Педагогика кафедрасы


Адамға құрмет және сенім ұстанымы



бет10/10
Дата01.10.2023
өлшемі0,59 Mb.
#112120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
пед.зерт. Лекция 1 (1)

1. Адамға құрмет және сенім ұстанымы. Бұл ұстаным оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырушыға бірнеше талаптар қояды. Олардың ішінде мыналарға назар аударған жөн.
адамның жеке басының беделін құрметтеу, адамның құқы мен мүмкіндіктерін мойындау;
өзара құрмет негізінде сенімділік ахуалды қалыптастыру;
адамға өзін-өзі таныту, өз мүмкіндіктерін ашып көрсету үшін жағдай жасау;
бастамашылдықты, шығармашылық биімділікті, ұжымда өз орнын таба білуді барынша дамыту.
2. «Ынтымақтастық» ұстанымы. Талаптар:
адаммен педагогикалық жүйенің пассивті элементі емес, белсенді факторы ретінде санасу;
педагогтардың жеке қасиетін білу және ескеру;
білім мекемесінде жоғары өнімділікті жұмыстық ахуалды қалыптастыру;
педагогтың бойындағы балаларға деген ізгіліктік қатынастарды, құзіреттілікті, басшылықты, жауапкершілікті бағалау;
мамандар тарапынан болатын кез-келген педагогикалық мақсатқа лайықты бастамаларға қолдау көрсету, мұқияттылық, көзқарас таныту.
3. «Тұрақты жаңғырту» ұстанымы. Бұл ұстаным жаңа технологияларды және оқыту мен тәрбиелеу әдістемелерін игеру, ұйымдастыру және психологиялық құралдарды өзгерту, үрдістерді ұйымдастырудың негізгі басшылық ұстанымы болып табылады. Осы ұстаным негізінде жаңашылдық қалыптасады. Жаңашылдықты енгізуді үйретуден бастау керек.
Осы аталған ұстанымдарды ескерген жағдайда ғана педагогикалық қауымдастық нәтижелі болары белгілі.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
  • Педагогика: оқулық/ Курманалина Ш., Мұқанова Б., Ә.Ғалымова - Астана: Фолиант, 2020.- 472б.
  • Педагогика. - Алматы: Улагат, 2022.- 380 с. (Жампеисова К.К., Хан Н.Н., Колумбаева Ш.Ж.).
  • Таубаева Ш.Т. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері: оқулық.- Алматы.-«Қазақ университеті», 2019.-360б.
  • Сламбекова Т.С. Педагогика: жоғары оқу орны студенттеріне арналған оқу құралы- Алматы: Эверо, 3-кітап-2022.- 266 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет