Педагогика пәні, категориялары және міндеттері


Тәрбие процесінің құрылымы



бет7/16
Дата12.05.2023
өлшемі205,02 Kb.
#92746
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Тәрбие процесінің құрылымы:

  1. Ағарту ісі (әңгіме, лекция, конференция т.б.);

  2. Қарым-қатынасты қалыптастыру (микроклимат, қатынас мәнері т.б.);

  3. Іс-әрекетті ұйымдастыру (дербес шығармашылық, ұжымдық жұмыстар т.б.)

42. Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің тұлға қалыптастырудағы маңызы
Тәрбие процесiнде тұлғаның кiсiлiк қасиеттерiн қалыптастыруда ықпал ететiн факторлар жүйесiнде өзiн-өзi тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің орны ерекше. Өзін-өзі тәрбиелеу жеткіншектерге өзін-өзі жақсырақ тануға, өз мүмкіндіктерін толығырақ ашуға, жеке-дара шығармашылық қабілеттерін шыңдап, қалыптастыруға көмектеседі. Өзiн-өзi тәрбиелеу – өзiңдi-өзiң саналы, жоспарлы, жүйелi түрде қолға алу деп түсіндiруге болады. Ол жеке тұлғаның өзiне қоятын талаптар жүйесiн қамтиды, өз кезегiнде бұлар қоғамның талаптарына тәуелдi болып келедi. Мұндай өзара қатынас, тәрбие жұмысының мақсатын нәтижелi етiп ұйымдастыруда тәрбиешiлер мен тәрбиеленушiлердiң әрекетiн жандандырады, тұлғаның саналы әрекетi мен белсендiлiгiн, құштарлығын дамытады. Қайта тәрбиелеудiң мәнiсi баланың мiнез-құлқында бұрыннан қалыптасқан жағымсыз, зиянды дағдылар мен әдеттердi түзету, кемшiлiктердi жоюды көздейдi.
43. Тәрбие салалары, заңдылықтары мен принциптері, тұлға дамытудағы мәні
Тәрбие процесiнiң негiзiне тұлғаның табиғатын, әлеуметтiк мәнiн, қоғамдық өмiрдiң объективтiк қажеттiлiгiн бiлдiретiн заңдылықтар жатады. Тәбие заңдылықтарына: 1) баланың үнемі жетiлуi, даму жағдайында болуы, бұл – табиғи заңдылық; 2) баланың өзiнiң түрлі әрекетiнсiз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым-қатынасынан тыс тәрбие әрекеті болмайды; 3) тәрбие мен дамудың бiрлiгi және өзара байланыстылығы; 4) тәрбие мен өзiн-өзi тәрбиелеудiң бiрлiгi және өзара байланыстылығы; 5) тәрбиеде бiрыңғай дайын рецептiң болмауы және оны қолдану мүмкін еместiгi; 6) қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмiр сүріп отырған әрбiр жеке адамның күш-қуаты мен өмiрлiк позициясына тәуелдi екендiгiнде, сондықтан да тұлға тәрбиесi, бұл – заңды құбылыс.
Тәрбие принциптерi деп тәрбие процесiнде оның мазмұнын, ұйымдастыру тәсiлдерi мен формаларын жүзеге асыруда тәрбиешiлердiң пайдаланатын басты тәрбие идеяларының жиынтығын айтамыз. Педагогика тарихының дамуында тәрбие принциптерiнiң төмендегiдей жүйесi қалыптасқан:  тәрбиенiң мақсаттылығы;  тәрбиенiң өмiрмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланыстылығы;  еңбек арқылы тәрбиелеу;  жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей бiлудiң бiрлiгi;  балалардың жас және дара ерекшелiктерiн есепке алу;  тәрбиенiң жүйелiлiгi, бiрiздiлiгi және үздіксiздiгiн қамтамасыз ету;  жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу;  тәрбие процесiнде мектеп, отбасы, жұртшылық әрекетiнiң бiрлiгi болуы;
44. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастырудағы мектеп жұмысының негізгі бағыттары, мазмұны және формалары.
Өзiн-өзi тәрбиелеудi ұйымдастыру тәсiлдерi: 1. Тұлғаның мәдени ой-өрiсiн кеңейтуде көркем-әдеби шығармаларын оқуы. 2. Мәдени ошақтарға үзбей баруы /кино, театр, мұражай, көрме, т.б./. 3. Соғыс және еңбек ардагерлерiмен, өндiрiс озаттарымен, өнер қайраткерлерiмен қызықты кездесулерге қатысуы. 4. Дене шынықтыру, спорт ойындарымен айналысуы. 5. Қоғамдық тапсырмаларды орындауы. 6. Арнайы күнделiк дәптерiн жүргізуi. 7. Өз мiнез-құлқына баға беруi. 8. Өзiнiң алдына нақтылы мiндеттер қойып отыруы. 9. Ұстаздар тарапынан тұлғаның мiнез-құлқына, атқарған iстерiнiң нәтижесiне бақылау-басшылық жасауы, ақыл-кеңес беруi, бағалауы, кемшiлiктi жоюдың жолын көрсетiп отыруы, т.б. 10. Ұжымда өзiндiк есеп беруi.
45. «Өзін-өзі тәрбиелеу», «қайта тәрбмелеу» ұғымдарының түсінігі, мақсаты, амал-жолдары
Өзiн-өзi тәрбиелеу – өзiңдi-өзiң саналы, жоспарлы, жүйелi түрде қолға алу деп түсіндiруге болады. Ол жеке тұлғаның өзiне қоятын талаптар жүйесiн қамтиды, өз кезегiнде бұлар қоғамның талаптарына тәуелдi болып келедi. Мұндай өзара қатынас, тәрбие жұмысының мақсатын нәтижелi етiп ұйымдастыруда тәрбиешiлер мен тәрбиеленушiлердiң әрекетiн жандандырады, тұлғаның саналы әрекетi мен белсендiлiгiн, құштарлығын дамытады. Мұндағы көздейтiн негiзгi мақсат – тәрбиенiң мiндеттерiне сай атқарылатын жұмыстар тұлғаның өзiн-өзi тәрбиелеудегi мiндеттерiмен ұштастыра жүргізу. Осындай жұмыстардың негiзiнде жалпы тәрбиелiк мақсат пен мiндеттер өз нәтижесiн бередi. Өзiн-өзi тәрбиелеудiң жолдары мынандай: 1. Тұлғаның өзiн-өзi сендiруi; 2. Өзiн-өзi бақылауы; 3. Өзiн-өзi сынауы, т.б.
Тәрбие процесiнде тәрбиелеу, өзiн-өзi тәрбиелеумен қатар тұлғаны қайта тәрбиелеу жұмыстарыныңда атқарылатын кездерi аз емес. Мұндай жағдай кейбiр жасөспiрiмдердiң мiнез-құлқында кездесетiн қоғамға жат қылықтары, соның негiзiнде өзiне жүктелген мiндеттердi орындамау, тәртiп бұзу, жолдастарынан оқшаулау көрiнуге тырысу немесе ұжымда жат қылықтары жағынан жетекшi болуға ұмтылуы және отбасында үлкендердiң тiлiн алмауы, өтiрiк айтуы, т.б. жағымсыз қасиеттерге бейiм болуы негiзiнде пайда болады. Қайта тәрбиелеудiң мәнiсi баланың мiнез-құлқында бұрыннан қалыптасқан жағымсыз, зиянды дағдылар мен әдеттердi түзету, кемшiлiктердi жоюды көздейдi. Қайта тәрбиелеу жұмыстарын нәтижелi ұйымдастыруда төмендегiдей жағдайларды ескеру қажет деп есептеймiз: 1) балаға әсер ететiн қолайсыз жағдайлардың себебiн анықтау, оларды болдырмаудың жолын iздестiру; 2) баланың мiнез-құлқында кездесетiн жат қылықтарын зерттеп тану; 3) баланың жеке басында кездесетiн жағымды қасиеттердi анықтап, соған сүйене отыра әр түрлі әрекеттерiн ұйымдастыру, жақсы қасиеттерiн дамыту; 4) қоғамдық пайдалы жұмыстарға араластыру, қызықты iстерге қатыстыру; 5) ұстаздар мен ата-аналар тарапынан бақылауды күшейту; 6) баланың сенiмi мен нанымын қалыптастыру, ол үшін оған жағдай туғызу, оған сенiм арту;

46.Тәрбиенің әдістері:


Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің өте күрделі компоненті. Себебі, тәрбие әдістері қазіргі қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайындағы сан – салалы өмір талаптарына байланысты болуы тиіс. Сонымен қатар тәрбие әдістері жан – жақты тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, тәрбие жұмысының мазмұнына сай анықталады.
1.Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері: -түсіндіру
-әңгімелеу
-үлгі-өнеге
-лекция
І-ші топтағы әдістерді көптеген ғалымдар сендіру әдістері деп те атайды.

2.Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру және мінез-құлықты қалыптастыру әдістері: -үйрету


-жаттығу
-тапсырма
-қоғамдық көзқарас тәрбиелеушілік ситуациялар туғызу
ІІ топ әдістерінің ерекшелігі – жеке адамның қалыптасуы нақты іс-әрекет арқылы жүзеге асады.
3.Оқушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін ынталандыру әдістері: -мадақтау
-жазалау
-мақтау
-жарыс
ІІІ топ әдістері – мектеп оқушыларының қылықтары мен іс-әрекеттерін қуаттау немесе айыптау, олардың жағымды қылықтарын мақтау, ал теріс қылықтарын тежеу мақсатында қолданылады.
4.Оқушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін бақылау, өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді жүзеге асыру әдістері: -педагогикалық бақылау
-әңгімелесу
-сұрақ-жауап (анкета)
-шығарма жазу
-тексеру
IV-топтағы әдістер – (педагогикалық байқау, тәрбиелілікті анықтауға арналған) тәрбие жұмысы нәтижесінің көрсеткіші болып табылады.

47.



Тәрбие құрал – жабдықтары қандай да тәрбие мақсатын іске асыру үшін іріктеледі. Мұндай да таңдау тәрбие әдісіне орайлас орындалады. Құралдар өмір құбылыстарын көз алдына келтіреді, тәрбииеленушілердің белсенділігін көтереді, материалды – техникалық тұрғыдан қамсыздандырады, психология-лық көңіл – күй шуағын береді, іс - әрекет сайманы ретінде қолданылады, қандай да қызметтің астарлы рәмізін айқындай түседі, т.с.с.Тәрбие жұмысының мақсаты әртүрлі құралдардың көмегі арқылы шешімін табады және көптеген факторларға байланысты болады: нақты педагогикалық ситуацияға, нақты оқытушымен тәрбиешіге, балаға, тәрбие мазмұнына т.б.
Тәрбиенің негізгі құралдарына:
1. Педагогикалық амал-жолдар
2. Ойын
3.Өнер
4.Адамдармен қарым-қатынас
5.Ұжым
6.Еңбек
48. Тәрбие формасы – тәрбие процесі мен оқушылардың ұжымдық, жекеленген іс-әрекетін мақсатты түрде ұйымдастыру жолдары. «Тәрбиелік іс-шара, тәрбиенің ұйымдасқан формалары» деген термин де қолданылады.
Педагогикалық әдебиетте тәрбие жұмысының формасы бойынша ұсынылған бірегей жіктеме жоқ.
Алайда тәрбие процесіне қатысатын оқушылардың санына қарай жиі қолданылатын тәрбиенің ұйымдасқан формасының мынадай жіктемесі көпшілікке танымал:
бұқаралық формасы (бүкіл сыныптың қатысуы);
топтық (ұжымдық);
дербес (жеке).
Тәрбие жұмысының формалары іс-әрекеті бағытына қарай да ұйымдастырылады. Мысалы, оқушылардың танымдық-дамытушылық іс-әрекетін ұйымдастыру үшін мынадай формалар ыңғайлы:
Викторина Біліми конференциялар
Іскерлік ойындар
Арманшылдар конкурсы
Білім аукционы Жобалар конкурсы
Тапқыштар конкурсы
49. Ұжым дегеніміз- адамдардың жай ғана жиынтығы, немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге ұмтылушылардың тобы
А.С. Макаренко тұлғаны ұжымда қалыптастырудың біртұтас жүйесін жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет