Педагогика және психология институты


Е. Сағындықов «Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану»



бет4/8
Дата13.04.2023
өлшемі34,99 Kb.
#82150
1   2   3   4   5   6   7   8
Е. Сағындықов «Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану» деп аталатын еңбегінде қазақ мектептеріндегі 1-4 сыныптардағы сабақтарда және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында қолдану әдістемелерін беріп, ұлттық ойындарды әр пәннің өз ерекшеліктеріне негіздеп қалай қолдану жолдарын ұтымды береді. Ұлттық ойындарды оқу үрдісінде пайдалану қажеттілігі негізделеді.
Ә. Бүркітбаевтың авторлығымен «Спорттық ұлттық ойын түрлері және оның тәрбиелік мәні» жинағында (1985) ұлт спорты түрлері мен ұлттық спорт ойындарының балалардың күнделікті тіршілігіндегі алатын орны, тәрбиелік маңызы және ат спорты мен ұлттық ойындар ережесі қарастырылған.
Зерттеуші-ғалым М. Тұрыскелдина қазақ ғалымдарының ішінде дене шынықтыру пәні бойынша бастауыш сыныптарға (1-4 сыныптар) оқулық, оқыту әдістемесін жазған ғалымдар қатарына жатады.Автор бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабағының теориялық мазмұны мен дене жаттығуларының орындалу әдістерін оқулықта ашып көрсеткен, әдістемелік оқу құралдарында дене шынықтыру сабақтарын іс жүзінде қалай өткізу жолдары қарастырылған. Тұрыскелдина еңбектерінде бастауыш сыныптың сабақ жоспарларына сай оқушыларға дене шынықтыруға қажетті негізгі құралдар мен спорттық жаттығуларды гимнастика, жеңіл атлетика, қимыл-қозғалыстар, спорт ойындарын меңгерту мақсаттарын көздеген.
Ғалым дене шынықтыру пәнінен гимнастикалық жаттығулар бойынша өткізілетін сабақтар, жеңіл атлетика бойынша өткізілетін жаттығулар, ойындар бойынша өткізілетін сабақтар, спорттық жаттығулар бойынша өткізілетін сабақтар, үй тапсырмасының ерекшеліктері мен пайдасы, сауықтыру шаралары деп бөліп, бастауыштың дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесіне жеке-жеке тоқталып, әр сабақтың мақсатын, керекті құралдарды, ойналатын ойындарды келтірген.
Ойынды ойнау арқылы бала өзін қоршаған дүние туралы танымдық жағынан хабардар болып, көптеген өнер түрлерінің бастауына қанық болады. Ойын арқылы дене қозғалысының алуан түрлерін орындауды үйренеді, сонымен қатар сөйлеу, тіл жетілдіру, есептеудің түрлерін меңгеру, жылдам ойлау, шұғыл шешім табу, мінез қалыптастыру сияқты толып жатқан қажетті пайдалы дағдыларды өз бойында қалыптастыруына жол ашты.
Халқымыз ойынды бала тәрбиесінің басты құралы ретінде арнайы ойластырып, дамытып, ұйымдастырып отырған. Халық ойындары адам бойына шыдамдылық, қайсарлық, ерлік, өжеттілік, батылдық, шапшаңдық, ептілік, тыңнан жол таба білу сияқты өмірге қажетті көптеген қабілеттерді сіңіреді, дене қуатын арттырып, дененің дұрыс қалыптасып сомданып шынығуына әсер етеді. Ойын ережесін сақтау, оны бұлжытпай орындау адамдарға әділдік пен адамгершілікті сақтауды үйретеді. Сонымен қатар қазақ ұлттық ойындарын ойнау барысында балалар қатты дауыс шығармай, айғайамай сабырмен ойнау, бір-бірін жұлқыламау тәртібі қалыптасқандығын көруге болады.
ХХI – ғасырға байланысты баланың дамуына ойын арқылы өз халқының салт-дәстүрлерін бойына сіңіруге арнайы балалар ойнайтын жас ерекшеліктеріне байланысты ойын ортасын құра отырып, балаларды ойната отырып, дамыту қарапайым дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық құзыреттілігін арттыру өзектілігі туып отыр.
Ойын – мектеп жасына дейінгі кезеңде басталып, адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі.
Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазады: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін, еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Сондықтан 6-7 жасар балалардың білуге деген ынтасы мен мүмкіншіліктерін толық пайдалану, оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру және сабақта алған білімін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын элементтерін пайдаланудың орны бөлек».
Кеңестік педагог А. С. Макаренко «Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек. Ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қана қоймай, сонымен бірге баланың барлық өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет. Оның барлық өмірі ойыннан тұрады» деген пікірін өз еңбектерінде атап өткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет