Педагогиканың дербес ғылыми теория ретінде қалыптасу кезеңі. Бұл кезең ұлы чех педагогы Я. А. Коменский есімімен тығыз байланысты. «Ұлы Дидактика» еңбегі. Я. А. Коменскийдің «Ұлы Дидактика» еңбегі педагогиканы ғылым ретінде жүйелеген оқулық және әдістемелік құрал.
Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы. Қазақстан қоғамында болған өзгерістерге байланысты педагогика ғылымы: социалистік, коммунистік, демократиялық, гуманистік сипатта дамып отырды. Қазақстандағы педагогикалық ойлардың дамуы ұлы ойшылдар (Әл-Фараби, Ж.Баласағүн, М.Қашқари, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин. А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов және т.б.).
Бұл ойшылдардың еңбектері мен ойлары олардың беделі сияқты әртүрлі тарихи кезеңдерде қазақ халқын оқыту мен тәрбиелеуде қозғаушы күшке тең болды. 20-30 жж. қазақтың ағартушы педагогтарының ішінен А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М. Жұмабаев және т.б. айтуға болады. Олар отандық педагогика мен мектептегі оқытудың дамуына тарихи-мәдени мұра мен қазақ халқының салт-дәстүрлері тұрғысынан көп үлестерін қосты. Білім беруді қолдау негізінде олар мынадай оқу пәндерін қойған, олар: ана тілі және әдебиеті, тарих, география, Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар әлемі, Қазақтың дәстүрлі шаруашылық іс-әрекет түрлері негізіндегі еңбек тәрбиесі, бейнелеу өнері, ұлттық ойындар және т.б. Бірақ қазақ ағартушыларының демократиялық ойлары сол кездердегі мемлекеттік партия ұйымдарының саяси идеологиялық үкіміне қарсы тұра алмады.
Қазақстанда соғыстан кейінгі жылдары педагогика теориясы мен тарихы, жеке әдістеме мәселелері зерттеле бастады. Бұл жылдары А.С.Ситдыковтың «Ы.Алтынсаринның ағартушылық іс-әрекеттері мен педагогикалық ойлары» (1949) атты монографиясы, Р.Г.Лембергтің «Бастауыш мектептегі сабақ» (1948) атты ғылыми жұмысы жарық көрді.
50-60 жылдардың екінші жартысында педагогика теориясы мен тәжірибесінде жаңа құбылыстар пайда болды. Бұл жылдары Қазақстанда тарихи-педагогикалық зерттеулердің қарқынды өсуі байқалады. Көрнекті ғалым-профессорлардың Т.Т.Тажібаевтың «ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы ағартушылық пен педагогикалық ойлардың дамуы» (1958), «ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстан мектептері және ағартушылық» (1962), «ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы педагогикалық ойлар»; А.И.Сембаевтың «Қазақстандағы кеңес мектептерінің тарихы туралы очерктері» (1958), «Қазақстандағы кеңестік мектептердің даму тарихы» (1962); К.Б.Бержановтың «Ағартушылықтың дамуындағы орыс-қазақ достастығы» (1965) еңбектерін айтуға болады.
Бұл жылдары тарихи-педагогикалық ғылымның іргетасы қаланды деуге болады.
70-80 жылдары тарихи-педагогикалық жұмыстардың басылымы көбейді. Осылай қазақстандық педагог Ы.Алтынсаринның 3 томдық шығармалар жинағы жарық көрді (1975-1978); К.Б.Жарықбаевтың «Қазақстандағы психологиялық ойлардың дамуы» (1968), «Революцияға дейінгі Қазақстан педагогикалық ойларының даму тарихынан» (1978), Г. М. Храпченковтың «Қазақстандағы халықтық білім берудің ғылыми-педагогикалық сұрақтары» (1976), «Қазақстан мектептерінде оқыту мазмұны мен әдістерінің мәселесі» (1983) және т.б. еңбектері де жарық көрді.
Педагогиканың арнайы мәселелеріне арналған К.Ж.Жаманбаевтың «Қазақстандағы жоғары мектеп» (1972), К.Қ.Құнантаеваның «Қазақстандағы әйелдерге білім берудің дамуы. Білім шыңына жету» (1978), К.ТЖұмағұловтың «Ы. Алтынсарин және қазақ халық мәдениетінің дамуы» (1984), А.Көбесовтың «Әл-Фарабидің педагогикалық мұралары»(1989) және т.б. еңбектері басылып шықты.