Педагогиканың қарастыратын негізгі мәселелері. Педагогиканың негізгі қарастыратын мәселесі жеке адамның дамуы, оның арасында болған заңдылықты байланыстарды зерттеу және оның негізінде оқыту процесі мен тәрбиелік жұмыстардың теориялық және әдістемелік проблемаларын шешу, яғни арнайы ұйымдастырылған процесс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды.
Педагогика – индивидтің өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибесін меңгеру процесін, яғни біртұтас педагогикалық процесті зерделейді. И.В.Сластениннің анықтауынша педагогиканың пәні арнайы әлеуметтік институттарда (отбасы, білім беру және мәдени-тәрбиелеу мекемелері) мақсатты түрде ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық процестегі білім беру ісі болып табылады. Педагогика – адамды педагогикалық процесте өмір бойы дамытудың құралы және факторы ретінде қарастырады. Оның мәнін, заңдылықтарын, ағымдарын, даму бағыттарын зерттейтін ғылым саласы болып табылады. Педагогика бұл тұрғыдан педагогикалық процесті ұйымдастырудың теориясы мен технологиясын, педагогтың іс-әрекетін жетілдіру формалары мен әдістерін және оқушылардың әр түрлі іс-әрекеттері мен оларды ұйымдастыру тәсілдерін зерттейді.
Педагогика пәнін және оның зерттейтін салаларын толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық. Әрбір ғылымның өзіне тән тану саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философияда мұндай ұғымдарды болмыс, материя, қозғалыс, экономикалық теорияларда – қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары, ал педагогикада – тәрбие, білім беру, оқыту жатады.
Ұғымдар (категориялар) – обьективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Осымен бipre ұғымдар біздің санамыздың сатылары. Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын танимыз.
Педагогикалық ұғымдардың бipi – тәрбие. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіндірушілер де бар. Бұл жағдайда бала пассивті объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни өздігінен ойланып, белсенді ic-әрекет жасау рөлін атқармайды. Бұдан тәрбиеге бip жақты анықтама беру байқалады.
Тәрбие баланың өздігінен табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай деп анықтама берушілер де кездеседі. Бұл жерде балаға толық epiк беру мәселесіне ерекше көңіл аударылып, ал тәрбиенің ролі бүркемеленіп, елеусіз қалып отыр.
Педагогика ғылымы тәрбиені қоғамдық құбылыс, қоғамдық категория, тәрбиесіз өмір сүре алмайтындығын философия тұрғысынан қарастырып түсіндіреді.
Тәрбие жайында К.Д.Ушинский: «... мектеп, тәрбиеші және ұстаздар адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал мүмкін және әлдеқайда күшті тәрбиешілері табиғат, отбасы, коғам, халық... және оның тілі болады», - деді.
Ушинскийдің түсінуі бойынша бұл факторлардың әсері педагогикалық талаптардан басқа (әр түрлі дәстүр, отбасы ішіндегі қарым-қатынас және т.б.) себептерге де байланысты.
«Тәрбие» терминін әрдайым тар мағынада, «тәрбиеші тәрбиелейді, кең мағынада өмір тәрбиелейді», деп колданады. Мұның тәрбие жайындағы жалпы ұғымды анықтауда зор мәні бар.
Тар мағынада, тербие деп, мұғалімнің және тәрбиешінің ата-аналармен бipirin, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Әрине, тәрбие жұмыстарымен бip ғана мұғалім және ата-аналар шұғылданып қоймайды. Тәрбие – көптің ici. Сондыктан тәрбие мәселелерімен қоғамдық мекемелер, еңбек ұжымдары және бүкіл жұртшылық, болып айналысады. Олай болса, тәрбиені, кең мағынада, табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың, бүкіл бұқараның тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін ықпалы деп түсіну керек.
Тәрбие арқылы жеке адамның дүниеге ғылыми-материалистік көзқарасы, мінез-құлықтык, эстетикалық, және осы сияқты қасиеттері қалыптасады, ол еңбек етуге ынталы қоғамныц белсенді мүшесіне айналады.
Қоғам дамуының белгілі сатыларында тәрбиенің құрамды бөліктері – білім беру мен оқыту ұғымдары бөлшектеніп, жеке мағына бере бастайды.
Білім беру ұғымын ең алғашқы рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоцци.