Педагогика пәні, категориялары және міндеттері



бет2/16
Дата12.05.2023
өлшемі205,02 Kb.
#92746
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Реформалық педагогика – дәстүрлі педагогикаға альтернативті ағым. Яғни , бұл ағым бұрыңғы тәрбие теориясын қолдамай , бала тұлғасының даму жолын ескере отырып , тәрбие проблемасын жаңа тұрғыда шешеді . Өкілдері : Георг Кершенштейнер және Джон Дьюи . Олар еңбек арқылы оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне ерекше назар аударды .
Эксперименталдық педагогика – лабораториялық бақылау негізінде педагогикалық принципке негізделген тұлғаның өздігімен даму жолын ұсынады . Сонымен қатар , педагогикалық проблемаларды жасауда , бала психологиясы мен физиологиясына ерекше мән береді .Эксперименталдық педагогикамен айналысқан ғалымдардың қатарына : Эрнст Мейман , Уильям Килпатрик , Жан Декроли , Альфред Бине , Эдуард Клапаред және тағы басқалары кіреді .

  1. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап білім беру жүйесінде бірқатар маңызды өзгерістер пайда болады . Мысалы , ақысыз білім берудің мерзімі ұзартылады ,орта кәсіби техникалық білім беру дамиды, жеке меншік білім беру жүйесі сақталады, бастауыш пен толық орта мектептің аралық сатылары нақтыланады . Бастауыш пен толық орта білімді бітіргендер үш оқу бөліміне ауыстырылады : жалпы білім беретін толық мектеп , орта мектеп және кәсіби оқу мекемелері . Сонымен қатар , XX ғасырдың соңына қарай дамыған мемлекеттерде толмаған оқу мекемелері ашыла бастайды . Мысалы , Англияда біріккен мектептер , Германияда жалпы мектептер , ал Францияда бірыңғай колледждер құрылады .

  2. Ресейдегі білім беру жүйесі : 1) Мектепке дейінгі білім беру 2) Бастауыш білім беру 3) .Толмаған орта білім беру (оқу мерзімі 5 жыл техникум, колледждерге түседі) 4 ) Толық орта білім беру (9 жылдықты бітіргендер – колледж, техникумдарға, 11 бітіргендер – жоғары оқу орындарына түсуге құқылы)

Жоғары білім беру (университеттер, институттар, академияларда, бакалавр, магистрлар, phD доктор, ғылым кандидаттары мен докторларын даярлайды)
Бакалавриат – 4 жыл
Магистратура – 1,2 жыл
phD докторантура – 3 жыл
Аспирантура – 3 жыл Докторантура – 3 жыл



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет