Педагогика және психология институты


А.М.Горький: «Ойын арқылы бала дүниені таниды» – десе, А.С.Сухомлинский



бет5/8
Дата13.04.2023
өлшемі34,99 Kb.
#82150
1   2   3   4   5   6   7   8
А.М.Горький: «Ойын арқылы бала дүниені таниды» – десе, А.С.Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген ой айтады. Сонымен қатар,  «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін де емес»-деседі.
Ойын екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Бір жағынан бала бірден, осы мезетте қуанышқа бөленеді; екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік дағдылары қалыптасады.
Белгілі кеңес психологтары Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин сияқты белгілі психолог ғалымдар: «Ойын баланың өзіндік өмірі» – деген ортақ тұжырым жасайды. Ал біздің халық даналығы: «Ойлы бала, ойыннан өседі» – дейді. Сондықтан ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек деген ойға келді. Ойындардың педагогикалық мәні де осында. Ойын арқылы оқыту бұл ой көптеген оқытушылар мен тәрбиешілерді қызықтырады.
К.Ушинский: «Сабаққа ойын элементерін енгізу оқушылардың білім алу үрдісін жеңілдетеді. Ойынды балалардың өз бетімен ерікті атқаратын іс-әрекеті, ойын арқылы адамның жан дүниесінің барлық қырлары, жүректілігі, ерік-жігері қалыптасады»,- деген ой айтады.
Н. Крупская: «Бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген»,- деген пікір айтады.
Бұл ойындарды тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттердің мазмұнына сай пайдалануға болады. Сондықтан мұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет.
Грузин педагогы Ш.А.Аманошвили ойын арқылы балаларға өте қиын әлемдік танымды түсіндіре білді. Ол өз Балаларымен ойын ойнағанда өзін балалармен бірдей қоя отырып, олардың көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе білуге үйретті – баланың көздерінде білімге деген құштарлықты байқады.
Сөйтіп, ойын арқылы оқыту нәтижесінде белгілі бір тақырыптар бойынша топтастырылған дидактикалық ойын пайда болады. Берілген ойындарды қолдану іс-әрекеттерінің әсерлілігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады.
Ойын жөнінде айтылған философиялық көзқарастар әлем мәдениетімен тығыз байланысты. Сонау ерте замандағы эллиндік және римдік халықтар өмір сүрген дәуірдің өзінде-ақ ойынды балаларды тәрбиелеу құралына жатқызып, жауынгер ұландарды дайындау үрдісіне қосқан.
Балабақшаның қазіргі заман талабына сай бала тәрбиесінде, балалар ойындарына ерекше мән беріліп отыруы тиіс деп есептейді. Егер, біз осы бағдарлама жазғандай балалармен ойын арқылы жұмыс жасайтын болсақ, онда біз баланың құндылығын, жан-жақты білімді болуын дамыта отырып, мақсатқа жетеріміз сөзсіз.
Ғалым А.П. Усова еңбегінде ойынның мәнін баланың дербес іс-әрекеті айналасындағы өзгерістерді танып білуде, белсенді әрекет етуге жол ашушы ретінде түсіндіреді. Автордың ойынша: «шынайы өмірде баланың аты – бала, өз бетінше әлі ештеңе тындырып жарытпайтын жан. Қам-қарекетсіз өмір ағысына ілесіп кете барады, ал ойын үстінде ол бейнебір ересек адам тәрізді, өз күшін сынап көреді» деп көрсетеді.
Ойынмен ұйымдастырылған іс-әрекет балаларға көңілді, жеңіл келеді. Сондықтан ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктерімен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет