Педагогика кафедрасы



бет9/10
Дата01.10.2023
өлшемі0,59 Mb.
#112120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
пед.зерт. Лекция 1 (1)

Кәсіби мәдениет белгілі бір кәсіби топ мүшелерінің арнайы кәсіби міндеттерді шешудің әдіс-тәсілдерін меңгеру, тәжірибе жүзінде қолдана алу дәрежесімен анықталады. Мұғалімдік іс-әрекеттің ерекшеліктеріне байланысты жалпы мәдениеттің маңызды бір бөлігі - педагогикалық мәдениет.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулер негізінде кәсіби-педагогикалық мәдениеттің құрылымына аксиологиялық, технологиялық және жеке тұлғалық-шығармашылық компоненттер кіреді.
Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің аксиологиялық компонентіне сан ғасырлар бойы қалыптасқан құнды тәлім-тәрбиелік идеялар мен гуманистік тұжырымдамалар, педагогикалық құндылықтар жиынтығы жатады.
Аксиология (грек тілінің «axia» - құндылық және «logos» - ілім) – құндылықтардың табиғаты жайлы және дүниедегі құндылықтар жүйесі туралы философиялық ілім.
Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің технологиялық компонентіне мұғалім іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері, педагогикалық міндеттерді тиімді шеше алу іскерліктері, теориялық білімдерін практикамен ұштастыра алу қабілеттері кіреді.
Кәсіби білім беру барысында іс-әрекеттік бағытқа көп көңіл бөлініп, қазіргі кезде «табысты іс-әрекет», «іс-әрекет табыстылығы», «табысты кәсіби іс-әрекет» ұғымдары терең зерттелуде. Себебі кез келген іс-әрекет нәтижесі табысты да, табыссыз да болуы мүмкін. Білім алушылардың табысты кәсіби іс-әрекетке даярлықтарын қалып-тастыру-бүгінгі кәсіби педагогиканың өзекті мәселелерінің бірі.
Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің жеке тұлғалық-шығармашылық компоненті мұғалімнің құндылықтық бағдары бойынша өзінің шығармашылық әлеуетін дамыту ерекшеліктерімен айқындалады.
Ақпарат заманының қарқынды даму кезеңінде бүгінгі біліктілікті арттыру ісінің мақсат – міндеттерін, мазмұнын, технологияларын өзгерту, оны жетілдіру – көкейтесті мәселе болып отыр. Өйткені қандай білім қай деңгейде болмасын білім алушы өзі араласпай тек тыңдаушы болып қана отырып тыңдаумен ғана шектелсе, ол жаңа білімді толыққанды меңгере алмайды. Керісінше, білімді басқалармен өзара белсенді іс -әрекетке түсу арқылы түпкілікті меңгере алатыны талай дәлелденіп отыр. Әрекетте ғана адамның танымдық, шығармашылық және өзін - өзі дамыту қабілеттері дамиды.
Сондықтан: «Баланы білім, ақиқат, ереже мен формулалар қоймасына айналдырмау үшін, оны ойлауға үйрету керек», - деп В.А. Сухомлинский айтқанындай мұғалімдерді де әр түрлі іс-шаралардан алған білімдерін өз іс – тәжірибелерінде қолдана білуі керек дегенді мектептердегі әдістемелік қызметті ұйымдастырушылар өзідеріне қағида ретінде қабылдау керек.
Осы орайда педагогтардың кәсіби өсуі үшін қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін - өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, жоғары білімді шығармашыл шынайы жарыс бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыра алатындай мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін желілік педагогикалық қауымдастықтар құру қажеттілігі маңызды мәселелердің бірі болып тұр.
Білім беру саласында әлемде болып жатқан өзгерістердің бірі – білім беру желілері. Заманауи қоғамның тіршілігінде желінің маңызы күннен күнге артып отыр. Қазіргі заманғы ұйымдар желілердің білім және инновациялар алмасу үдерісінде маңызды екендігін атап көрсетуде.
Білім беру саласы ұйымдастырушылық оқшаулау дамуға кедергі келтіретінін мойындап отыр. Сондықтан мектептер арасындағы ынтымақтастық, мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, барлық балалардың мүддесі үшін мектептердің «Білім беру желілеріне» бірігуі уақыт өткен сайын маңыз алуда.
Ұлттық мектеп көшбасшылығы колледжі (Англия) үшін 2004 жылы жасалған құжатта «Білім беру желісіне» мынадай анықтама берілген: «Оқушылар жоғары нәтижелерге жету үшін бір мектептің шегінде, болмаса мектептер арасында оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған көптеген іс-қимылдарды жоспарлау, жүзеге асыру және мониторингін жүргізу мақсатында бірігетін мектептер тобы немесе әріптестер».
Англияның білім беру және дағдылар департаменті (DFES) мектептерде барынша жоғары стандарттарға қол жеткізу тәсілі ретінде білім беру желілерін дамытуды қолдайды. (2004). Білім беру желілілеріне тартылған мектептердің жақын арадағы тәжірибесінің негізінде жасалған DFES есептері (2004 және 2006) бірлесіп жұмыс істейтін мектептер мұғалімдердің кәсіптік деңгейін едәуір көтере алатындығын және балаларды барынша табысты оқытуға ықпал ететінін дәлелдеді. Осылайша білім беру стандарттары жаңа деңгейге көтеріледі.
Осы есептерде айтылғандай, білім беру желілеріне біріктірілген мектептерде ынтымақтастық:
мұғалімдердің құзыретін арттырып, оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтетіндігі;
оқыту тәжірибесімен алмасудың тікелей тетігін қамтамасыз ететіндігі;
жеке алынған бір мектеп ұсына алмайтын көптеген мүмкіндіктер ұсынып, олардың икемділігін қамтамасыз ететіндігі;
шығармашылық әлеуетті, тәуекел ету қабілетін және оқыту мен оқу сапасын жақсарту мақсатында пайдалынылатын инновациялық әдістерді дамытатындығы;
оқушылардың аса жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуіне әкелетіндігі байқалады.
Желілерді құру саяси деңгейде де қолдау тауып отыр. Чапман мен Аспиннің (2004) пікірінше: «Желілер саясатты іске асыру үдерісіне қолдау көрсетеді. Егер біз білім берудегі стандарттарды көтеруді жоспарлап отырсақ, онда бізге саясатты тігінен де көлденеңінен де байланыстыруымыз қажет болады. Желі құру осы байланысты орнату тәсілінің бірі болып табылады. Желі ішінде білім беру саласындағы және қоғамдағы әртүрлі бірқатар мүдделі адамдардың өзара іс-қимылдарына, олардың әрекеттеріне және мінез-құлқына реформа енгізетіні мәдени және тұғырлы өзгерістер қолдау табады».
Педагогикалық қауымдастық – бұл желілік құбылыс, кәсіби қызметтеріндегі нақты мәселелерді шешудегі педагогтардың қарым-қатынасы.
Педагогикалық қауымдастық – бұл ашық форма, үздіксіз білімдерін жетілдіруге қабілетті, үнемі құрамы толықтырылып отыратын педагогтардың бірігуі.
Педагогикалық қауымдастықтың мақсаты – кәсіби қарым-қатынас орнату және тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру, педагогтардың шығармашылық қабілетін дамыту, ынтымақтастық ортасын құру, әр мұғалімге арнаулы көмек көрсету.
Педагогикалық қауымдастық қызмет түрлері:
оқыту семинарлары
виртаулды коннференция
байқау
жоба
акция
шебер сынып
түскі семинарлар
онлайнға шығу
вебсайттар
телефон байланыстары
келісім-шарт
электронды хат алмасулар, жарнамалық андатпалар тарату
БАҚ
Желілік педагогикалық қауымдастықтар құру арқылы педагогтардың кәсіби құзырлылығын арттыру мүмкіндіктері мол. Барша оқу-тәрбие үрдісіндегі білім сапасы, тәртіп, ізденушілік, жаңашылдық, креативтілік осы құзырлы педагогтарға барып тоғысады. Бұл қажеттіліктерге толық жауап бере алатын маман ғана бүгінгі әлемдік жаһандану процесіндегі білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін сақтап қала алады. Сондықтан білікті мамандар - бүгінгі күннің ең басты сұранысы болып қала бермек.
Педагогтардың маман ретінде қабілеттілігі мен жетістігі, оның білімінің молдығы ғана емес, жұмыста жинақылығы мен тындырымдылығы, қоғамдық тұрғыда өзгерістер мен жаңалықтар енгізуге әркез әзірлігімен бірге тың шешімдерді қабылдай алуы, нақ осы сәтке қажетті ақпаратты өз бетінше ала білуі және ортада беделділігі, жеке басының жақсы қасиеттеріне де бірден-бір байланысты.
Педагогикалық қауымдастықтардың дамуына қазіргі таңда әлі де болса кедергілер кездесуде. Осы жерде Пажарестің (1992) мұғалімнің білімділігінен гөрі ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деген пікірін құптауға болады. Ю.Конаржевский «Менеджмент және мектепішілік басқару» кітабында «Ұстанымдар жүйесі ашық және оны өмірде игеру, теориялық одан әрі ұғыну барысында басқа ұстанымдармен толығып отырады» дей келе, ұстанымның бірнеше түрін ажыратып көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет