Педагогика пәні, категориялары және міндеттері


Дидактикада сабақтардың жіктемесі



бет15/16
Дата12.05.2023
өлшемі205,02 Kb.
#92746
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Дидактикада сабақтардың жіктемесі: оқушының жаңа білімді хабарлауы, өтілген материалдарды бекіту сабағы, материалдарды қайталау, жүйелеу, қорыту.
69. Сабаққа қойылатын талаптарды үш топқа бөліп қарастырса болады;
Дидактикалық талаптар: сабақтың білім берудегі міндеттерін және оның құрамдас элементтерін нақтылау; пәннің оқу бағдарламасындағы талаптарға сай сабақ мазмұнын анықтау;
Сабақтағы тәрбиелік талаптар: Сабақтың тәрбиелік міндеттерін белгілеу; оқушыларға моральдік қасиеттерді, талғамды қалыптастыруға, оқытуды өмірмен ұштастыруға қамтамассыз етеді;
Сабақтағы ұйымдастырушылық: сабақты жүргізу барысында жоспарды ойластырып құру; сабақты нақты ұйымдастыру, әрбір берілген минутты дұрыс пайдалана білу; оқыту құралдарын тиімді пайдалану;.
70. Мектеп жүйесі екі жүйеден тұрады.
Басқарушы жүйе (Административті қызмет, шаруашылық бөлімдер)
Бастқарылатын жүйе (тәрбие , оқыту, мектептен тыс жұмыстар, қаржы саласындағы жұмыстар атқарылады.
71. Мектептің директорының міндеттері:
Окушылардың окуын , бiлiмiн , тәртiбiн , сабактан тыс , мектептен тыс жұмыстардың мазмұнын және онын дұрыс ұйымдастырылуын қадағалайды .
Окушылардың өзін - өзі басқарудағы іс - әрекетін белсендендіреді .
Окушылардың ата - аналарымен кездесулер ұйымдастырады .
Мектептің оқу - материалдык базасын бекітеді .
Мектепте санитарлық - гигиеналык талаптардын дұрыс орындалуын қадағалайды .
Мектепке кадрларды жұмысқа қабылдайды , жұмыстан шығарады .
Мектеп окытушылары мен баска кызметкерлерді марапатка ( награда ) ұсынады т.б.
Мектеп орындасарының міндеттері:
Оку жұмысын ұйымдастырады .
Оқу бағдарламаларының орындалуын , мұғалімдердің сабақ беру сапасын кадағалайды .
Оку барысында және оқу жұмысының барысындағы оқушылардың тәртiбiне жауап береді .
Окушылардын оку жуктемесін дұрыстап отырады .
Сабак кестесін құрады .
Оку iсi жөнiндегi жұмыс бойынша есеп даярлайды .

72. Басқарудың өзіндік стилі үшке бөлінеді:


1) Авторитарлық – тек басшының айтуы болады, бұл адамның өзімшілдігі мен менменшілдігіне әкеп соғады, кей кезде уақытша шаралар қолданылады.
2) Либералдық басқаруда мақсатты және бірегей жүйенің жоқтығынан талап ете алмаудан болады.
3) Демократиялық – басшының адамдармен бірдей деңгейде өзін ұстауы, қоғамдық ұйымдарғада мұғалімдердің пікірімен алмасуы.

73. Білім беру мазмұнының мәніне оқушылардың ,ғылыми білімінің, дағдысының, дүниетанымдық эстетикалық идеялар жатады.


Білім беру мазмұнының проблемасын зерттеген ғалымдар: И.Лернер, В.Краевский, И.Харламов, Б.Лихачев, М.Скаткин, Ю.Бабанский, Г.Щукина.

74. Нормативтік құжаттарға: мемлекеттік білім беру стандарты (білім беру мазмұнын, оқу жүктемесінің көлемін, талаптарды, оқу жоспарын анықтау), оқу бағдарламалары (жеке пәндердің мазмұны; білім, іскерлік, дағдының деңгейі), оқулықтар (оқу бағдарламасындағы тақырып бойынша оқушының білім-білігін толықтырып жеткізетін басты құжат), типтік оқу жоспары (оқу пәндерінің аттары, сандары) жатады.


75. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен , ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен , мазмұнымен және мақсаттарымен танысу ;


Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсіну және қолдана білу ;
Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп , қолдана білу ;
Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін каждетті дағдыларды қалыптастыру .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет