Педагогика және психология факультеті


Жеткіншектің өзін-өзі тәрбиелеуі



бет39/60
Дата22.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#142649
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   60
2. Жеткіншектің өзін-өзі тәрбиелеуі.
Кіші шәкірттік жастағы жеткіншектер өздерін сырттан көре алмайды, өз қылықтарын басқара алмайды. Есейген жеткіншектерге өздерінің аффективтік реакциялары мен бүкіл мінез-құлқын билеуге тән. Олардың көбінде өздерін ұстай білуі біршама дамыған, ал қажет болғанда шынайы қатынасын, пікірін, көңіл күйін жасыра алады. Мінез-құлықта қосарлылық пайда болады. Есейе келе өзін ұйымдастыру тенденциясы артады. Әр түрлі кәсіптердің мәні туралы пайымдаулар туады. Ілгеріде айтылғандай ол “қажет”, “қажет емес”, “маңызды”, “маңызды емес” деп сараланады. Мұндай саралауға жекелей құндылықтардың қалыптасып келе жатқан жүйесі арқау болады. Уақыттың тез өтетінін сезіну, оны бос өткізбеуге ұмтылу, жоспарлауға әрекеттену шығады. Алайда қабылданылатын шешімдер көбіне тікелей ниеттерге қайшы келеді, бұл ниеттерді жеңеді. Жеткіншекте “ақыл” мен “жүрек” жиі ынтымақта бола бермейді. Көп балалар өздерінің ұйымдаспағанын жігерім жоқ деп ақтайды. Оны тәрбиелеу жеткіншектердің көпшілігі үшін бірінші дәрежелі міндетке айналады. Басқа қасиеттер де тәрбиеленеді.
Жеткіншектерде өзінің ілгері басуына көзқарас, оны бақылау, міндеттердің орындалмауы үшін күйініш, өзін-өзі кінәлаулар, өзін-өзі сынау пайда болады. Зерттеулер 7-8 сыныптар оқушыларының көпшілігі осы бастан өзін-өзі тәрбиелеумен шұғылданатынын көрсетті. Ол бәрінде бірдей жүйелі сипатта болмағанымен, басталғанының өзінің принципті маңызы бар. Жеткіншек кезінде жеке адамның дамуындағы аса маңызды жаңа сәт жеткіншек іс-әрекетінің пәні оның өзі болады: бір тұрғыдан ол өзін тежейді, екіншісін қаратып, үшінші біреуін қайта құрады. Белгілі бір үлгілерді, бүгінгі күн мен болашақтың қажеттерімен байланысты өзі үшін нақты маңызы бар міндеттер мен мақсаттарды бағдар етіп, ол өзіне-өзі іс-әрекет жасап, өзін құра бастайды. Жаңа қасиеттерге игеру үшін өзін өзгертуге бағытталған мұндай мақсаткерлік пен іс-әрекеттің пайда болуы жеткіншектік кезеңге тән және жеке адамның дамуындағы сапалық тұрғыдан жаңа кезеңге көшуді білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет