Педагогика кафедрасы



бет6/8
Дата27.09.2023
өлшемі1,02 Mb.
#111210
1   2   3   4   5   6   7   8
Білім беру деп – табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Білім беру мәселесі әpбіp қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Мысалы, орта ғасырларда санай және оқи білетін адамды білімі бар деп есептеді. Қазіргі атом, космос және халык, шаруашылығын автоматтандыру дәуірінде білім беру ғылыми-техникалық үдеудің құдіретті факторы болып отыр.
Білім беру өте күрделі ұғым, оны педагогикалық ғылым тұрғысынан түсіндірудің әр түрлі мәні бар. Егер әңгіме білім берудің сатылары жөнінде айтылса, онда бастауыш, тоғыз жылдық, орта және жоғары білім беру ұғымдары пайдаланылады. Ал білім беру мамандыққа байланысты сөз етілсе, онда педагогикалық, медициналық, ауыл шаруашылық, т.б. осы сияқты ұғымдар қолданылады. Бұл ұғымдардың бip жағынан, өзара айырмашылығы, ал екінші жағынан, бір-бірімен ұштасып жататын табиғи байланысы болады. Халыққа білім беру ісінің негізі – жалпы орта білім. Білім беру барысында жеке адамның таным ic-әрекеттері дамиды, ой-өpici кеңіп, еңбекке дұрыс көзқарасы және мәдени деңгейі артады. Жастардың орта және жоғары дәрежелі мамандыққа ие болуы немесе өндірісте нәтижелі еңбек етуі орта білім алуға байланысты.
Оқыту – білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты, біртекті процесс:
біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлікке, дағдыға үйретеді,
екіншіден, оқушы таным міндеттерін жете түсініп, дағдыны игереді және оларды өмірде колданады.
Педагогикада тәрбие, білім беру ұғымдары бірыңғай және тұтас процесс болып қарастырылады. Оқыту барысында білім беру мақсаты іске асырылады. Олай болса, оқытудың білім беру және тәрбиелік мәні бар. Оқыту барысында оқушыларға теориялык білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі.
3. Педагогиканың, педагогикалық зерттеулердің жеке тұлғаның білім беру заңдылықтарын анықтауға арналған нұсқаулық ретіндегі ерекше орны. Білім берудің құндылық сипаттамасы.

1922-1925 жж. П. П. Блонский, А. П. Пинкевич, М. С. Григорьевский, В. Я. Струминский, М. Жұмабаев, А.Байтұрсыновтың кітаптары жарыққа шығады.


Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» атты еңбегі сол кезеңде ана тілінде жазылып, ғылыми әлемді елең еткізген туынды болып табылады.
1927-1930 жж. өткізілген педагогикалық пікірталастар педагогиканың дамуына өз үлесін қосты. 1931 жылы ең алғаш педагогикадан бағдарлама жасалады. Бағдарлама, оқулықтардың авторлары негізінен орта және жоғары мектеп оқытушылары жасайды.
1933 ж. педагогикалық техникум және педагогикалық жоғарғы оқу орнына арналған бағдарлама енгізіледі.
Негізгі педагогикалық ұғымдар – тәрбие, білім беру, оқыту бір-біріне тәуелді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмipre, практикаға дайындаудың басты құралдары.
Совет педагогикасының мәні, маңызы және мақсаты;
халыққа білім беру жүйесі;
оқу жоспары және бағдарламалар;
политехникалық мектептегі оқыту әдістері;
мектептегі білім беру жұмысын ұйымдастыру формалары;
оқулықтар;
пән;
мектептен тыс жұмыс;
педагог;
мектептің ұйымдастырушылық педагогикалық мәселелері.
Бағдарлама мынадай негізгі бөлімдерден тұрады:
Осы кезеңде оқулықтың теориясы қалыптаса бастайды. 70-ші жылдың басында еліміздің педагогикалық жоғарғы оқу орындарында психологиялық-педагогикалық пәндер және педагогикалық практика жүйесінің жаңа түрі енгізіледі. Бұл педагогика курсы үш тарауға бөлінді: педагогикаға кіріспе, дидактика, тәрбие теориясы.
Ғалымдардың педагогикаға деген көзқарастарын үш түрлі тұжырымдамаларға бөліп қарастыруға болады:
Бірінші бағыттың өкілдері – педагогиканы адамзат білімінің пәнаралық пәні деп қарастырады. Бұл бағыт бойынша педагогиканы жеке ғылым саласы екенін жоққа шығарады.
Екінші бағыт өкілдері – педагогиканы қолданбалы ғылым деп анықтап, ол басқа ғылым салаларынан жинақталған білімдерді білім беру мен тәрбие саласында туындаған қиыншылықтарды шешуге өзіне бейімдеп қолданады деп көрсетеді. Педагогикаға бұл тұжырымдама тұрғысынан қарау педагогикалық тәжірибенің қызмет етуі мен оны қайта қарауда біртұтас іргелі негіздерді қамтамасыз ете алмайды.
Үшінші бағыт тұжырымдамасының өкілі ғалым В.В.Краевскийдің көзқарасына сәйкес педагогика жеке ғылым саласы, оның жеке зерттеу объектісі мен пәні бар деп қарау дұрыс.
80-жылдардың ортасында біздің еліміздегі басталған қайта құру үрдісінің толқуы адамзат іс-әрекетінің барлық аймағын қамтыды, олар: саяси жүйені, мемлекеттік құрылымды, құлықтық құндылықты, құқықтық нормаларды, мәдени мұраны, халықаралық қатынастарды. Білім берудегі негізгі қайта құрылу – педагогикалық ойлардың өзгеруі, авторитарлық педагогиканы демакратиялық педагогикаға қайта бағыттау еді.
Тәрбиелеу үрдісінде (процесінде) жаңа ұрпақтар білімді, белгілі еңбек машығын меңгеруге, қоғамдағы мінез-құлық нормаларын ұғып, өмірге деген көзқарастардың белгілі жүйесін қалыптастыруға тиіс .
Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз. Адамзат есейген сайын, мазмұны жағынан әлеуметтік тәжірибеде күрделене түседі.
Қазіргі кезеңде ғылым мен практикаға үшінші ғылыми тұжырым өз тиімділігімен танылып отыр: педагогика – өзіндік нысаны мен зерттеу пəніне ие салыстырмалы дербес білім саласы («Педагогика» оқулықтарының ең соңғы басылымдары: Б.Т.Лихачев, И.П.Подласый, В.А.Сластенин жəне т. б.).
Педагогика нысаны. Педагогика ғылымының нысандық ерекшелігі жөнінде батыл ой ұсынған ғалым жəне практик А. С. Макаренко болды. Оның пікірі: көпшілік педагогика нысаны бала деп біледі, алайда бұл дұрыс емес.
Ғылыми педагогика зерттеулерінің объектісі – бұл «педагогикалық дерек (құбылыс)». Дегенмен, бала, адам да зерттеуші назарынан тыс қалмайды. Керісінше, адам жөніндегі ғылымдардың бірі болғандықтан, педагогика аталған объекттердің тұлғалық дамуы мен қалыптасуына мақсатты бағдарланған саналы іс-əрекеттер аймағын зерттейді. Осыдан, педагогика өз нысаны ретінде тек өкілі (индивид) не оның психикасын қарастырмай (бұлар психология объекті), оның дамуына байланысты педагогикалық – тəрбие құбылыстар жүйесін зерттеуге алады.
Сондықтан да педагогика нысаны деп қоғамның мақсатты бағдарланған іс-əрекеттері үдерісінде дара адам дамуына себепкер болған болмыс құбылыстарын айтамыз. Бұл құбылыстар педагогика ғылымында білімдену (образование) атамасымен белгіленіп, педагогика шұғылданатын шынайы дүниенің бір бөлігін танытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет