтар мен өкініштер, күйініштер мен
қуаныштар молынан кездеседі, осының бәрі жинақталғанда жеткіншектің нағыз өмірін құрайды, ал осында іс-әрекет жасап, ойланып толғанады, көп уақыты мен рухани күш-жігерін жұмсайды. Жолдастарымен қарым-қатынас жеткіншек үшін ерекше құндылыққа ие болады, маңыздылығы соншалықты ата- ана, туыстарымен қарым-қатынастардың тартымдылығын едәуір азайтып, оқулардың өзін екінші қатарға қояды. Әдетте мұны бірінші болып шешесі сезеді, ұлының ( не қызының ) өзі нен алшақтап, қайсыбір өөгеше өмір сүре бастағанын, бұл туралы айтпай, үйден жолдастарына баруға асығып тұратынды шығарғанын байқайды. Жеткіншек үшін құрдастарымен қарым-қатынасы оның жеке басының қарым-қатынастар сферасы бол ып сараланып, мұнда ол дербес іс-әрекет етеді.
Жеткаіншекте, бір жағынан, құрдастарымен қарым-қатынас, бірлесіп іс-әрекет жасауға ұмтылу, ұжымда өмір сүргісі келіп, жақын жолдас, дос тауып алуға ұмтылу өте айқын көрінеді, екінші жағынан, жолдастарының арасында қабылданып, танылуға, олардың мұны сыйлауына жетуге ұмтылу одан кем түспейді.
Мұның өзі аса маңызды қажеттілікке айналады. Сыныптастарымен қарым-қатынастарындағы қолайсыздықтыр, жақын жолдасының, досының болмауы немесе достарының одан ажырасып кетуі барынша күйзелтіп, баланың жеке басының драма сы деп қабылданады. Жеткіншек үшін ең қолайсыз жағдай- ұжымның, жолдастарының оны шындап кінәлауы , онымен қарым-қатынас жасағысы келмеуі болады, ол ең ауыр жаза өзіне ашықтан-ашық немесе жасырын байкот жасауы болмақ Өзінің жалғыздығын сезіну жеткіншек үшін төзгісіз, ауыр жағдай. Сыныптастарымен қатынастардың қолайсыздығы оны өз мектебінен басқа жерден жолдас, дос іздеуге итермелейді. Әдетте, оларды тапқанымен, бұлар әр кезде бірдей жақсы болып шыға бермейді. Мұндай фактілердің күйінішті зардаптары болатын жағдайлары көп кездеседі.
Жеткіншектің жолдастарының назарын өзіне аударуға, олардың ынтасын туғызып, жақсы көрінуге ұмтылуы түрліше болып келеді. Мәселен, бұлардың өз қасиеттерін тікелей көрсетуде ересектер қоятын талаптарды орындамау да болуы, сондай-ақ қиқаңдап, сайқымазақтану, күлдіруге тырысқан іс-әрекеттер, өтірік-шыны аралас ә р түрлі жайларды айту болуы мүмкін.
Кішкене жеткіншек – жеке басының қасиеттері жағынан қоғамшыл. Балаларға өмір мен іс-әрекеттің ұжымдық әдістері ұнайды, олар қоғамдық жұмыстарға ұмтылып, жақсы көреді. Бұл жұмыстар жеткіншектердің қарым-қатынасы үшін мазмұнды негіз жасап, инициатива, белсенділік, дербестік білдіруге мүмкіндік береді. Кез келген іс-әрекетте олар әншейін қарап тұрушы болмай, белсене қатысушы болғанды жақсы көреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет