Педагогика және психология институты



бет3/8
Дата13.04.2023
өлшемі34,99 Kb.
#82150
1   2   3   4   5   6   7   8
Мағжан Жұмабаев: «Ойын – баланың өз ісі. Баланың ойынына кірісуші болма. Баланы бір нәрсе бүлдірмес үшін тек шеттен бақыла. Есте болуы керек, бақылау деген сөз – қарауылда тұрған солдаттай қабағыңды түйіп, қарап тұр деген сөз емес, олай тұрсаң бала ойынына кірісуші болма!»- деп ескертеді. Ойнап отырған баланың назарын басқаға аудару оның ойын бөлгенің деп түсіну қажет.
Көрнекті жазушы Мұхтар Әуезов бір сөзінде: «Ойын де­ген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуан­тып, шаттандыру ғана емес, оның өзінше бір ерекше ма­ғы­­на­лары болған»,- дейді.
Мұхтар Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше: көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған»,–деп ой түйеді.
С.Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.
Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды. Осындай нәтижелердің арқасында үлкен еліміздің білімді ұрпағын тәрбиелеп шығуына көптеген септігін тигізері анық.
Бауыржан Момышұлы асық ойыны, ат жарысы туралы «Ұшқан ұя» кітабында:«Еріксіз өскен бала – рухани мүгедек адам» дей келе,«Біздің кейде өткенді еске алсақ, тұтас тұлға іздеп, бүтін бір жүйелі оқиға іздеп, кесек-кесек кереметтер іздеп, ерекше мән беріп қарайтынымыз бар. Дәл осы өлшем балғын кезге келе бермейді. Өйткені бала жүрегі, бала көңілі, бала ойы алғашқы көргенін, алғашқы сезгенін, алғашқы тұшынғанын қаз-қалпында, тұнық күйінде болмысына ұйытып алады да, сол қалпында сақтай біледі. Бала қиялы ол көргендерінен көлемді ой түйіп жатпайды, қайта үзік-үзік үміттің өзінен рахат сезімге бөлене береді» деп, жас кезінен бастап бала тәрбиесінің барлық бағыттарында еркіндік болғандығы дұрыс екндігін көрсетіп, балалық шақтарында өздерінің қалай ойнағандығын, ат баптау, бәйге шабу, көкпар тарту т.б. ойындар туралы құнды деректер береді.Сол «Ұшқан ұя» кітабында «Мынау өңкей әңгүдіктер шаңқай түсте көкпар дәметіп жүр-ау шамасы. Есіл-дерті ентікпе шабысқа ауған шала милар өңкей. Өздерін аямаса да, атты аяса қайтеді. Қапырықта қаратерге түскен жүйрікте не қасиет қалмақ. Ыстық леп кеудесін қауып, шұбылма шаң өкпесін ыстамай ма, ат жарықтық қыз сияқты мәпелеуді күтетін мал ғой. Аялай білмесең – аяғынан қалады. Аяқтан қалған жүйрік ақырған есекке де алдырады… Жайбырақат суытып, майын сылып алудың орнына бұлар салпақтап жапалақша жалпылдай бергенді жақсы көреді» деп көрсетеді.
Қазақтың ұлттық ойындары туралы үлкен зерттеу жүргізген ғалым Б. Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» атты еңбегінде ойындарының дамуына баға бере келіп, ұлттық ойындар түрлерін үлкен төрт топқа бөліп қарастырады: салт-дәстүр негізінде дүниеге келген ұлттық ойындар; жастар ойыны; қозғалмалы ойындар деп бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет