Педагогика және психология факультеті


- тақырып Жеткіншектік шақта өзіндік сананың дамуы



бет38/60
Дата22.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#142649
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   60
10- тақырып
Жеткіншектік шақта өзіндік сананың дамуы.


Қарастырылатын мәселелер:
1. Өзіндік сананың әлеуметтік-реттеушілік
қызметі.
2. Жеткіншектің өзін-өзі тәрбиелеуі.
______________________________________________________________
1. Өзіндік сананың әлеуметтік-реттеушілік қызметі.
Баланың жеткіншектік кезеңге аяқ басуы оның өзіндік санасының дамуымен айрықша мәнді.Жеткіншекте ересек адамның позициясы қалыптаса бастайды оған ересектік сезімнің дамуы және жеткіншектің ересектігін басқа адамдардың тануы негіз болады. Бұл позиция жеткіншектің өміріндегі объективтік жағдайына әлі сай келмесе де, оның пайда болуы жеткіншектің өз айналасындағы ересектер дүниесімен, олардың игіліктері дүниесімен жаңа қатынастарға субъективті тұрғыдан аяқ басқанын білдіреді. Жеткіншек бұл игіліктерге белсенді ие болады, бұлар оның сана-сезімінің жаңа мазмұнын құрайды, мінез-құлық пен іс-әрекеттің мақсаттары мен себептері, өзіне және басқаларға қойылатын талаптар, бағалау мен өзін-өзі бағалаудың критерийі болады. Мазмұны жөнінен өзіндік сана ішкі дүниеге көшірілген әлеуметтік сана сезім ( Л.С.Выготскийдің анықтамасы бойынша ) болады.
Кіші шәкірттерде өзі туралы түсінік пен өзін-өзі бағалау негізінен үлкендердің, ең алдымен мұғалімдер мен ата-аналардың бағалаған пікірлеріне қарап құрылады. Өзінің ерекшеліктерін білгісі келудің, өзіне ден қойып, өзі туралы ойлай бастаудың шығуы – жеткіншек жастағы балаларға тән ерекшелік. Өзінің ерекшеліктері мен кемшіліктерін білгісі келу басқа адамдар және өзіне талап қоятын талаптарға жауап беру, айналасындағылармен қарым-қатынасын реттеу қажеттігінен туады. Өзінің жеке басына талдау жасауды жеткіншек қарым-қатынастар мен іс-әрекетті ұйымдастыру үшін, қазір және болашақта өзі үшін маңызды міндеттерге жету үшін қажетті амал деп біледі. Өзін білу осының шарты боллып көрінеді. Өзі туралы пайымдаулардың әлеуметтік-реттеушілік қызметі мынадан айқын көрінеді жеткіншек әуелі негізінен өзінің кемшіліктеріне назар аударып, оларды жойғысы келетінін сезеді, ал кейін жеке адамның жалпы ерекшеліктерне назар аударып, өзінің мүмкіндіктерін, қасиеттерін білуге тырысады. Кемшіліктерге ерекше назар аудару бүкіл жеткіншектік кезеңде сақталады; көбінде өзіне көңіл толмау көбейеді. Жеткіншектердің өзі туралы ойлауының көзделген ниеттік сипаты болады, дербес ішкі
процеске айналады, бастауыш сынып оқушысымен салыстырғанда қажетті әрі жаңа жағдай деп бағаланады.
Жеткіншектің өзі туралы ойлана бастауының ең маңызды стимулы – оның құрдастарының арасында сыйлы болғысы келуі және өзіне жақын жолдастар, дос табуға ұмытлуы. Жеткіншектердің көпшілігі бірден бірнеше адамға теңелгісі келеді, яғни өзі басының сондай болсам деген бейнесі түрлі адамдардың жақсы жақтарынан жасалады; бір адамнан ойша бір қасиеттерді, екіншісінен басқасы не біріншісіне ұқсасы т.б. алынады. Жеткіншектер үлкендерге, өзінен үлкен балалар мен құрдастарына теңессем дейді, осының өзінде құрдастары өте үлкен орын алады. Үлгілердің арасында әдеби кейіпкерлер емес , нақты адамдар басым болады. Жеткіншектер өздері теңессем деген адамдардағы өзін тартатын көптеген қасиеттер мен ерекшеліктердің арасында қасиеттердің екі тобы басым болады. Бұлар – адамгершілік қасиеттер мен ерлік қасиеттер .
Көптеген жеткіншектер үлкендерге де, құрдастарына да бір мезгілде қатар теңеседі, осының өзінде олардың сол бір немесе соған ұқсас қасиеттеріне теңесуі жиі байқалады. Кейбіреулері көбіне өзінен үлкен балалар мен құрдастарына теңелгісі келеді. Бір маңыздысы, жеткіншекке әдетте оған өзінен гөрі үлкен, естияр болып көрінетін құрдастары үлгі болады. Сондықтан мұндай үлгі болған құрдасы жеткіншектің үлкендердің қасиеттеріне әкету жолындағы жеткіншек пен ересек арасындағы аралық басқыш сияқты. Жеткіншек теңесетін үлгінің на құрбы-құрдасы болғаны өте маңызды. Мұндай бағдар ұстағанда салыстыру процесінің жемістілігі үшін, ал сол арқылы өзінің ерекшеліктерін ұғынып, бағалау үшін де, өзін-өзі тәрбиелеу үшін де жақсы жағдайлар жасалынған, өйткені жеткіншек үшін өзін ( ересектен гөрі ) құрдасымен салыстыру, өзінің кемшіліктерін, жетістіктері мен табыстарын салыстыру оңайырақ.
Жолдастарымен, достарымен араласу жеткіншекте басқа адамды, өзін тану құралдарын дамыту үшін, оның өзі туралы түсінігінің қалыптасуы үшін өте маңызды. Мұнда маңыздысы өзін басқалармен салыстыру тұрғысынан оның өзі байқаулары ғана емес. Қылықтар, қасиеттер мен қатынастар туралы әңгімелесулер мен таластар ерекше міндет атқарады. Мұндай талқылауларда жеткіншектің танымдық-бағалау іс-әрекетін басқа адамармен бірге жүзеге асыратыны және сыртқы сөздік тұрғыда өрістейтін маңызды.
Әдетте жеткіншектер өзінен гөрі жақын жолдасының я досының ерекшеліктері туралы қиналмай әрі толық айтып береді. Неғұрлым жақын араласып, қарым-қатынастың мазмұнды негізі сан салалы бола түссе, жолдасының ерекшеліктері соғұрлым терең көрінеді. “Мен оны аз білемін: онымен догс емеспін!” – дегенді жеткіншектен жиі естуге болады. Алайда бір анықталған жайт: 4-8 сыныптардың көптеген оқушылары жолдастарының өзіне көзқарасын, сондай-ақ басқа жыныс тарапынан өзіне көзқарасты дұрыс бағалай білмейді ( бірақ топтағы өзінің жағдайын бағалай білмеу жоғары сынптағыларға да тән )
Жеткіншектің айналасындағылардан жақсы баға алғысы, жақсы көзқараста болғанына жеткісі келетіні айқын көрінеді. Нақ осы себепті ол өзінің қасиеттері мен мүмкіндіктеріне берілген бағалауға, табыстары мен сәтсіздіктеріне өте сергек қарайды, өзін жақсы жағынан көрсетуге, әсіресе қатынасы мен пікірі өзі үшін өте маңызды адамдардың риза болуына жеткісі келеді.
Жеткіншектің ерекшелігі - өзіндік дербестілік туралы қам жеуі. Өсе келе дербестікке ұмтылу сферасы жедел ұлғаяды. Олар нақты іс-әрекеттерге ғана емес, кейбір таңдауларға, шешімдерге, пікірлерге қатысты болады. Еліктеу көптеген жеткіншектерге тән, бірақ тікелей қайталау оларға ұнамайды және көбіне “балалықтың қалдықтары” деп бағаланады, жолдастарында кездесетін болса бірден көрінеді, ал өзінде кездесетін болса, ол теріске шығарылады, не әр түрлі сылтаулар айтылып, құлықсыз мойындалады. Жеткіншек басқа адамдардың түсінігінде және өзіне-өзінің пікірі, бағалауы бар “мен” деуге тәуекелі бар адам болып көрінгісі келеді. Өз пікіріңді айта алмайсың деп жолдасының кінәлауы кімді де болса шамдандырады. Кейбір бағалаулар мен пікірлерді жеткіншек өзіме меншікті деп ұғы нады және нақ осы сапада басқа адамның – үлкеннің, жолдасының – пікіріне қарсы қойылады. Жеткіншектердің таластарының негіздері нақтылы кереғарлықтар ғана емес, өз пікірін қорғауға тырысу болады. Жеткіншектік кезеңде кейбір мәселелер, ең алдымен моральдық-этикалық мәселелер жөнінде өз позициялары қалыптаса бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет