80 жылдардың ортасынан бастау алған қазіргі заман педагогикалық білімінің дамуы «педагогикалық серіктестік» деп аталған жаңашыл педагогтардың инновациялық іс-әрекеттерімен сипатталады. Педагогикадағы бұл кезең оқытушы мен оқушылардың қарым-қатынасы саласындағы субъект-объект қатынасына субъект-субъект қатынасына ауысу, оқу-тәрбие үрдісін монологтық формадан диологтыққа көшу т.б. белгілі. Бұл оқушының оқу іс-әрекетінің психологиясын, оқу үрдісінің механизмі мен технологиясын, «оқытушы-оқушы» жүйесінің тиімді құрылымдануына белсенді жағдай жасауды терең зерттеуді шамалады. Осы арқылы психологиялық-педагогикалық зерттеулердің негізгі бағыттары анықталды. Бұл жылдары дидактиканың әртүрлі бағыттарын зерттеу негізгі даму бағытына айналды.
Атақты ғалым, профессор Р.Г.Лемберг өзінің көптеген еңбектерінде шығармашылық оқыту әдістерін қолдану, оқу үрдісінің психологиялық аспектісі, оны белсендендірудің тәсілдері мен жолдарын сипаттайды. Ол оқытудағы догматизм мен формализмге қарсы шығып, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік кедергілерден өту қажеттілігін және жаңа тиімді оқыту әдістемелерін іздеуге баса назар аударды. Жаңа педагогиканы шығармашылықпен іздеуде кейіннен өздерінің педагогикалық мектебін ашқан Р.Г.Лемберг мектебінің оқушылары белсенділікпен қатысты.
Бұл профессор Г.А.Умановтың ғылыми мектебі еді, мұнда еңбекке оқыту мен тәрбиелеу, кәсіби-техникалық білім беру мәселелері зертеледі; педагогикалық үрдіс мәселелері және педагог кадрларды дайындауды Н.Хмель ғылыми мектебі зерттейді.
Педагогика ғылымының дамуына ҚР ҰҒА академик, профессор А.П.Сейтешев және оның мектебі маңызды үлес қосты. Оның еңбектерінде жалпы білім беретін, кәсіби-техникалық, жоғары мектеп дидактикасы, инженерлік-педагогикалық кадрларды дайындау, мектеп оқушыларын, КТУ студенттерін тәрбиелеу мәселелері үлкен теориялық-тәжірибелік мәнге ие.
Бұл кезеңде елімізде педагогика ғылымының дамуы мен өркендеуіне атақты ғалым-педагогтар Х.К.Арғынов, К.Б.Жарықбаев, А.И.Сембаев, К.Б.Бержанов өз үлестерін қосты.
2. Педагогиканың әртүрлі білім беру жүйелеріндегі адам өмірдің әртүрлі кезеңдерінде білім (тәрбие, оқыту) туралы ғылым ретінде пайда болуы мен қалыптасуының алғышарттары. Болмыстың әртүрлі формаларындағы педагогикалық білім: мифологиялық, діни, ғылыми. Педагогикалық ой алғашында жалпы философиялық білімдер жүйесінде, діни ілімдерде, саясаттануда, заңда, әдебиетте дамиды. Педагогиканың дербес ғылым ретінде бөлініп шығуы (дифференциялануы) белгілі бір уақыт кезеңінде ішкі ғылыми дифференциялануға, педагогика ғылымдары жүйесінің түзелуіне алып келді. Бірақ XIX-XX ғасырлардағы зерттеулер педагогиканың ғылым аралық байланыстарының жоғарыда мәні болғанын көрсетеді.
. Қазіргі замандағы педагогика психологиямен тығыз байланысты.
Психология адам психикасының дамуының заңдарын, ал педагогика – тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді. Ойлаудың, іс-әрекетті мақсаттылықпен өзгерту психологиялық білімдерсіз мүмкін емес. Мұндай білімдерсіз тұлғаның оқығанын және тәрбиелігін бағалауға мүмкін болмайды. Сондықтан педагогикада психологиялық білімдер ғана емес сонымен бірге педагогикалық міндеттерді шешу үшін тұлғаны зерттеу әдістері (рейтинг, психометрия, жұптық салыстыру және тағы басқалар) пайдаланады.
Педагогика ол ағзаның материалды — энергиялық түрлілігін ашып көрсететін физиологияға, соның ішінде жоғарғы нерв қызметінің заңдылықтарына (И.П.Павлов, П.К.Анохин) сүйенеді. Мұндай білімдерді меңгеру танымдық іс-әрекет және тұлғаньщ әлеуметтену процестері табиғатын терең түсінуге мүмкіндік береді.
Педагогиканың социологиямен (элеуметтанумен) жан-жакты байланысының өте маңыздылығы ол қоғам туралы біртұтас жүйе ретіндегі және оның бөліктерінен тұратын (әлеуметтік жай, топ және т.б.) ғылым болып табылады. Міне осыдан, педагогиканың социологияның білім социологиясы, студенттер социологиясы және т.б. тарауларына деген қызығушылығы туған, себебі тек қана социологиялық зерттеулер арқасында педагогтар, ұстаздар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, демографиялық және мәдени ортаның жағдайы туралы біле алады.
Педагогика ғылымдарының даму мүмкіндіктерінің маңыздылығы олардың медицинамен байланыстылығында, себебі педагогикалық шындықтың бірқатар кұбылыстарын (тәртіпсіздік, жалқаулық, еріксіздік, олақтық) балалардың денсаулығын зерттеу барысында ғана түсіңдіруге мүмкін болады. Сонымен бірге созылмалы ауру балалар үшін арнаулы оқыту және тәрбиелеу жүйесі қажет. Әрине, бұл – мәселенің бірлескен комплексті зерттеулер нәтижесінде ғана шешуге болады. Ғылымдар байланысының жаңа деңгейін бастапқы педагогиканың философия ғылымы саласында дамуы бүгінгі күні шешімін табуда. Педагогика жеке пән (дисциплина) ретінде философия және оның салалары – білім беру фиолософиясы, ғылымдар философиясының, мәдениет философиясының және т.б. жетістіктеріне сай терең ұғыну нәтижесінде дамиды.
Педагогиканың ғылыми аралық байланыстары белгілі бір проблемаларды зерттеу барысында басқа ғылымдарға — тарихқа, этнологияға, этнографияға, юриспруденцияға, экономикаға, демографияға, экологияға және т.б. таралады.
Адамзат бағытындағы және ғылыми аралық пәндердің (синергетика, жүйелер теориясының негізі, кибернетика, информатика, басқару теориясының негіздері) жетістіктері педагогика бойьнша зерттеулердің байи түсуіне әсерін тигізеді.