Педагогика және психология институты


ІІ. Мектеп жасына дейінгі балалар ойындарының түрлері



бет6/8
Дата13.04.2023
өлшемі34,99 Kb.
#82150
1   2   3   4   5   6   7   8
ІІ. Мектеп жасына дейінгі балалар ойындарының түрлері


Ойынды жіктеу

Бала ойыны – біркелкі құбылыс емес. Ойын мазмұнына қарай, ұйымдастырылу түріне қарай, балалардың еріктік деңгейіне қарай ойын материалына қарай, сан алуан болып келеді. Ойынның әр түрін зерттеп, суреттеу әрқашан қарастырылған. Бұл ойын табиғатын зерттеуге өте қажет, әр түрінің ерекшелігін білуге, және әр ойынға қалай ықпал етуге мүмкін екенің түсіну үшін, себебі олардың дамытушылық ықпалын нығайту, және оларды педагогикалық психологиялық сауаттылықпен тәрбие процесінде қолдану үшін, әр ойын теориясында өз жіктемесі бар. Ф.Фребель ойын тәрбиенің ерекше құралы деп, мұнадай жіктеме ұсынған. Ойынның мидың дамуына ықпал етуі ақыл, ішкі сезім (сансорлық ойындар), қимыл – қозғалыс (моторлы ойындар).


Ойын түрлерінің педагогикалық белгісі бойынша неміс психологы К.Гростың мінездемесі бар; қимыл – қозғалмалы ойындар, ақыл ойындары, сансорлы, ерікті дамытушы және бұл ойындар «әдетті міндет ойындарына»жатқызды. Екінші топқа «арнайы міндет ойындары». Бұл ойындар инстинкті кемеліне жеткізуге арналған жаттығулар (отбасылы ойындар, аңшылық ойындар т.б). Балалардың шығармашылығына байланысты ойындар жіктемесі құралады. Бұл принціп бойынша алғашқы жіктеме ұсынған П.Ф.Лесгафт – 5-6 жастағы баланың қоршаған өмірді сезіну және оны бейнелеу тек ойында қанағаттанады. Мектеп өмірінде балалар керісінше дайын ойын ойнағанды ұнатады. П.Ф.Лесгафт ойындарды екі топқа бөлген: қимыл – қозғалыс ойындар (ережелері бар) және еліктеуші ойындар.Соңғы жылдары балалар ойындары жіктемесіне ғалымдар көп көңіл бөлуде. Жаңа жіктемені С.Л. Новоселова ұсынған. Бұл жіктеме негізі ойын, кімнің ұсынысы бойынша пайда болғанына байланысты болған. (бала ұсынысы немесе ересек ұсынысы)
Бұл ойындардың үш түрі бар:

Дидактикалық қозғалмалы, сюжетті – дидактикалық ойындар. Тарихи салт – дәстүрге байланысты құралған ойындар, ол ересек ұсынысымен де бала ұсынысымен де құралады. Оған салт – дәстүр ойындары, халық ойындары жатады.
Шығармашылық ойындарда бала сюжетті өзі ойлап табады, ойын мазмұнын ойлап табады, ойлап тапқанын іске асыру жолдарын ойластырады. Баланың шығармашылығына байланысты, шығармашылық ойындар режиссерлік, рольді – сюжетті, сахналық, құрылыс заттарымен ойындарға бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет