Педагогика пәні, категориялары және міндеттері



бет16/16
Дата12.05.2023
өлшемі205,02 Kb.
#92746
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Ерекшеліктері: білім беру аясындағы пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатынды «ортақ тақырыптардың» берілуі, пән мазмұнының спиральді қағидатпен берілуі, оқу үдерісі ұзақ мерзімді, оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік – рухани қасиеттерін арттыру және т.б.


76. Жаңартылған оқу бағдарламасының модульдік бағыттары:
1) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2) Білім беруді бағалау және оқуды бағалау.
3) Талантты және дарынды балаларды оқыту.
4) Сыни тұрғыдан тойлауға үйрету.
5) Білім беруде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану жатады.
6) Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру.
7) Білім берудегң басқару және көшбасшылық.



77. Бала дамуының жас кезеңдері мен дара ерекшеліктері, оларға сипаттама және олардың оқу-тәрбие процесіндегі педагогикалық маңызы.

Тұлғаның жас кезеңдері: нәрестелік 1жас,ерекшелігі-эмоциональды қарым-қатынас; сәбилік кезең 1-3 жас,ерекшелігі-сөйлеудің дамуы және көрнекі әрекеттік ойлаудың дамуы; мектептегі жасқа дейінгі кезең-3-7 жас,ерекшелігі-қоғамдық маңызы, қоғам бағалы іс-әрекетке ұмтылу; бастауыш сынып оқушысы-7-14 жас,ерекшелігі-психикалық құбылыстардың ырықтылығы, ішкі әрекет жоспары, рефлекция; жеткіншілік жас 11-15 жас,ерекшелігі-сын көзбен қарау; балғын жастық шақ 15-17 жас,ерекшелігі-оқу процесінде дүниетанымы, кәсіби қызығушылығын, өзіндік санасы, арман, мұраты қалыптасады; Оқу-тәрбие процесіндегі педагогикалық маңызы: жеке тұлғаны қалыптастырып, оны жетілдіру.





78.Біртұтас педагогикалық процестің құралдары, ұйымдастыру формалары мен амал-тәсілдері, оларға сипаттама.

Біртұтас педагогикалық процестің дегеніміз - бұл арнайы ұйымдастырылған мұғалім мен оқушы арасындағы өзара ықпалды қызметті атқаратын, кең мəндегі тəрбиені іске асыруды көздеген біртұтас процесс. Ұйымдастыру формасы 5 кезеңнен тұрады. Құралдары: оқу жоспары, бағдарламалар тұжырымдамалар т.б. Амал-тәсілдері: білім беру, тәрбиелеу, дамыту, әлеуметтендіру.


79. Педагогикалық процесте жеке тұлғаны қалыптастырудың тәрбиелік мазмұны. Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесі, мақсаты, міндеттері мен мазмұны.

Педагогикалық процесте жеке тұлғаны қалыптастырудың маңызы зор. Себебі, ол білім алады, тәрбиеленеді, адамның психикалық іс-әрекетіндегі сандық-сапалық өзгерістер қалыптасады және қоршаған ортаға үйреніп, әлеуметтенеді. Оқушылардың ақыл-ойы жетіледі, оқу барысында міндеттері мен өзінің мақсаты пайда болады. Мәселен, білім алуға деген құштарлықтың болуы; алға ұмтылу және т.б.


80. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың мәні, негізгі жолдары мен құралдары.

Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру оқыту процесінің міндетінің бірі болып табылады. Ол арқылы баланың өмірдегі жақсы мен жаманға көзқарасы қалыптасып, бағыт-бағдары айқындалады. Ғылыми дүниетаным тек қана білімдер арқылы ғана емес, сонымен қатар, дәйекті дәлелдері аз жапған көзқарастарды жеңу нәтижесінде қалыптасады. Қоғамның өзгеруі, қоғамдық және жаратылыс ғылымдарында ашылған жаңалықтар ғылыми дүниетанымды жетілдіреді, толықтырады, нақтыландырады, кейбір көзқарастарды өзгертеді. Баланың дүниетанымы оның сөзі мен ісінен, дүниемен қарым-қатынасынан көрінеді. Сананы, ой мәдениетін, сезімді, қарым-қатынасты бір мезгілде тәрбиелеу және дамыту дүниетанымды қалыптастырады.


81. Қазіргі қоғамда қайта құру процесінде оқушылардың ғылыми дүниетанымын тәрбиелеу мәселесі. Атейістік және діни тәрбие ісі.

Дін- халық тәрбиесінің факторы. Оқушыларға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға уйретеді. Өз дініне деген сүйіспеншілігін, құрметпен қарауға сенімін арттырады. Қоғамды қайта құру жүріп жатқан кезде барша адамды жақсы , ізгілікті қасиеттерге тәрбиелеуде діни ұғымдардағы имандылыққа , негізделген сүрелер мен өсиеттердің , дәстүрлердің ,маңызы бүгінгі ұрпақ пен келешек ұрпақты иманжүзділікке тәрбиелеуде ерекше озық мәнге ие болуда.

Ал, ғылыми-атейістік тәрбиенің көздеген негізгі мақсаты :оқушыларда ақиқат дүниенің объективті заңдары жайындағы бірыңғай көзқарастар жүйесін қалыптастыру.Оның жалпы міндеттеріне: оқушыларды ғылыми атеизм жайындағы білімдермен қаруландыру; дінің пайда болу және өмір сүру объективтік себептерін түсіндіру.
82. Адамгершілік тәрбиесінің мәні, мақсат, міндеттері және мазмұны.

Адамгершілік тәрбие - бұл тәрбиеленушілердің қоғамдық моральдық талаптарына сәйкес, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында мінез- құлқы мен сезімдеріне, түсініктеріне жүйелі және мақсатты түрде әсер ету. Адамгершілік тәрбие - жастардың қоғамға, отбасына, еңсе, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Адамгершілік тәрбиенің негізігі міндеттері: адамгершілік тәрбиені қалыптастыру; адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамыту; адамгершілік тәртіптің білімдерін және дағдыларын шығару; Адамгершілік тәрбиенің мақсаты - жеке адамды дамытудың негізгі бөлігі.


83. Адамгершілік тәрбиесін ұйымдастыру формалары, әдістері мен құралдары.

Адамгершілік тәрбиенің маңызды құралы болып мәдениетте әр кезеңде қалыптасқан өнегелік идеалдардың тарихи дамуы , оның ішінде адам баласы ұмтылған өнегелі тәрбиенің үлгілері. Тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады: адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер; іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер; тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер; мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері. Ұйымдастыру формалары отбасы,отбасындағы тәрбие,қоршаған орта,баланың жас ерекшелігіне байланысты болады.


84. Тұлғаның үйлесімді дамуында эстетикалық тәрбиенің рөлі. Біртұтас педагогикалық процесте эстетикалық тәрбиенің мақсат, міндеттері және мазмұны.

Эстетикалық тәрбие - болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауды және эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту. Яғни, эстетикалық қабылдау,сезім,талғам. Эстетикалық тәрбиенің міндеттері: бейнелеу өнері арқылы көркем шығармашылық сезімін, талғамын дамыту; эстетикалық құралдарды: өнер, әдебиеттерді, қолдана білу дағдысын қалыптастыру; оқушыларды әсемдікті көре біліп, сезінуге тәрбиелеу.


85. Мектепте эстетикалық тәрбиені ұйымдастыру жолдары. Эстетикалық тәрбие мен ұлттық тәрбиенің өзара тығыз байланысы.

Мектептегі эстетикалық тәрбие беру жұмыстары оқу–тәрбие үрдістерімен өте тығыз байланыста жүзеге асады. Оқушылардың оқу әрекетінде эстетикалық тәрбиеге қатысты теориялық білімдер беріліп, түрлі шығармашылық жұмыстар атқарылады. Ол мақсатты және жоспарлы түрде іске асады. Эстетикалық тәрбие мен ұлттық тәрбиенің өзара тығыз байланысы отбасы тәрбие процесінде, ол дейтініміз ұлттық тәрбие болсын, эстетикалық тәрбие де сыныптан тыс тәрбие процесінде іске асырылады.


86. Мектептегі дене тәрбиесінің мәні, мақсаты мен міндеттері және мазмұны.

Дене тәрбиесі - тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Дене тәрбиесінің міндеттері: дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету; қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру; негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту; еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдық меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу; Мақсаты: денсаулықты нығайту және шынықтыру болып табылады.


86. Дене тәрбиесінің түрлері мен әдістері. Дене тәрбиесінде ұлттық ойындардың маңызы.

Дене тәрбиесінің барлық әдістері арнайы және жалпы болып екі топқа бөлінеді. Дене тәрбиесінің арнайы әдістері: а) қатаң шектелген жаттығулар әдістері; ә) ойын әдісі; б) жарыс әдісі. Дене тәрбиесінің жалпы әдістері: а) сөзді қолдану әдістері; ә) көрнекілікті қолдану әдістері.

Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.
88. Жеке тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуында еңбек тәрбиесінің мәні, мақсаты мен міндеттері және мазмұны.

Еңбек адамның күшін ғана дамытып қоймайды,оның ойын дамытып,мінез құлқын қалыптастырады. Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты - жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен мен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады. Еңбекке тәрбиелеудің міндеттері: еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау; оқушыларды халық шаруашылығы салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру;


89. Мектептегі еңбек тәрбиесі мен кәсіптік бағдар берудің мәні, мақсаты мен міндеттері, мазмұны.

Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы, оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады.Тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Кәсіптік бағдар беру дегеніміз - қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмысы. Негізгі мақсаты - балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік психологиялық жағдайын талдау негізінде жоғары сынып оқушыларының назарына кәсіптік топтар мен мамандықтарды ұсыну. Сонымен қатар тұлғаны жан-жақты, үйлесімді дамыту - білімділікті, тәрбиелікті, жалпы және кәсіби дамуды білдіреді. Мектепте бастауыш сыныптардан бастап баланың бейімін анықтау үшін түрлі сауалнамалар, тесттер алынып, диагностикалық картамен жұмыстар жасалады. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері: оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру; кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту; мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауға жан- жақты ақыл кеңес, бағыт бағдар беру; оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.
90. Тұлғаны қалыптастыруда құқықтық тәрбиенің маңызы. Құқықтық тәрбиенің міндеттері мен мазмұны.

Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Оқушы жастарға құқықтық білім беріп, олардың жеке тұлғасын қалыптастыруда метептегі құқықтық тәрбиенің мақсаты: өскелең жас ұрпақты қоғамның заңдары мен нормаларын бұлжытпай орындау және оларды сыйлау рухында тәрбиелеу; мемлекет пен қоғам ісіне саналы түрде белсенділікпен қатысып, өз Отанын қорғауға әрқашанда дайын болға жаттықтыру; өз елінің материалдық және рухани байлығын сақтап, оны молайтуға қабілетті, іскер адамдарды тәрбиелеу. Міндеттері: оқушыларға мемлекет, мемлекеттік құрылым және құқық, құқықтық нормалар жайында жан-жақты білімдерді меңгерту; оқушыларға мемлекет, мемлекеттік құрылым және құқық, құқықтық нормалар жайында жан-жақты білімдерді меңгерту; жеткіншектердің мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын заң талаптарына сай қалыптастырып, адамгершілікті әдет-дағдыға тәрбиелеу.


91. Құқықтық тәрбиенің формалары мен әдістері. Мектеп жасындағы жастардың құқық нормаларын бұзу факторлары.

Республика мектептерінде құқықтық тәрбиенің, кейбір формаларын атауға болады. Олар: құқықтық лекториялар, кинолекториялар, жасөспірімдердің заң тану мектебі, құқықтық білім клубтары т.б. Құқықтық тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді: Сөздік ақпараттық әдістері: дәріс, әңгіме, әңгімелесу, өнеге, түсіндіру, дәлелдеу, насихаттау, бекерге шығару. Ұқтыру, машықтандыру әдістері: үйрету, тапсырма, жаттықтыру, талап. Ынталандыру және тежелуәдістері тобы: ынталандыру әдістепрі, тежелу әдістері (жазалаудық түрлері).



Мектеп жасындағы жастардың құқық нормаларын бұзу факторлары: балалардың мінез-құлқының нормадан, шамадан ауытқуы; отбасы жағдайы; ересектерге електеуі; отбасының ынтымағының бұзылуы; отбасындағы қайсібір мүшелерінің ұнамсыз әрекеттері болып табылады.

93. Оқушының қоғамдық санасы – айналадағы құбылыстарға мән беріп қарауы , қабылдауы , өңдеуі , оларға баға беруі . Өзінің ақылы көмегімен саналы әрекет жасауы, өзін көрсете білуі, қоғамның мүшесі ретінде қоғам мен адам алдындағы жауапкершілігін сезінуін жатқызамыз. Оқушының мінез-құлқы мен іс-әрекетін ынталандыру әдістері: мадақтау , жазалау, мақтау , жарыс . Бұл 3-топ әдістеріне жатады, яғни оқушының қылықтары мен іс-әрекеттерін қуаттау не айыптау , жақсы тұсын мақтау , даман тұсын тежеу үшін қолданылады. Мадақтау – оқушылардың тәртібін , мінез-құлқын бағалап және көтермелеп отыруда педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы. Жазалау – педагогикалық ықпал етудің бір жолы. Баланың теріс қылығын түсіндіру , ұжым алдындағы кінәсін ұғындыру, істеген ісіне қынжылту мақсатын көздейді.
94. Отбасы тәрбиесі - ата-аналар мен үлкендердің , туыстарлың ықпалымен жүзеге асатын тәрбие мен білім беру жүйесі. Отбасы бала тұлғасын қалыптастыруда басқа ешбір жерде қалыптаспайтын қасиеттерді қалыптастырса , мектеп өз кезегінде баланың қабілетін шыңдауға , дұрыс бағыт-бағдар беруде үлкен маңызға ие . Мұғалім мен оқушының өзара белсенді іс-әрекеттері көрініс алатын киелі орын. Мектеп мен отбасының өзара әрекеттестігі : баланың бойында адамгершілік, патриоттық сезімдерді шыңдау , жаман әдеттерден бойды аулақ ұстау керектігін талап ету , қоғаммен арақатынасты дұрыс орнықтыра білуге көмектесу, білім алуға жігерлендіру , сегіз қырлы бір сырлы азамат етіп тәрбиелеу.
95. Нормативтік құжаттар: Мемлекеттік білім беру стандарты, типтік оқу жоспары , оқу бағдарламалары, оқулықтар.
Білім беру стандарты : білім беру мазмұнын, оқу жүктемесінің көлемін, оқушыларлың даярлығына қойылатын талаптарды, типтік оқу жоспарын анықтайды.
Типтік оқу жоспары : оқу пәндерінің аттары, сағат сандары қарастырылады. Әр оқу орны өзінің оқу жоспарын жасайды.
Оқу бағдарламасы : жеке пәндердің мазмұны, білім , іскерлік дағдының деңгейі , жыл бойы меңгерілетін білімнің бірізділігі белгіленеді.
Оқулық – оқу бағдарламасындағы тақырып бойынша оқушының білім-білігін толықтырып, жетілдіретін басты құжат. Мақсаты :оқушының сол пәнге деген қызығушылығын арттыру, өздігімен ізденуге талпындыру.
96. Педагогикалық технология - формалардың, әдістердің, әдістердің, оқыту әдістерінің, тәрбиелік құралдардың арнайы жиынтығы мен орналасуын анықтайтын психологиялық -педагогикалық қатынастардың жиынтығы; бұл педагогикалық процестің ұйымдастырушылық -әдістемелік құралы (Б.Т. Лихачев). Әдіснамадан ерекшелігі - педагогикалық технология оқытудың ең ұтымды жолдарын зерттейтін ғылым ретінде қызмет етеді , ал әдіснама алынған білімдерді тәрбие , оқыту , білім беру практикасында ендіру болып табылады.
97. Жаңа технологияларды пайдалану, сыни тұрғыда оқыту т.б. бүгінгі мектеп үрдісінде маңызды орын алады. Инновация дегеніміз – дәстүрлі және көпшілік тәжірибеден өзгеше, білім беру ісіне жаңа тұрпатты көзқарас пен қатынас. Инновациялық оқыту - оқушылардың жаңа жағдайларда бірлесе әрекет жасау қабілетін дамытатын, білімді игерудің нақты нәтижеге бағытталған оқыту түрі болып табылады. инновациялық технология базалық білім қалыптастыратын (ұғым, ереже, факт, заңдылықтар), репродуктивті таным қызметін қажет ететін, күрделілігі төмен тапсырмалардан күрделілігі орташа, жоғары тапсырмаларды орындау арқылы іске асырылады.
98. Қазақстан мектептерінде профессор Ж.А.Қараев, Ж.У.Кобдикованың деңгейлеп саралап оқыту технологиясы бойынша ғылыми-әдістемелік зерттеулері оқушылардың білім сапасын арттыруға мүмкіндіктер тұғызып отыр. Ғалымдардың ұсынып отырған деңгейлеп саралап оқыту технологиясы оқу процесінің құрылымына, дидактикалық құралдарға қойылатын жалпы технологиялық талаптардың орындалуын қажет етеді. Оқушылар алдын-ала қабілет деңгейлеріне қарай шағын топқа бөлінбейді. Деңгейлік тапсырмалар орындалу барысында оқушылар өздері-ақ сараланады.
99. Жаңашыл педагогтардың ғылыми-теориялық және әдістемелік ізденісі. Теория мен практиканы өзара кіріктіре отырып жүргізуде жаңашыл мұғалімдер Ш.А.Амонашивили, В.Ф.Шаталов, С.Н.Лысенкова, И.П.Волков, И.П.Иванов, т.б. іргелі педагогикалық мәселелерді шеше білді.
Ш.А.Амонашивили мектеп практикасында алты жасар балалармен жұмыс істеудің мазмұны мен ұстанымдарын ғылыми негіздеп тексерді. “Мектепке алты жастан“ атты еңбегінде алты жасар баланың бойында болатын қасиеттерді саралап көрсетті.
Т.И.Гончарованың әдістемесі тарихи материалдар негізінде жастардың өзін-өзі және бүгінгі күнді танып-білуіне көмектесу мәселесін көтереді.
В.Ф.Шаталов педагогикадағы ең қиын міндеттердің бірін - әр оқушыны күнделікті қажырлы ой еңбегіне қатыстыру, жеке бастың сапасы ретінде танымдық дербестікті тәрбиелеу, әр оқушының өзіндік адамгершілік сезімін, өзінің күш жігері мен қабілетіне деген сенімділігін нығайту мәселелерін ойдағыдай шешу жолдарын ұсынды.
С.Н.Лысенкова балаларды оқытудың, оқу-таным қызметін өздігінен реттеудің тәсілдерін ұсынумен бірге төменгі сынып оқушыларының оқу әрекетін басқарудың пәрменді жүйесін жасады.
И.П.Волков төменгі сынып оқушыларымен шығармашылық сабақтарды өткізу барысында оқу материалдарының мазмұны мен оқу процесінің құрылымы айырықша көңіл бөлуді талап етеді, оқу үрдісін оқу мазмұнына сай құра білу балалардың талабы мен қабілетін анықтап, мақсатты түрде дамытуға көмектеседі, әр істегі шығармашылықтың алғы шарты болып табылатын сапаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді дегенді айтады.
И.П.Ивановтың ұжымдық шығармашылық тәрбие әдістемесі А.С.Макаренконың идеяларын қазіргі жағдайларға сай дамытып, ұжымшылдықты қалыптастырудың, сол кездегі пионер және комсомол ұйымдарындағы оқушылардың өмірін жетілдірудің, балалардың қоғамдық игілікке деген жекелей және ұжымдық қамқорлықтарын арттырудың жолдарын көрсетеді
100. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау жаңартылған білім беру мазмұнымен бірге қатар жүргізілуде. Білім беру процесінің тиімді болуы оқытушының кәсіби деңгейіне , шеберлігіне , сонымен қатар педагогикалық технология мен техникаларды меңгеруіне байланысты. Қазіргі заман педагогтары үнемі ізденіс, шығармашылық даму үстінде жүруі тиіс. Тәрбие мен білімді қатар меңгертетін ұстаздың білім біліктілігі шыңдалып , көпке үлгі болуы шарт.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет