Қазіргі заманғы педагогика білім беру туралы ғылым, адамдарды тұлғалық және кәсіби дамуының барлық жас ерекшелік кезеңдерінде оқыту және тәрбиелеу үрдісі. Бүгін педагогика – бұл жеке ғылым, басқа ғылымдармен кең көлемде өзара байланысты біріктірілген және жіктелген үрдіс, олар: философия, психология, әлеуметтану, физиология, математика, саясаттану, экономика. Ол оқыту мен тәрбие саласындағы ғылыми құбылыстарды көрсетеді, құбылыстар арасындағы байланыстың себебін анықтайды және білім берудің ықпалын адамда болатын өзгерістердің неліктен екендігін түсіндіреді.
Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуынан бастап оның оқыту пәні ретіндегі формасы қалыптаса бастайды.
Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет қабілеттерінің дамуына себепші болған əлеуметтену процесінде адам тұлғалық кемелдену сатысына көтеріледі. Адамның əлеуметтенуі оның қоғамдағы ауыспалы жағдайлар мен шарттарға икемдесе білуі ғана емес, ол өз ішіне жеке тұлғаның дамуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін өз күшімен іске асыра алу сияқты процестерді де қамтиды.
Дегенмен, аталған процестерге байланысты міндеттердің шешімі бірде мүдделі, жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін арнайы ұйымдастырылған мекемелердің қолдауымен жəне жеке адамның ынта-ықыласына негізделсе, кейде кездейсоқ келеді. Ал осы əлеуметтенуге орай жүргізілетін, нақты мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған басқару процесі білім (образование) деп аталады.
Білім мəні – əр адамның өте күрделі өзіндік басқару жүйесінің тиімділігін көтеру жəне оны жоғары моральдық жəне азаматтық мұраттар рухында тəрбиелеу.
Қазіргі заманғы педагогика білім беру туралы ғылым, адамдарды тұлғалық және кәсіби дамуының барлық жас ерекшелік кезеңдерінде оқыту және тәрбиелеу үрдісі. Бүгін педагогика – бұл жеке ғылым, басқа ғылымдармен кең көлемде өзара байланысты біріктірілген және жіктелген үрдіс, олар: философия, психология, әлеуметтану, физиология, математика, саясаттану, экономика.
Ол оқыту мен тәрбие саласындағы ғылыми құбылыстарды көрсетеді, құбылыстар арасындағы байланыстың себебін анықтайды және білім берудің ықпалын адамда болатын өзгерістердің неліктен екендігін түсіндіреді.
Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуынан бастап оның оқыту пәні ретіндегі формасы қалыптаса бастайды.
Ғылым – табиғат, қоғам және ойлау жайындағы шынайы білімнің жүйесі. Оқу пәні ғылымда нәтижелі болып келетін білімді кіріктіреді. Оқу пәнінің мазмұнын анықтауда ғалымдар, мектеп ұжымдары дидактикалық мәселелер бойынша пікірталас жүргізіледі. Соған байланысты ғылымда жаңа мәселелер пайда болып, оның дамуы жүзеге асады. Бұл шығармашылық жұмыс ғылымның дамуына, оқу пәнінің тұрақтануына ықпал етеді.
Педагогиканы оқу пәні ретінде оқыту бағдарламалар, оқулықтар, әдістемелік құралдар, әдістемелік нұсқаулар көмегімен жүзеге асырылады. Білім беру және тәрбиенің көлемінің кеңеюіне байланысты ғылыми білім түрлі принциптер бойынша жүйеленді.
Адамзат қоғамы үнемі дами келе адамдарды тәрбиелеумен білім беру ісіне жаңа талаптар қойды, тәрбиенің арнасы кеңейді, ересек адамдарға білім беріп, оларды бір мақсатқа тәрбиелеу үшін арнаулы оқу орындарына деген қажеттілік келіп шықты. Педагогика басқа ғылымдар сияқты, белгілі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді.
Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретіңде педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіреді, педагогикалық шындық тәжірибесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындыкты қайта құру үшін негіз жасайды. Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер практикалық бағытталған сипатта болады.
Міне, осыдан педагогиканың гуманитарлық білімдер (адамтану) жүйесімен байланысы басталады. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесіне кіргеніне қарамастан, ол педагогикалық мақсаттылық және тұлғаның қалыптасуына педагогикалық басшылықты зерттейтін бірден бір ғылыми пән.
5. Ғылыми білімнің дербес салалары. Педагогиканың ғылыми тілі: түсінігі, категориясы, анықтамасы, термині. Ғылыми сөйлеу стилі. Ғылым жүйесіндегі Педагогика. Қазіргі педагогика ғылымының міндеттері. Қазiргi кезеңнiң ауқымды проблемаларының ұшталуы, адам проблемасын тарих, әлеуметтiк шығармашылық субъектiсi ретiнде алдыңғы орынға шығару және бұл үрдiстегi бiлiм берудiң ролiн түсiну педагогиканы басым бағытты ғылымдар қатарына қойып отыр. Ақиқат пен ғылыми-практикалық бiлiм дамуының қазiргi кезеңiндегi педагогиканың нысанасы мен пәнi де бiршама кеңеюде. Ғылым күрделi динамикалық жүйе болғандықтан оның логикалық және танымдық сипаттары алдыңғы орынға шығарылады. Ғылымсыз әлеуметтік-экономикалық прогресс мүмкін емес.
Қазіргі Қазақстанның даму кезеңінде білім мен ғылымның мықты өзара байланысы оның тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың, экономикалық өсуінің қозғаушы күшіне айналып отыр.
Алдымен ғылым дегенiмiз не екендiгiн анықтап алуымыз қажет. Ғылым дегенiмiз табиғаттың, қоғамның, ойлаушы жан иесi ретiнде адамның мәнi, қасиеттерi, өзiндiк ерекшелiктерi мен даму процестерi жөнiндегi бiлiмдер жүйесi болып табылады. Сол сияқты ғылым осы объективтiк қасиеттер мен процестердi бiлiмге, ойлау әрекетiне сәйкес әртүрлi формада және бағытта қолдануды қамтиды. Ғылымның бұл түсiнiгi объектiнiң ауқымы бойынша да (табиғат, қоғам, адам), әрi тереңдiгi мен оның практикада қолданылу бағыттары бойынша да алынады.
Біріншіден –
табиғат, қоғам, қоршаған ортаны тану турасында жаңа білімдерді жүйелеуге бағытталған адам қызметінің саласын түсінеміз.
Екіншіден –
ғылым, осы әрекеттің нәтижесі – алған ғылыми білім жүйесі ретінде көрінеді.
Үшіншіден –
ғылым, қоғамдық сананың бір формасы, әлеуметтік институт. Соңғы мағынасында, ғылыми ұйымдар мен ғылыми қоғам мүшелерінің бір-бірімен байланысы, сонымен бірге, ғылыми ақпараттары, ғылымның нормалары және құндылықтары және т.б.
«Ғылым» ұғымы бірнеше негізгі мағынаны білдіреді.
Ғылым өзінің даму тарихында белгілі бір ерекшеліктері бар күрделі де, жүйелі ұйымдасқан құрылымға ие болып отыр. Ғылым түсінігіне әдебиеттерде түрлі анықтамалар, түсініктемелер берілген. Ғылым – объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын-ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған білімнің жоғары түрі.
Ғылым – ақиқаттағы тәжірибемен тексерілетін және дәлелденетін қоршаған орта жӛнінде тарихи қалыптасқан және үнемі дамып отыратын адам білімінің логикалық жүйесі. Сонымен, ғылымды ерекше тану үдерісі деп айта аламыз. Ғылым – қоршаған орта туралы ақиқат білім жинау және теориялық жүйеге келтіру болып саналатын зерттеу әрекетінің бір саласы. Тарихи тұрғыда ғылым адамзат дамуының белгілі бір сатысында, тікелей қажеттіліктердің қосылысынан құрылған. Осының негізінде ғылымтану теориясы келіп шығады.
Ғылым туралы көзқарас ерекше тұтастық ретiндегi зерттеу процестерiн қарастырған кезде пайда болады. Зерттеу объектiсiнен тәуелсiз бiрыңғай принциптер мен жалпы зерттеу әдiстерiн iздестiру, iргелi қорыту, әдiснамалық қорытындылар жасауға негiзделедi.
Кез-келген ғылыми фактiлердi жинау және қорыту арқылы алынған нәтиженi әрекет құралдары мен әдiстерiнде жүзеге асыру үшiн оның логикасын ашу қажет. Ғылым ұғымы мен ғылыми зерттеу ұғымдары арасында байланыс қандай? Жалпы алғанда ол бiлiм мен таным арасындағы ара-қатынас сияқты.
Таным дегенiмiз бiлiмдi жасау процесi (бiлiмнiң жасалу, пайда болу процесi). Бұл мағынада ғылым (science) және ғылыми зерттеу (rescareh) оны жасау процесiнен өнiм ретiнде ажыратылады және бұл екi категорияны араластыру дұрыс болмайды. Бұл жерде әңгiме мүлдем бөлек екi аймақ жөнiнде болып отыр, оның бiрi қызмет ету қасиетiмен ерекшелiнедi, ал екiншiсi жүйенiң пайдалы нәтижесi болып шығады. ғылым сонымен зерттеу емес, зерттеудiң нәтижесi.
Ғылыми бiлiм зерттеуге дейiнгi мақсат ретiнде алынады. Ғылымның теориясы ғылыми-зерттеу әрекетiнiң әдiснамасы болып табылады. Яғни, ғылымның философиялық теориясы – зерттеудiң жалпы әдiснамасы. Ғылым – әлеуметтiк өмiрдiң ең динамикалық салалардың бiрi. Философтар қазiргi ғылымды талдай отырып, зерттеудiң арнайы пәнi ғылымилық құбылыс болып келетiн, классикалық тұрғыдан қарастыруға көбiрек көңiл бөледi.
Қазiргi ғылым өте күрделi ұйымдасқан, пәндiк ерекшелiгi тұрғысынан қарасақ, оның көп салалы пәндерi ғылым кешенiн құрайды, яғни ол жарытылыс, қоғамдық, техникалық, гуманитарлық, антропологиялық ғылымдар саласына бiрiгедi. Ғылымда адам дүниені идеалдылығы жағынан игереді. Ғылымның түпкілікті мақсаты қандай да бір нақтылықтың мәні туралы білу, яғни нақты білімге жету болғандықтан абстрактілік ойлаудан таным теориясына өту болып табылады.
Ғылым ұдайы қайталанып отыратын адамзат практикасына сүйенеді, оның белгіленген әдістері мен формалары күнделікті тұрмыстағы эмпирикалық білімге, сондай-ақ ғылым пайда болғанға дейінгі білімге тән әдістер мен формалардан өзгеше.
Ғылым өзінің зерттеу сипатына, әрбір ғылымның өзіндік ерекшеліктеріне қарай әртүрлі салаларға байланысты жіктеліп отырады (педагогика ғылымы, психология ғылымы, философия, әлеуметтану, математика, тарих, жаратылыстану, және т.с.с). Мұны ғылымдар классификациясы, яғни ғылымдардың жіктелуі деп айтады. Мысалы, Әл-Фараби қандай ғылым болсада, ол – адам санасына дербес ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайтыны туралы айтып, өзінің «Ғылымдар классификациясы» атты еңбегінде ғылымдарды ол төмендегіше жіктеген:
тіл білімі және оның тараулары;
логика және оның тараулары;
математика, яғни арифметика, геометрия, оптика, математикалық астрономия, музыка, статистика, амал-әрекет жөніндегі ғылымдар;
физика тараулары, метафизика және оның тараулары;
азаматтық ғылым және оның тараулары заң ғылымы.
Қазiргi ғылым адамға тарих және танымның (психоанализ, философиялық антропология, экзистенциализм, өмiр философиясы және басқа бағыттарда) белсендi субъектiсi ретiнде ерекше көңiл бөледi.
Ғылым – қоғамдық сананың формаларының бірі, яғни адамдардың рухани және физикалық өмір туралы көзқарастарының бірі. Ғылым – адам іс-әрекетінің саласы, оның қызметі ақиқат туралы объективті білімдерді жасау және теориялық жүйелеу; сонымен қатар жаңа білімдерді алуға бағытталған іс-әрекеттің өзі, және оның нәтижесі – осы кезеңде алынған ғылыми білімдердің жиынтығы болып табылады.
Ғылымның тікелей мақсаты – шындықтың процестері мен құбылыстарын сипаттау, түсіндіру және болжау, оның ашқан заңдары негізінде оның зерделеу пәнін құрайтын яғни кең мағынасында – шындықты теориялық түрде көрсету. Педагогика да осы ғылымдар қатарына жатады.
Педагогика – адамды оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтары мен мақсатты бағытталған тәжірибесін зерделейтін ғылым. Былайша айтқанда педагогикалық заңдылықтарды зерделеуді және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ғылым. Оны айқындау оның нысаны мен пәнін зерттеудің мақсаты мен нәтижесі. Ғылыми көзқарас әр уақытта арнайы зерттеулер арқылы айқын, қалыпты, тексерілгенді қорыту.
Ғылыми педагогиканың назары мен әсері сол педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерделеумен және оны жүзеге асырумен байланысты. Педагогика ғылымының нысаны мен пәніне де әртүрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде оның нысаны білім беру – оқыту және тәрбиелеу саласы, ал пәні – осы салада қалыптасатын қарым-қатынаста жүзеге асатын процестердің заңдылықтары. Сонымен қатар педагогикалық практика бар. Оның нысаны педагогикалық процестің қатысушыларының нақты өзара әсерлесуі.
Педагогиканың нысанына адамның өз өмiрiнiң белгiлi бiр кезеңiнде кездесетiн әртүрлi оқу-тәрбие жүйелерi айналуда. Ал, педагогика ғылымының пәнiне еркiн, әлеуметтiк белсендi, шығармашылық тұлғаға бүкiл өмiрi бойына бiлiм беру алынуда. Өз пәнiн жан-жақты зерттеу және педагогика практикасын тек өзiнде тиiмдi өзгерту, түзету енгiзу үшiн дәстүрлi қалыптасқан құралдары жеткiлiксiз. Осымен байланысты К.Д.Ушинскийдiң мынадай сөзiн еске түсiруге болады: «Педагогика үшiн, ол өз мақсатына жету үшiн адам денесi және жаны, табиғаты зерттелетiн және де қиялда емес, ақиқат құбылыста зерттелетiн барлық ғылымдардан сүзiп алынған қажеттi бiлiм, құралдар саналады».
Қоғамдық дамудың қазiргi барысы педагогика және бүкiл «адамтанушы» ғылымдардың – философия, әлеуметтану, психология, тарих, физиология, этика, зстетика, биология, медицина, кибернетика, лингвистика және т.б. терең ғылымаралық синтезiнiң қажеттiлiгiн объективтi түрде дәлелдеп отыр.
Мұндай түсiнiкте педагогика адамтану мен қоғамтанудың маңызды саласының бiрiне айналуда, көптеген қоғамдық және жаратылыс ғылымдарының мәлiметтерiн өз пәнiнде синтездеушi адам тәрбиесi жөнiндегi интегративтi ғылымға айналады. Бұл педагогика ғылымын жасанды дәрiптеу емес деп санаймыз. Шындығында да педагогика нақты адаммен, дара тұлғамен, топпен, ұжыммен, оны қалыптастыруды мақсат етiп қоя отырып, тiкелей байланысатын бiрден-бiр ғылым.
Педагогикалық iс-әрекеттi жемiстi жүзеге асыру үшiн, педагогикалық ғылым мен практика сөз жоқ бөтен ғылыми бiлiмдерден барлық қажеттiлiгi мен құндылығын таңдап алуы керек. Педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегiсi келсе, онда ол бәрiнен бұрын оны барлық жағынан бiлуi керек. Бұл бiлiмдер педагогиканың әдiснамасын жасау, кешендi педагогикалық зерттеулер жүргiзу үшiн әртүрлi оқу-тәрбие жүйелерi қызмет етуiнiң мақсатты бiлiм мазмұны, формасы, әдiстерi мен құралдары мәселелерiн шешу, оқу әрекетiнде олардың өзара әсерi мен сабақтастығын жүзеге асыру үшiн қажет.
80 жылдардың ортасында біздің еліміздегі басталған қайта құру үрдісінің толқуы адамзат іс-әрекетінің барлық аймағын қамтыды, олар: саяси жүйені, мемлекеттік құрылымды, құлықтық құндылықты, құқықтық нормаларды, мәдени мұраны, халықаралық қатынастарды. Білім берудегі негізгі қайта құрылу-педагогикалық ойлардың өзгеруі, авторитарлық педагогиканы демакратиялық педагогикаға қайта бағыттау еді. Қазіргі заманғы педагогика білім беру туралы ғылым, адамдарды тұлғалық және кәсіби дамуының барлық жас ерекшелік кезеңдерінде оқыту және тәрбиелеу үрдісі.
Бүгін педагогика – бұл жеке ғылым, басқа ғылымдармен кең көлемде өзара байланысты біріктірілген және жіктелген үрдіс, олар: философия, психология, әлеуметтану, физиология, математика, саясаттану, экономика. Ол оқыту мен тәрбие саласындағы ғылыми құбылыстарды көрсетеді, құбылыстар арасындағы байланыстың себебін анықтайды және білім берудің ықпалын адамда болатын өзгерістердің неліктен екендігін түсіндіреді. Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуынан бастап оның оқыту пәні ретіндегі формасы қалыптаса бастайды.
Педагогика – индивидтің өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибесін меңгеру процесін, яғни біртұтас педагогикалық процесті зерделейді. И.В.Сластениннің анықтауынша педагогиканың пәні арнайы әлеуметтік институттарда (отбасы, білім беру және мәдени-тәрбиелеу мекемелері) мақсатты түрде ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық процестегі білім беру ісі болып табылады. Педагогиканың нысаны – объективті шындықтағы педагогикалық іс-әрекет. Зерттеушілер педагогиканың нысанын индивидтің дамуына жағдай жасайтын объективті құбылыстағы шынайылық ретінде қарастырады.
Педагогика – адамды педагогикалық процесте өмір бойы дамытудың құралы және факторы ретінде қарастырыады. Оның мәнін, заңдылықтарын, ағымдарын, даму бағыттарын зерттейтін ғылым саласы болып табылады. Педагогика бұл тұрғыдан педагогикалық процесті ұйымдастырудың теориясы мен технологиясын, педагогтың іс-әрекетін жетілдіру формалары мен әдістерін және оқушылардың әр түрлі іс-әрекеттері мен оларды ұйымдастыру тәсілдерін зерттейді.
Бiлiм беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған басты мiндеттемелердiң бiрi оқытудың әдiс-тәсiлдерiн үнемi жетiлдiру. Жаңашыл оқытушылар дәріс, семинар, практикум, конференция, iскер ойын сияқты әдiстердi дәстүрге енгiзiп отыр.
Педагогиканы оқыту әдістемесінің дамуы екі кезеңнен тұрады:
Түсіндірмелі кезеңде әдістеме педагогиканы оқыту процесінің ерекшеліктерін анықтайды, педагогиканы оқыту процесінің принциптерін, мазмұнын, әдістерін және ұйымдастыруын негіздейді.
Дамушы кезеңде педагогикалық зерттеулер жүргізіледі.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: